kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д?ниетану п?ні "Отбасы м?шелері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасы м?шелеріні? ?зара ?арым-?атынасы туралы,отбасы ынтыма?тасты?ы туралы т?сініктер бере отырып,бауырмал,инабатты болу?а ?йрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д?ниетану п?ні "Отбасы м?шелері"»



Бекітемін:

С.С.Давлеткалиева

4 «б» сынып Мұғалімі: Ж.Б.Жайманова күні:

Сабақ тақырыбы


Отбасы мүшелері

Жалпы мақсаты


Отбасы тақырыбының мағынасын өздері ашып, мәтінді өздігінен оқып,топ болып идеясын ашып жұмыс істей алуға дағдыландыру; отбасының мүшелерін қадірлеу; құқығы мен міндеттерін білу және туысына қамқор болуға баулу.

Күтілетін нәтижелер


Отбасы тақырыбының мағынасын өздері ашып, мәтінді өздігінен оқып түсінеді,топ болып тақырып идеясын ашып жұмыс істей алуға дағдыланады; отбасының мүшелерін қадірлейді; құқығы мен міндеттерін біліп,туысына қамқор болады..

Сабақ түрі


Топтық жұмыс, жеке жұмыс.

Керекті жабдықтар

Дүниетану оқулығы, интерактивті тақта, суреттер, үнтаспа


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе











Топтарға бөліну




Психологиялық ахуалды қалыптастыру Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді

Болып кетер сонда дереу жан жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

Түрлі суреттер беріледі:

Қимылдайды, сабаққа деген қызығушылықтары артады. Көңілдері көтеріледі.







Суреттер бойынша топтарға бөлінеді.

Тұсаукесер






Ой қозғау.

Жұмбақ жасыру.
Маған да, саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? /апа, ата, ана, іні, аға./

Жұмбақ отбасы туралы
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата)
4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
5. Ұлдардың кішісі (іні)


Жұмбаққа ойланып жауап береді.

Үш әріптен тұратын туыстарын атайды







Серіппелі сұрақтарға жауап береді.

Негізгі

бөлім



- Балалар, байқадыңдар ма жұмбағымыз отбасы, туыс туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Отбасы мүшелері » деп аталады.
- Отбасы дегеніміз не? (Оқушылар сызбаны толтырады.)
- Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.
Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР - ның Ата Заңының 27 - бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.
• Отбасын жанұя, шаңырақ деп атайды.
• Отбасы деген сөздің өзі отбасы ошақ қасы деген мағынаны білдіреді.
• Отбасы екіге бөлінеді шағын және үлкен
• Шағын отбасы ол анасы мен әкесі бала-шағасымен тұрады.
• Үлкен отбасы ол атасы мен әжесімен тұратын
Отбасы - әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ.

3.« Мен ата - анаммен мақтанамын!» атты слайдтар мен фотосуреттер
- Ал енді әркім өздері дайындаған отбасы жайлы материалдарымен таныстырып өз отбасы жайлы айтады.
Оқулықпен жұмыс.
Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР - ның Ата Заңының 27 - бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.
* Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір – бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.


Топпен жұмыстанады. Балалар өз ойларын ашып айтып, ойларын дәлелдейді. Топтастырып жазады








Отбасы жайлы ҚР атазаңында жазылған міндеттерге тоқталады








Кестені толтырады


Кітаптағы мәтінді оқып, танысады.

Қорытынды




Отбасына арналған өлең - жырлар оқылады.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!
Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана - шуақ шашатын таң екенсің.
- "Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек" – деп отбасына арналған жыр шумақтарын оқиық.

Ойын «Бәйге». Әр топ сұрақтарға тез жауап береді, жалаушалар -
мен бағаланады.
- Отбасындағы баланың міндеті қандай?
- Отбасы қоры қалай жиналады?
- Туған - туыспен қарым - қатынас деген не?
- Жер бетіндегі ең қымбат адам кім?
- Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
- «Отбасының басшысы» кім болады?
- Нағашы жұрт деген кім?
- Атаң мен әжеге сен кім боласың?
- Үлкенді сыйласаң -... /қадірлі боларсың/
Кішіні сыйласаң -... /құрметті боларсың/.
- Татулық табылмас -.../бақыт/.
Жеке жұмыс. Эссе жазу. Тақырыптары:
а/ Ата, әже – асыл жандар.
ә/ Әке – отбасының қамқоршысы.
б/ Ана – отбасының құт - берекесі.
в/ Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.
9/ Ата - ананың балаға айтар тілегі. Балалар:«Рахмет!»
III. Ой толғаныс.

Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік? Тірек үлгі.
Н. Ә. Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп тұрады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады».
Ойын. Таңғажайып алаң
1. Отбасының қорғаны кім? Әке
2. Бір шаңырақ астында отбасынан сөзін қалай түсінесің?
3. Ұрлық түбі қорлық
4. Тәрбие отбасынан басталады.
5. Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.
6. Сыйласаң, сыйлы боласың.
7. Өнер алды – бірлік,
Ырыс алды – тірлік.
8. Оқушының міндеттерін ата. Білім алу, кішіге көмек, мектеп формасын сақтау, мектеп мүлкін дұрыс қолдану.
9. Оқушының құқықтарын ата. Білім алуға, демалуға, денсаулықты сақтауға, қоғамдық жұмыстарға араласу.


Ата, әже, әке, ана туралы тақпақтар айтады















Ойланады, ойын қорытады.






Бағалау

Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.
Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат - міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым - қатынастары біріктірілген адамдар тобы.
Өз ойын жақсы жеткізе білген оқушылар бағаланады.

Балалар бағдаршам арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма

Тақырыпты оқып, әр бөлімбойынша сұрақ дайындаужәне «Менің отбасым» тақырыбына эссе жазу

Күнделіктерін ашып үй тапсырмаларын жазып алды.

Рефлексия


«Бір ауыз сөз» әдісі бойынша

оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып,оны тақтаға жапсырады


Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала жазып қойған дұрыс): ұнады, қажет, пайдалы,білдім,үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, т.б.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Д?ниетану п?ні "Отбасы м?шелері"

Автор: Жайманова Жазира Бакыткайровна

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 326029


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства