kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д?ниетану. ?сімдікке ауа, жылу ж?не жары? керек

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок по познанию мира для учеников 2 класса.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д?ниетану. ?сімдікке ауа, жылу ж?не жары? керек»

Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек

Сабақ мақсаты:

Білімділік:

Өсімдіктердің маңызды мүшелерін айта отырып, өсімдікке жақсы өсу үшін қажетті жағдайлар туралы мағлұмат беру;
Дамытушылық:

Оқуға деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен өзін қызықтырған сұрақтарға жауап таба білуді, дүниеге деген көзқарасын, дүниетанымын арттыру.

Тәрбиелік:

Оқушыларды табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, ойын, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ребус

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:
- Терең дем алайық, жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдер
- Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, сүйіспеншілік әкеледі.
- Керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі!
- Түрлі-түсті күлтелері құлпырып тұр.
- Бұл сендердің аталарың, әжелерің, әкелерің, аналарың. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек – сендер.
- Бұл жай гүл емес, ол - сүйіспеншілік гүлі - табиғаттың бір бөлігі.
- Ендеше дүниетану сабағынан табиғаттың бөлігін оқып, үйренуді жалғастырайық.
- Биылғы жылы еліміздің егемендік алғанына 23 жыл толуына байланысты
елімізді көгалдандыру мақсатында «Жасыл ел» бағдарламасын жалғастырайық.
- Балалар сабақтағы көңіл-күйлерің қандай?
-Біз дүниетану сабағында жасыл түсті таңдадық, себебі мақсатымыз: «Өсімдік әлемін қорғау. Адамзаттың денсаулығын нығайту».
- Олай болса, еліміздің қалаларын гүлдендіруге ат салысайық. Ол үшін
өсімдік туралы қаншалықты білетінімізді өткен тақырыпты сұрау арқылы тексерейік.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушыларды үш топқа бөлу. Ребус шешу арқылы топтарының атын табу. Әр тапсырма орындалған сайын жұлдызша таратып отырамын.

«Күн көзін бұлт баспасын!»

(бұлттардың тапсырмаларын орындап, күннің көзін ашу)

1-топқа:

1. «Тыңайту» дегеніміз не?

2. Мәдени өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?

3. Май алатын өсімдіктерді ата.



2-топқа:

1. Өсімдіктің бойында судың барын қалай білуге болады?

2. Жапырақтың атқаратын қызметі туралы айт.

3. Сабақтың атқаратын қызметін айт.

3-топқа:

1. Өсімдіктің тірі ағза екенін дәлелде.

2. Тамырдың атқаратын қызметі туралы айт.

3. Ауаның, судың қасиеті туралы не білесің?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Өсімдіктің өсуіне ауа қажет. Өсімдік тыныс алады. Тұқымды топыраққа себуден бұрын, топырақты қопсытып, босатады. Себебі тұқым да ауасыз өсе алмайды. Өсімдік өскен кезде тыныс алуға оның жапырағы, тамыры, сабағы қатысады.

Өсімдік – жарық – су – ауа – жылу

Суретпен жұмыс

Көктем                              Жаз                              Күз                          Қыс       

Күн сәулесі жер           Күн сәулесі жерді      Күн сәулесінің     Күн суытады.

бетін жылытады.         көбірек қыздырады.   жылуы азаяды.    Өсімдіктердің

Бұл мезгілде                Жемістер пісіп-   Өсімдіктердің        өсу мерзімі

өсімдік тіршілігі          жетіледі.                      қоректенуі баяулап, тоқтайды.

басталады.                                                 жапырақтары

сарғайып түседі.


ІV. Сергіту сәті:

«Бейнеге кіру» ойыны
Жансыз заттардың, өсімдіктердің орындарында өздері қалай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну.
Мен – гүлмін (жылумын)
Мен – жапырақпын (сумын)
Мен – сабақпын (ауамын)
Мен – тамырмын (жарықпын)
Мен – гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған су, ауа, жарық қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің хош иісім жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық жасамаймын.






V. Сабақты бекіту:

Тапсырма: «Өсімдік тіршілігі» атты сызба құрастыру. (2-3минут)

                           

                                                  Ауа       топырақ

                                                      |                  |

                                                       өсімдік тіршілігі

                                                     |         |          |

                                              жарық       жылу       су


Шығармашылық жұмыс:

1-топ: «Табиғатты аялайық» сурет салу, қорғау
2-топ: «Жасыл ел» сурет салу, қорғау
3-топ: «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» сурет салу, қорғау.
VІ. Қорытындылау:
Ойын. Табиғаттан нені үйрендім? Тақтада бейнелеу
- Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді салу)
- Мен судан тазалықты үйрендім (суды салу)
- Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім (гүлді салу)
- Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағаштың суреті)
- Мен табиғаттан қайырымдылықты үйрендім (құсты бейнелеу)
- Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті бейнелеу)
- Міне балалар, білімдеріңмен еліміздің бірнеше жерлерін гүлдендірдіңдер.
Ең көп еңбек сіңірген топты атау, бағалау.
Үйге тапсырма: «Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек» тақырыбын түсініп оқып келу.

                                              



















«Қаражантақ» жалпы орта мектебі



Ашық сабақ:


Тақырыбы:












2«а» сынып жетекшісі: А.Т. Нұрғалиева










2015-2016 ж.ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Д?ниетану. ?сімдікке ауа, жылу ж?не жары? керек

Автор: Н?р?алиева Айг?л То?тыбаян?ызы

Дата: 09.07.2016

Номер свидетельства: 337167


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства