Топпен, жұппен жұмыс жасауды, өз пікірін айтуды, пікірталасқа түсуді, сұраққа жауап беруді, өзін, тобын, жұбын бағалауды үйренеді.
Сілтеме: оқулық: «Дүниетану» авторы К. Жүнісқызы. Қ. Аймағамбетов. Н.Нұрахметов. Н. Жапанбаева, 4 басылым. Атамұра баспасы.. «Алматыкітап» 2009 ж 2 сынып. Ертегіле жинағы,
Сабақ кезеңдері
Уақыт
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс -әрекеті
Ұйымдас
тыру
кезеңі
1 минут
Амандасу ; Психологиялық ахуал:
1.Түн болды: 2.Жаңбыр жауды: 3.Жаңбыр басылды: 4.Күн ашылды.
1.Оқушылар көздерін жұмады: 2.Саусақтарымен сатырлатады. 3.Сатырды тоқтатады. 4.Оқушылар орнынан тұрып, қолдарын күнге созады. Бір-біріне сәттілік тілейді.
Білу
Ертегі: "Кімнің мекені жақсы?" үй жұмысын талдау арқылы тақырыпты ашу.
Құмырсмқа, тышқан, бақа қайда барды? Неге барды? Жолда қандай құсқа кездесті? Ол құс өз жерін қалай мақтады? Тағы қандай құстар мен жәндіктерге кездесті? Неге олар өз жерін тастап кетті? Кімнің мекені жақсы деді? Ертегінің негізгі идеясы не?
Сендердің мекен -жайларың
қай жер?
Павлодар қаласын қартадан кім тауып береді?
Сен қай жерде туып өстің?
Әркімнің туып өскен жерін қалай атаймыз?
- Отан деген не?
Қазақстанның астанасы қай қала?
Біздің президентіміз кім?
Біздің Қазақстан қандай мемлекет?Қазақстан туралы қандай өлең, тақпақ білесіңдер?
Сұрақтарға жауап беріп, тақырып бойынша білетіндерін айтады. Картамен жұмыс жасайды.
ОЖЕСОмО. Диалог. СТОү.
Түсіну
Сабақ тақырыбы бойынша тапсырма береді. «Туған ел Отан» тақырыбы бойынша мәтінмен жұмыс.
1 сынып 140-141 бет оқу.
Отан деген не? Сен қайда туып өстің? Қазақстанның жері қандай? Дүние жүзі бойынша нешінші орын алады? Қандай таулар, өзен -көлдер орналасқан? Қандай ірі қалалары бар? Байқоңырда не орналасқан? Ғарыш кемелері қайдан ұшырылады? Елімізде қандай өсімдік, қандай жануарлар бар? Отанды сақтау үшін не істеуің керек?
2 сынып 89 -90 бет оқу. Сен қай жерде дүниеге келсең сол жер сенің иелігіңде дегенді қалай түсінесің? Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады? Ол ұлт өкілдері қалай өмір сүреді?
Қазақстан рәміздерінде не бейнеленген? Белгілердің қандай мәні бар?
Рәміздердің авторлары кім? Әнұран қай кезде орындалады?
Жеке жұмыс. Мәтінді шағын тақырыпшаларға бөліп оқиды. Мозайка әдісі арқылы топ құрып бір -біріне түсіндіреді.
ОЖЕСОмО. ОмОЖТ. Диалог. СТОү.
ТжДБО. ОүБжОБ.
Қолдану
Сөзжұмбақ шешу.
1.Адамның туып - өскен және тұратын жері.( Отан) 2. Елтаңбада қанатты не бейнеленген. ( тұлпар.) 3.Қазақстаннның астанасы. (Астана) 4. Ас атасы ........(Нан)
2 сынып. Қазақстан рәміздерінде не бейнеленген? Ол бейнеленген белгілердің қандай мәні бар? Рәміз авторлары кім?
Сөзжұмбақты шешеді тапсырманы орындайды.
АКТ. Диалог. СТОү. ОүБжОБ.
Талдау
"Менің Отаным" тақырып бойынша постер жасату.
Топ құрады. Тақырып бойынша түсінгендерін қортындылап. постерге түсіреді, талдайды.
Диалог. СТОү. ОБжК. ТжДБО
Сергіту сәті
Қолды белге қояйық, Басты оңға бұрайық, Басты солға бұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Сәл демалып алайық.
Сергіту сәтін орындайды.
Жинақтау
Шығарма: "Менің мекенім жақсы?
Әр оқушы өз ойын қорытып жазады.
Сұрақтардың дұрыс жауабын табады.
ОүБОБ, Диалог. ОЖЕСО. ТжДБО. СТОү.
Бағалау
Стикер арқылы бағалау.
Не білемін? Не білдім? не қиын болды? Нені білгім келеді?