kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д?ниетанудан саба? ?лгісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

 «Су. Таби?атта?ы су айналымы»  Алдыма ?ой?ан ма?сатым  суды? таби?атта?ы, адам ?міріндегі ма?ызын т?сініе отырып, оны ?ор?ау?а, ?немді пайдалану?а ?йрету.
О?ушыларды? ой - ?рісі, тілі, д?ниетанымы ке?ейеді, ?з ойларын орта?а салады. Саба? ?стінде берілген тасырмаларды? негізінде о?ушыларды? саба??а деген ?ызы?ушылы?ын арттыра т?сіп, танымын ж?не сыни ойлау ?абілеттерін, с?йлеу тілін дамыту ж?не ?азіргі заман талабына сай о?ушыларымны? салуатты ?мір салтын ?стана отырып, ?зара сыйласты?та болуды к?здедім. Осы ма?сат?а жету ?шін саба?ымда жеті модульді  ?олдандым. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д?ниетанудан саба? ?лгісі»

Сабақтың тақырыбы

Су. Табиғаттағы су айналымы

Сабақтың мақсаты


Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсініе отырып, оны қорғауға, үнемді пайдалануға үйренеді.
Оқушылардың ой - өрісі, тілі, дүниетанымы кеңейеді,өз ойларын айта алады.

Сілтеме

4 сынып, дүниетану

Көрнекіліктер

слайдтар, куб, үлестірме карточкалар, географиялық карта , видеоролик, ақ парақтар.

Қолданған

әдіс - тәсілдер

СТО, АҚТ, топтық жұмыс, рефлексия түрлері, диалогтік оқыту және оқу, көшбасшылық және басқару, формативті бағалау, өзін-өзі бағалау.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы


Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі:


  1. Топқа бөлінеді. 3 мин

  2. Топтың ережесін таныстыру.

  3. Әр топқа бағалау парағы таратылады, жақсы қатысып отырған топқа жұлдызша беріледі.


1.Топ- бұлт

2.Топ- жауын-шашын

3.Топ-тұман

Бағалау парағымен танысады.

Жұмысты аяқтаған топ «Топ шаңырағын құрады»

ІІ.Үй жұмысын тексеру


Үй жұмысын тексергенде «Кубизм» әдісі.

Кәне, ұй жұмысын куб әдісі арқылы тексерейік.  Әр  кубтың қырында сан жазылған. Сол санның астында үй тапсырмасының сұрақтары берілген. Сұрақты оқи отырып үй жұмысына жауап алу. Бірден жауап қайтарған оқушыларды топ мүшелерін бағалап отырады.

Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексеріп шығады.


ІІІ. Қызығушылықты ояту.





















































ІV.Мағынаны тану:

А) Сабақтың тақырыбын ашу: Мұғалім: Тақырыпты ашпастан бұрын, сендерге бір құпия қонақтың хатын оқиын, ал сендер оның не екенін табыңдар!
Құпия қонақтың хаты:
Мен сұйықпын да, мұзбын да,
Тамшысымын жаңбырдың.
Оюланған қыраумын,
Жылымын да, салқынмын.
Шөлдесең кеуіп кенегең,
Мейіріңді қандырдым.
Сыйлаймын мен тазалық,
Рақат беріп денеңе,
Айта қойшы бұл не?(Су)

Пайдалы қазбалар тарауын аяқтадық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

«Су. Табиғаттағы су айналымы»


Глобуспен жұмыс


  1. Тапсырма.Су күйлерін еске түсіру үшін алдымен жұмбақ шешу
    1. Жылт – жылт етеді
    Жылғалардан өтеді (судың сұйық күйі)
    2. Өзі судан жаралған,
    Бірақ судан қорқады

(мұз - судың қатты күйі)
3. Көзге көрінгенмен,
Ұстасақ қолға тимейді

(бу - газ күйі)

2.Тапсырма. Топтық жұмыс

1- топ. «Судың қасиеті»

2-топ. «Судың өмірлік маңызы»

3-топ. «Суды үнемдеу»

Бұл жерде қандай тұжырым жасауға болады?
Судың тіршілік үшін маңызы өте зор. Дүние жүзі бойынша ішуге жарамды су тек 1-ақ %. Сондықтан оны үнемді пайдалану керек.

Суды үнемдеуде өзің қандай үлес қосасың?

Видео көрсету.

3.Тапсырма.

А.«Түсіндір, көрсет, дәлелде»

Табиғаттағы су айналымы тізбегін құрады.

Бұлт жаңбыр жылға өзен теңіз булану

(Әр топтан бір бала тақтаға шығып, құрастырған тірек – сызба бойынша ойларын қорытындылап, түсіндіреді)


Ә. Интербелсенді арқылы таныстырылымды көрсете отырып мұғалімнің түсіндірмесі.

Б) Сергіту сәті. (Су дыбыстарын ажырату)












В)Дәптермен жұмыс







Г)Оқулықпен жұмыс.

 Мәтінді түсініп оқу.

Тізбектей оқыту




1. Оқушылар оны шешуге тырысып сұрақтар береді.






































  1. Оқушылар су туралы білгендерін еске түсіріп айтады.

Топ баяндамашысы қорғайды.






3.Әр топқа қима қағаздар таратылады. Қима қағаздар арқылы «Табиғаттағы су айналымы» тізбегін көрсетеді.





















4.Үнтаспадан тыңдай отырып табады және интербелсенді арқылы таныстырылымнан

суреттерін көреді.

Толқын

Жаңбыр

Бұлақ

Өзен

Сарқырама


5. Дәптерлеріне бүгінгі күнді, ауа - райын бақылап,

сабақтың тақырыбын және «Табиғаттағы су айналымы» тізбегін жазып алады.


6. Оқушылар тізбектей оқиды.

V. Бекіту



А)Табиғатта өтетін осы ғажайып процесті біз тәжірибе өткізіп байқап көрейік. 

- Не байқадыңдар? ( Су қайнады) 
- Шыны өзгердіме? ( Ия) 
- Ол не деп ойлайсындар? (Бу) 
- Дұрыс, бу шыныға қонғаннан кейін, суып, яғни мұздап, су тамшыларын байқаймыз. Олар бір-біріне қосылып, ұлғая бастайды. Салмағы ауырлаған тамшылар төмен ағып кетеді. Міне, балалар, осы тәжірибе аркылы табиғаттағы су айналымының кіші моделін жасадық. 

Ә) Географиялық картамен жұмыс
«Мен көрсетемін, сен атауын жаз»
а. Мынау – қай теңіз? (Каспий)
б. Мынау – қай өзен? (Есіл)
в. Мынау – қай көл? (Балқаш)

7.Оқушылар қадағалап отырады.













8. Оқушылар өзара тексереді.

VІ. Қорытындылау






VІІ Үйге тапсырма беру







VІ Бағалау









Сұрау – қорытындылау

  • Сабақта қандай мәселе басты болды?

  • Қандай жаңалықпен таныстыңдар?

Әр сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін









Әр топ көшбасшылары өздерінің мүшелеріне қорытынды бағаны шығарып мұғалімге береді.1 мин

Сабақ соңындағы кері байланыс

Бағдаршам

Жасыл - толық түсіндім;

Қызыл- түсінбедім;

Сары – сұрақтарым бар.









Үй жұмысын жазады.

37-бет оқу, мазмұндау. Судың маңызы, суды қорғау, үнемдеу туралы шағын эссе жазу.
Егер су болмаса...


Мұғалімнің қорытынды бағасы.








Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Щучинск қаласы.

№1 мектеп-гимназиясының

Бастауыш сынып мұғалімі

Байсакалова М.А

Пән: дүниетану 2 тоқсан

4сынып













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Д?ниетанудан саба? ?лгісі

Автор: Байсакалова Майя Аркаровна

Дата: 12.12.2015

Номер свидетельства: 265427


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства