kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дуниетану Білімді тияна?тау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Білімді тияна?тау
Саба?ты? ма?саты:
    Білімділік: О?ушыларды? білім   - білік да?дыларын тексеру. С?здік ?орын молайту, ?з пікірін сенімді айту?а орта?а сала білуге ?йрету.
    Дамытушылы?:Шапша? ойлау ?абілетін дамыту. Шы?армашылы? ?абілетін дамыту?а м?мкіндік беру.
    Т?рбиелік:Экологиялы? т?рбие беру.
Саба?ты? т?рі:?айталау, пысы?тау, экологиялы? ертегі саба?
Саба?ты? к?рнекілігі: суреттер, ?има ?ріптер, таби?ат к?рінісі, ??стар суреті.
Саба?та ?олданылатын ?діс – т?сілдер: ??гімелесу, т?сіндіру, ойын, с?ра? – жауап.
Саба?ты? барысы:
1.?йымдастыру кезе?і:
1.О?ушыларды? назарын саба??а аудару.
2.Психологиялы? дайынды?.
Мен а?ылдымын. ?иынды?тан ?оры?паймын. Мен жаспын, ?андай ?демімін. Мен ?за? ?мір с?ремін. Мені? ?олымнан к?птеген жа?сылы? келеді. Мен барлы? туыстарымды жа?сы к?ремін.
3.?ызу?ышылы?ты ояту. Суретпен ж?мыс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дуниетану Білімді тияна?тау»

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың білім - білік дағдыларын тексеру. Сөздік қорын молайту, өз пікірін сенімді айтуға ортаға сала білуге үйрету.

  2. Дамытушылық: Шапшаң ойлау қабілетін дамыту. Шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беру.

  3. Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: қайталау, пысықтау, экологиялық ертегі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қима әріптер, табиғат көрінісі, құстар суреті..

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, ойын, сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Психологиялық дайындық.

Мен ақылдымын. Қиындықтан қорықпаймын. Мен жаспын, қандай әдемімін. Мен ұзақ өмір сүремін. Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді. Мен барлық туыстарымды жақсы көремін.

3.Қызуғышылықты ояту. Суретпен жұмыс.

-Кәне балалар, мына суреттерге назар аударайық.

1 слайд.

-Нелерді көріп тұрсыңдар? (аңдар, құстар)

-Осы аңдар мен құстардың аттарын айтайықшы. (қасқыр, түлкі, қоян, торғай, аққу, тиін)

-Бұлар қайда мекен етеді?

(орман, тоғайда мекен етеді)

2.Жаңа сабақ.

-Балалар, бүгін біз ана тілі пәні бойынша экологиялық ертегі сабағын өткіземіз.

-Қазір дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн мен айды жазыңдар. (оқушылар жазады)

-Енді ертегіні тыңдаңдар.

-Ерте – ерте ертеде жапан түзде сирек қалған орманның ішінде бір тоқылдақ өмір сүріпті. Ол таңның атысы, күннің батысы ағаштарды тұмсығымен шоқып тоқылдатумен болыпты. Қатты дыбыстан меңзең болып бастары ауырған ормандағы аңдар мен ағаштар тоқылдақты орманнан қуып жіберіпті. Тоқыдақ кетіп біраз күн өткен соң, ормандағы ағаштардың діңдеріне құрт – құмырсқа түсіп,шіри бастайды. Құрт ауруына шалдыққан ағаштар күні – түні көмек сұрап зарлай береді екен. Оның дауысын естіп бір күні көгершін ұшып келеді. Мән жайды түсінген соң, мен дәрігердің кім екенін белмеймін, дегенмен іздеп келейін деп ұша жөнеледі.

Мұғалім:

-Балалар ағаштарға сендердің көмектескілерің келе ме?

Балалардың жауабы:

Мұғалім:

-Олай болса, көгершінмен бірге дәрігер іздеп жолға шығайық. Алдымен мына сұрақтарға жауап беріңдер.

Сұрақтар:

1.Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар? 40 дыбыс, 42 әріп

2.Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не? Дыбысты естиміз, айтамыз, әріпті көреміз, жазамыз.

2 слайд

Тақтада шашылған әріптер, қызыл және көк түсті.

-Мына дыбыстарға қарап не айтасыңдар? (қызыл түстілер дауысты, көк түстілер дауыссыз)

-Дыбыстар екіге бөлінеді

-Біз дыбыстардан нелерді құраймыз? (буындар, сөздер)

Ойын. Шашылған әріптерден , буындардан сөздер құру, жазу.

А – на, а – та, ша- на, ба-ла, қо-ян, да –ла.

Мұғалім: Ертегімізді әрі қарай жалғастырайық. Көгершін одан әрі ұшып кетеді. Қалың тоғайдың қасына келгенде құйқылжыта ән салып отырған бұлбұлды көреді. Ол бұлбұлдан ағаштарға көмектесуін өтінеді.

-Кешір, Көгершін мен үшін әуре болма. Менің қолым тимейді. Менің әнімді тоғайдағы аңдар, құстар түгілі адамдар да жақсы көреді. Мен үшін адамдардан көмек сұра,- дейді. Олай болса бұлбұлдың тілегін орындап бір серігіп алайық.

Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатып жұмысқа,

Алды допты қолына,

Қойды допты алдына,

Алға қарады, артқа қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

-Енді тапсырмаларды орындайық.

1-тапсырма: сурет бойынша сөзді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.

3 слайд.

(Ал – ма, екі буын, 4 дыбыс, 4 әріп)

2-тапсырма – осы сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру.

4 слайд. Аққу.

Мұғалім: Әрі қарай ертегімізді жалғастырайық.

-Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді. Айдын көлде сыланып, жүзіп жүрген аққуға келеді. Оған да ағаштарды деп өтініш айтады.

Сонда аққу:

-Мен қасиетті киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған көп құстар келеді, ақыл – кеңес сұрайды. Осы тоғайда үнсіз – күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, сен солардың біреуін тауып өтініш айт. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп, ағаштарды емдеп қалар,- дейді.

-Кәне көгершінге ілесіп мына тапсырманы орындайық.

4 слайд. «Ұйқасын тап» ойыны.

1.Өзінше ноян,

Қорқақ кім? (қоян)

2.Алмастан тыным,

Шабады ... (құлын)

3.Бата алмас түлкі,

Үсті тікен ... (кірпі)

4.Айбет шегер алыстан,

Аң патшасы ... (арыстан)

2-тапсырма: жаңылтпаш айту.

Мұғалім: Көгершін аққудың ақылын тыңдап, орманды аралайды. Онда бос жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс көгершіннің тілегін орындап, орманға келіп, ағаштарды құрт ауруларынан жазған екен дейді.

Проблемалық сұрақ:

-Ол қандай құс болуы мүмкін, сендер қалай ойлайсындар?

-Балалардың жауабы: (тоқылдақ)

6 слайд. Тоқылдақтың суреті.

Мұғалім: -Дұрыс айттыңдар, бұл тоқылдақ екен.

Сергіту сәті:

Орманның біз емшісіміз,

Тоқ-тоқ-тоқ.

Құрт біткенді жоқ етеміз,

Жоқ. Жоқ. Жоқ

Тоқ-тоқ-тоқ.

Проблемалық сұрақ

-Олай болса, бүгінгі ертегімізге қандай тақырып немесе ат қоясыңдар?

Балалардың жауабы:

«Тоқылдақ - орман дәрігері»

Мұғалім:

-Міне, балалар ақымақ ағаштар тоқылдақтың пайдасын түсінбей орманнан қуып жіберіп, өздері құрып кете жаздады. Тоқылдақтың кешірімді, ақылдылығынаң арқасында ағаштар құрт ауруынан құлан – таза айықты қазір орман жайқалып өсіп тұр дейді.

7 слайд. Тақтаға гүлденген орманның суреті шығады.

6.Сабақты қорыту.

-Жасыл ағаш, гүлденген өсімдіктердің пайдасы зор екенін күрде айтып жүреміз. Ендеше біз табиғатты үнемі қорғауымыз керек.

7.Сабақты бекіту.

-Балалар, бүгінгі сабақта қандай ертегімен таныстық?

-Ертегі ұнады ма, несімен ұнады?

-Тоқылдақ құсының зияны бар ма екен?

-Ендеше біз табиғатты үнемі қорғап зиян келтірмеуіміз керек.

-Бүгін сабақ осымен аяқталды.

8.Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Дуниетану Білімді тияна?тау

Автор: Ауталипова Гульняз Капсалямовна

Дата: 30.01.2016

Номер свидетельства: 285539


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства