Мен Махулбекова Каракоз Муратхановна 2010 жылдан бастап атал?ан мектепте ж?мыс істеп ж?рмін. Мен 2002 жылы Т?ркистан ?аласында?ы Т?ркістан гуманитарлы? техникалы? колледжіне т?сіп, 2005 жылы атал?ан о?у орнында бастауыш сыныптарды о?ыту бойынша маманды?ын алып шы?тым. 2006 жылы осы атал?ан ?алада жо?ар?ы о?у орнына т?сіп,2009 жылы бастауыш о?ытуды? педагогикасы мен ?дістемесі бакалавры біліктілігі ж?не бакалавр академиялы? д?режесі берілді
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, «Ауаның құрамы» тірек-сызбасы демонстрациялық материал, Тәжірибе жасау үшін майшам.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-сәлемдесу;
Қайырлы күн деп айтамыз,
Сәлемдесіп аламыз.
Біз әрқашан, әрдайым,
Табиғатты қорғаймыз.
- назарларын сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1.Дене деп нені атайды?
2.Қандай денелер жасанды жіне табиғи денелер деп аталады?
3.Денелер қандай болады?
4.Зат дегеніміз не?
5.Табиғат құбылыстарын ата?
6Табиғи апаттарға не жатады?
ІІІ.Жаңа сабақ
1.Психологиялық дайындық.
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Осы көзге көрінбейтін сиқыршыға байланысты жұмбақ шешейікші.
Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-Біз бүгінгі сабақта ауа туралы әңгімелейміз. 2- сыныпта алған ауа туралы білімімізді еске түсірейік.
-Ендеше ауа туралы не білесіңдер? Топтастыру тірек сызба жұмысын жүргізейік.Әр топқа таратып беру.
Ауа туралы не білесің?
көрінбейді Дәмсіз
түссіз иіссіз
3. Оқулық бойынша жұмыс.
Оқулықтың 37-бетін ашайық.
Ауа туралы бірінші абзацты оқып, тірек сызбаны толықтыру.
топырақта суда
көрінбейді Дәмсіз
түссіз иіссіз
қызбайды адам ағзасында
4. Тәжірибелік жұмыс.
Оқушылар тәжірибені мұғаліммен бірге жасайды, шаммен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы сақталуы тиіс.
Тәжірибе жұмысының нәтижесін кестеге жазамыз. Онда ауаның барлық қасиеттері жазылуы тиіс.Жылы ауның жеңіл болатынын және ол жолғары көтеріледі де, оның орнын суық ауа басатынын дәлелдейтін тәжірибе жасап қөрейік.
1-тәжірибе: Бөлменің есігін ашып, табалдырыққа майшам жағып қоямын.
Балалар жалын қай жаққа шалқиды (Жалын бөлмеге қарай шалқиды). Ендеше осыдан қандай қорытынды шығаруға болады? (Салқын ауа бөлмеге төменгі жақпен кіреді).
2-тәжірибе: Енді майшамды жоғары көтеремін. Балалар жалын қай жаққа шалқиды. (Жалын сыртқа шалқиды). Ендеше осыдан қандай қорытынды шығаруға болады? (Ол жылы ауаның бөлмеден жоғары жақпен шығатынын көрсетеді).
Яғни бүгінгі тәжірибе арқылы көп нәрсе білдік осы білгенімізді кестеге толтырайық.
Сабақтың тақырыбы
Тәжірибедегі зат
Тәжірибеден білгенім
Менің ойым
5. Мұғалімнің дәрісі.
Көрінбейтін сиқыршы » -Балалар, жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда ,басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Адамдар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарып отырады.Ал өсімдіктер керісінше көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады.Ауа жерді қоршап, бүкіл кеңістікті толтырып тұрады. Ауа топырақта, суда, адамның организмінде болады. Ауа түссіз, ол күн сәулесін оңай өткізеді. Күн сәулесі жер бетін қыздырады, ауа одан жылынады. Жылы ауа жеңіл болады, ол жоғары көтеріледі де, оның орнын суық ауа басады. Ауа барлық жерде: далада да, суда да, жерде де бар. Біздің планетамызды ауа қабаты қоршап тұр. Бұл ауа қабаты атмосфера деп аталады. Атмосфера Жерді Күн радиациясынан қорғайды. Ол болмаса, жердегі су әпсәтте қайнап, ал Күн сәулесі тіршілік атаулыны тұтас күйдіріп жіберер еді.
Табиғатта ауа үнемі бір орыннан екінші орынға ауысып тұрады. Ауаның қозғалысы жел деп аталады. Әр топ екінші абзацтан оқиды(тірек сызбаны толықтыру)
топырақта суда
көрінбейді Дәмсіз
түссіз иіссіз
қызбайды адам ағзасында
қозғалысы- жел(баяу, қүшті,өте
әр түрлі жылдамдықпен қозғалады күшті-дауыл)
Сергіту сәті
Тіпті ертеректе ғылым мен техника дамымай тұрғанда ауа райын қалай болжайтын болған? Қарлығаштар жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады. Қоян жатар орнын бұрынғыдан жоғарырақ салса, қыс cуы болды. Қарға тұмсығын қанатының астына тықса, күн суытады.
1. Сөзжұмбақ « Адам ағзасы» Дене тірегі не?/Қаңқа/ Жүрек, өкпені қорғайтын қай сүйек?/Кеуде/ Жалпақ иілген сүйектер /қабырға/ Адамның бас қолбасшысы не?/Ми/ Сендегі ең бағалы зат, миды қорғайтын не?/Бас/ Дене сөзіне мағынасы жуық сөз./Ағза/ Шынықтыру мәдениетіне не жатады?/Жүзу/ Кеуде сүйегіне кіретін сүйектердің бірі не?/Омыртқа/ Бұлшық еттер сүйекке қалай бекінеді?/Сіңір/ Сүйектердің бір - бірімен жалғасатын жері /буын/ 5. Сөзжұмбақ «Сезім мүшелері» Мұрынның ортаңғы бөлімінде қандай сезу жүйкелері орналасқан? (иіс) Ерекше арнайы сезімтал мүшелері бас бөлігінің қай жерінде кездеседі? (Ерінде) Көру мүшесі не? (көз) Құлақтың үш бөлімінің бірі қандай бөлік? (ішкі) Қандай кезде иісті сезе алмаймыз? (Тұмау) Иіс сезу мүшесі не? (Мұрын) Иіс сезу дабылын миға өткізетін не? (Жүйке) Көз ортасында не болады? (Қарашық) Құлақ қандай мүше? (Есту) Дәм сезу мүшесі не? (Тіл) Ақпаратты қабылдайтын қандай жасушалар? (Сезімтал) Көру жүйкесі арқылы бейнені миға өткізетін қандай қабық? (Торлы) Тұмаудың әсерінен мұрындағы кілегей қабықшалары не істейді? (Ісінеді)
Оқушылар ауаның қасиеттерін кестеге жазады.
Негізгі ұғым
Ауаның қасиеттері
Ауа
Мөлдір, түссіз, салмақсыз, иіссіз, жылы, салқын және т.б.
Бес жолды өлең
Үшінші абзацты оқу, түсіндіру
- Ауа неден тұрады?
Тақтаға сызба ілінеді.
АЗОТ- 78%
Көмірқышқыл газ – 0,03%
Инетті-0,07%
Оттегі- 21%
Тұжырым:Сонымен, ауа дегеніміз - бұл газ, дәлірек айтсақ, газдар қоспасы.
Балалар алған білімдерін оқулықтағы ауа туралы мәтінмен салыстырады да, оның қасиеттері туралы білімін бекітеді. Әр бір топқа сұрақтар таратып беру.
- Желдің қандай түрлері бар?
(баяу, қүшті,өте күшті-дауыл)
- Дауыл дегеніміз не?
(өте күшті жел) -Жел деген не?
(Ауаның жер бетімен қозғалысы)
-Желдің бағыты мен күшін қандай аспаппен өлшейді?
(желбағар)
-Ауаның қасиеттерін ата.
(Көрінбейді, иіссіз, түссіз, дәмсіз)
ІV. Сабақты қорыту.
Бес жолды өлең құрастыру 1. Ауа 2. Түссіз, иіссіз 3. Көрінбейді, жұтады, сығылады, серпіледі, созылады. 4. Ауа адам өміріне қажет. 5. Ауа - тіршілік көзі.
Ертегі құрастыру
Ауа туралы тағы не білгілерің келеді? Ауаны қорғау туралы ҚР «Қазақстан -2030» стратегиясында «қоршаған ортаны ластанудан қорғау» туралы айтылған. Сендер ол үшін ағаш,гүл бөлме өсімдігін өсіріңдер.
- Ауа туралы қандай жаңа мағлұмат алдық? Тірек –сызбаны пайдалану.
V .Үй жұмысы. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап берОрнымыздан тұрайық,