Сабақтың құрал –жабдықтары: Мақал –мәтелдер жазылған пакат, суреттер, тірек сызбалар, карта,
топтамалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық .
ІІ . Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру.
1.Шалғын қандай мақсат үшін пайдаланылады?
а) пішен дайындауға ә) мал жайылымға б) келесі жылға өсімдік тұқымын сақтауға.
2.Шалғынның жақсы өсуіне мыналардың қайсысы пайдалы?
а) шегіртке ә) көбелек б) ара
3. Шалғын өсімдіктерінің реңі қандай?
а) сарғыш тартқан ә) көпшілігі жасыл б) аралас реңі
4. Шалғын қандай жерде өседі?
а) тау етегінде ә) өзен аңғарында б) жазық жерде
5. Мына жануарлардың қайсысы шалғында жүреді?
а) ақбөкен ә) қоян б) саршұнақ
ІІІ .Жаңа сабаққа кіріспе (тірек-сызба арқылы жұмыс)
сусын көлік
А д а м
Ем
жануар
өсімдік
тағам жеміс қаржы сусын
дәрі кітап тамақ ауа -райын болжағыш
Яғни, адам баласына өсімдік пен жануарлардың берері көп, ал адам оларды керегіне жаратады, сондықтан оларды қорғау керек.
«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтар табиғаттың тілі жоқ»,- дегендей жаңа сабағымыз
Дала өсімдіктері мен жануарлары.
ІҮ . Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақтар арқылы талдау
Мәтін бойынша кесте толтыру.
Дала түрлері
Дала өсімдіктері
Дала жануарлары
3. Сұрақ-жауап:
Қуаң далаға қандай жерлер жатады?
Көктемдегі жаз бен күздегі даланың көрінісі қандай болады?
Ү. Үйге: 70-73 беттер. Мазмұндау , дала өсімдіктері мен жануарларының аттарын есте сақтау,тақырыпқа қатысты сурет салу,мақал-мәтел, қызықты мәліметтер қарастыру.
ҮІ. Бекіту: Венн диаграммасын құру.
дала өсімдіктері мен жануарлары. шалғын өсімдіктері мен жануарлары.