Просмотр содержимого документа
«Дуниетану "Өзен және көлдер"»
Сабақтың тақырыбы: Өзен және көлдер Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға өзен және көлді таныстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратуға үйрету. Қазақстанның өзендері мен көлдері жайында бастапқы түсінік қалыптастыру .
Судың пайдасы мен қасиеттері туралы білімдерін дамыту; дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Суды қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру. Сабақ түрі: сайыс сабақ.
Әдіс – тәсілдер Топпен, жеке, (СТО), сұрақ - жауап, АКТ,әңгіме , салыстыру, іздену, жинақтау. Сабақтың жабдықтары Интербелсенді тақта, Қазақстанның физикалық картасы, өзендер мен көлдердің суреттері, суреттер, постер, стикер, карталар Сабақтың барысы: I. Психологиялық дайындық; Қуанамын мен де, Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Еліміз бай,жеріміз бай Өзіміз туған елге
А) Топқа бөлу.
1. Жылт - жылт етеді Жылғадан өтеді. (су) 2. Өзі судан жаралған, Бірақ судан қорқады. (мұз) 3. Көзге көрінгенмен Бірақ қолға ілінбейді(бу)
І – топ Су. ІІ – топ Бу.
ІІІ – Мұз
Ә) Бағалау парағы
ІІ .Үй тапсырмасын сұрау. Мазмұндату.
І – топ Жер бетіндегі сулар жөнінде не білесің
ІІ – топ Жер асты сулары қалай пайда болады,олардың пайдасы туралы айт
ІІІ – топ Минералды сулар дегеніміз не,Олар қалай пайда болғанжәне оның пайдасы.
ІІІ .Өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау
ІІІ. «Серпілген сауал» стратегиясы.
Судың қандай қасиеттерін білесің? 1.Табиғатта су неше күйде кездеседі? 2. Судың қандай қасиеттерін білесің 3. Табиғаттағы суларды дәміне қарай нешеге бөлінеді? 4. Тұщы су қайда кездеседі? 5. Ащы су қайда кездеседі? 6. Жер бетіндегі судың мөлшері қандай? 7.Минералды сулар қалай пайда болады? 8. Сарыағаштың шипалы суы қашан ашылды? 9. Оның қандай пайдасы бар? 10. Адам ағзасында қанша су бар?
IV. Жаңа сабақ .
Оқулықпен жұмыс. Өзен және көл тақырыбын тізбектей оқып танысамыз. Қазақстанда ірілі - ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде жоғарыда аталған жеті өзеннің ұзындығы мың км - ден асады. 48 мыңнан астам көлдер бар. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл ірі көлдер. Жазық жердегі өзендер баяу ағады. Тау өзендерінің ағысы қатты болады. Жылғалар бір - бірімен қосылып өзен құрайды. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атаймыз. V. Шығармашылық жұмыс. І – топ Өзен туралы білімдерін жинақтайды. ІІ - топ Көл туралы білімдерін жинақтайды. ІІІ - топ Өзен мен көлді салыстырады.. Венн диаграммасы. Өзен, көл.
VI. Картамен жұмыс.
Қазақстанның физикалық картасынан өзендерді тауып жазу. (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу)
Қазақстанның физикалық картасынан көлдерді тауып жазу.
Физикалық картадан ерекше өзендер мен көлдерді тауып жазу.көрсету?
VII. Қосымша ақпараттар Жер бетінде судың жетіспейтіндігіне екі себеп бар: 1) 100 литр су қорының 98 литрі теңіз суы, 2 литрі ғана тұщы судың үлесіне тиеді. 2) Адам суды табиғаттан таза күйінде алады да, ластанған күйінде қайтарады. Су қоймаларын қорғау туралы Заң қабылданған: Заң бойынша барлық сарқынды су өзендер мен көлдерге ағызылар алдында міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы керек
VII. РАФТ-стратегиясы. - Сен табиғатты қорғау үшін не істер едің?