а) «Жер – ғарыш денесі» тарауы бойынша білімді есепке алу
ә) Сұрақтарға ауызша жауап алу (слайд)
1.Күннің сәулесі мен жылуы болмаса жер бетінде не болар еді?
2. Полюстер глобуста және картада қалай белгіленеді?
3. Күн мен түн неліктен ауысады?
4. Тұздан не алынады?
5. Жердің өз білігінен айналып шығуына кеткен уақыт қалай аталады?
6. 1 жылда қанша тәулік бар?
7. Күн және оларды айналып жүретін планеталар қалай аталады?
8. Қазақстанның ғарышжайын ата?
9. Глобус деген не?
10. Қазақстан қай материкте орналасқан?
ІІІ. Жаңа сабақ
Ой-қозғау
а) «Бұл кімнің дауысы?»
«Мен бақытты баламын. Себебі менің туған жерім, Отаным, кең байтақ Қазақстаным бар. Дархан жүректі халқым бар. Елімді басқарып отырған, бар қазақ баласының мақтанышы болған, үлгі етер президентім бар.
Мен бақытты баламын. Білімнің кәусар бұлағын сіңірген алтын ұям мектебім бар. Мен осындай қоғамда туғанымды мақтан етемін. Мен үнемі достарыммен, ұстаздарыммен достық қарым-қатынастамын.
Мен бақытты баламын. Менің өзімнің шағын әлемім – отбасым бар.
Менің аялаған анам, әлпештеген әкем бар, еркелескен бауырларым қаншама. Бұл нағыз бақыт емес пе?!»
ә) Оқушының айтайын деген ойы не?
ІҮ. Топтастыру стратегиясы
(Оқушылар тақтаға шыгып «қоғам» сөзінің мағынасын ашады. Отанға деген сүйіспеншіліктерін әңгімелейді. Отанымыздың көшбасшысы кім? т.б. сұрақтардың жауабын табу арқылы кестені толтырады).
отбасы
Отан
шағын қоғам ҚР
Қоғам
туыстар туған ел
ел, жұрт
мектеп достарым
Ү. ҚР – ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына шолу
2014 жыл 11 қараша
2015 жыл мерейлі
белестер жылы
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
Қазақ хандығына
550 жыл
Ұлы Жеңіске
70 жыл
Қазақстан халқы Қазақстан
Ассамблеясы Конституциясына
20 жыл 20 жыл
ҮІ. Оқулықпен жұмыс
а) Мәтінді бөлікке бөліп оқыту
ә) Мәтінге байланысты сұрақ-жауап алу
ҮІІ. Сергіту сәті
«Туысыңды білесің бе?»
(топтық сайыс)
а)
Менің анамның апасы – менің апатайым, сонда ол маған қандай туыс?
Әкемнің әкесі – менің атам, сонда мен оған қандай туыспын?
Ол екеуміздің аналарымыз бірге туған – біз қандай туыспыз?