kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дүниетану.3 сынып.Пайдалы қазбалар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл 3 сынып дүниетанудан ашық сабақ жоспары.Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғаудың маңызы туралы айтылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дүниетану.3 сынып.Пайдалы қазбалар»

№2 орта мектеп











Дүниетану



Тақырыбы: Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау.





Сыныбы: 3 «а»

Өткізген мұғалім: Кыдырбаева Эльмира Сулейменовна.

















2015-2016 оқу жылы.





Тақырыбы: Пайдалы қазбаларды өндіру мен қорғау.

Мақсаты: Пайдалы қазбаларды өндіру әдісімен таныстыру.

Міндеті:

  1. Пайдалы қазбаларды өндіру әдісі олардың орналасуына байланыстылығын анықтау.

  2. Пайдалы қазбаларды өндіруге қандай техника керек екендігін түсіндіру.

  3. Пайдалы қазбаларды үнемдеу және қорғауға үйренеді.

Әдістері: Сөздік, сұрақ-жауап, ой қозғау, салыстыру, тест.

Түрі: Аралас сабақ.

Ақпараттық құралдар: компьютер, экран, мультимедиалық проектор.

Барысы: 1. Ұйымдастыру.

Ауа райын бақылау. Бақылау күнделігінің 39-бетін ашып белгілеу.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Тест.

1.Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?

А) 2

Ә)3

Б) 4

2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?

А) тас көмір, мұнай, газ

Ә) мұнай, гранит, мыс

Б) газ, тас көмір, қорғасын

3.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?

А)газ

Ә)құм

Б)металл

4.Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?

А)Өскемен, Семей

Ә)Қарағанды, Екібастұз

Б)Маңғыстау, Атырау

5. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?

А)тас көмір, мұнай

Ә)қорғасын, алюминий

Б) мұнай, газ

6.Кенді пайдалы қазбаның мол шоғырланған жері қайда?

А) Шығыс Қазақстанда

Ә)Орталық Қазақстанда

Б)Солтүстік Қазақстанда

7.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?

А)тұз, фосфорит,әктас

Ә) мұнай, гранит, тұз

Б) фосфорит, газ, металл

8. Бос тау жынысына не жатады?

А)құм, цемент

Ә)мұнай, газ

Б)құм, саз

9. Кен орны деп нені айтады?

А)пайдалы қазбалардың шоғырланған жері

Ә)пайдалы қазбаларды өндіру әдістері

Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер

10. Гранит қай тау жынысына жатады?

А) тығыз

Ә) бос

Б)жанғыш

Дұрыс жауабымен салыстыр және бағала.

  1. Ә 6.ә 1 қате – “5”

  2. А 7.а 2 қате – “4”

  3. Б 8.б 3 қате – “3”

  4. Ә 9.а 4 қате – “2”

  5. Б 10.а

3.Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Суреттермен жұмыс. Пайдалы қазбаларды үш түрлі әдіспен өндіретінін көрсету. Мұнайды бұрғылау әдісі арқылы құрлықта да су түбінен де өндіреді. Оны темір жол арқылы немесе су жолы арқылы тасымалдайды(танкер). Оларды құбырлар арқылы да тасымалдайды.Мұнайды тасымалдау өте қиын. Тасымалдау кезінде әр түрлі апатты жағдайлар болуы мүмкін. Мұнай мен бірге газ да өндіріледі.

-Қазақстанның қай жерлерінде мұнай мен газ өндіріледі? Картадан көрсет. Ең көп шоғырланған жері қай жер?

Тас көмірді ашық карьерде немесе жер қойнауында болса шахта қазып та өндіреді. Оны арнайы бұрғылайтын комбайн арқылы бұрғылап алады.

-Қайда тас көмір өндіріледі? Картадан көрсет? Ол көмірдің қандай түрі?

Тасымалдағанда көбінесе темір жолды пайдаланады.

Шымтезек кенге жатпайтын пайдалы қазбаның түрі. Бұған алдымен алаң дайындалып одан кейін өндіріледі. Шымтезекті өндіріп болғаннан кейін ол дер болотаға айналады.

Шымтезекті не ретінде пайдаланады?

Мынау кенді пайдалы қазбаны өндіру жолы. Металды осылай өндіреді. Өндірілген кенді пайдалы қазбаны металлургия зауытына апарады. Онда металды домна пешінде қатты қыздыру арқылы алады. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің еңбек жолын осы металлургия зауытында бастаған.

Темір қай жерлерде өндіріледі? Картадан көрсет?

Сазды Қазақстанның барлық жерінде өндіреді деп айтуға болады. Құмды ашық карьерден де, су түбінен де өндіреді.

-Оны қайда қолданады? Таза құмнан не жасаушы еді?

Тұзды ашық карьерден өндіреді.

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді талдай отырып оқыту.

Бақылау күнделігімен жұмыс.

37-беттегі кестені жалғастыру. Табиғи газ бен мұнай жайлы толтыру.

Кескіндеме картамен жұмыс. Мұнай мен газды картада белгілеу.

4.Бекіту.

Схема арқылы алған білімдерін бекіту.

Қорытындыла (схема бойынша мысал келтіріп






  • Пайдалы қазбалардың қоры шексіз емес.

  • Оны қорғауға өз үлесіңді қос.

-Өз үлесіңді қалай қосатының жайлы пікірлеріңді айтыңдар.

Бағалау.

Үйге тапсырма: 102,103 – беттерді оқу, мазмұндау,

мұнайдан жанармайдан басқа не

өндірілетінін табу.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Дүниетану.3 сынып.Пайдалы қазбалар

Автор: Кыдырбаева Эльмира Сулейменовна

Дата: 21.01.2017

Номер свидетельства: 381927


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства