kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д?ниетану 2сынып "Саба?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Хасанова Арда? Т?ралы?ызы Абай мектебінде 24 жылдан бері ж?мыс жасап келемін.Санатым ІІ.Білімім жо?ары. ?азір 2 сыныпты жетелеп келемін. Сыныбымда 20 о?ушы бар.Сапа 50 пайыз.  Жа?а технология ?дістерін пайдаланып саба? ж?ргізудемін.Мектептегі,ауданда?ы сайыстар?а ?атысып,ж?лделі орындар?а ие болып ж?р.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д?ниетану 2сынып "Саба?"»

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Сабақ
Сабақтың мақсаты:1.
Оқушыға берілетін тақырыпты тереңдете, жан – жақты әрі жеңіл түрде игерту. Әр оқушының сыныптағы сабақтан тыс білім алуына мүмкіндік жасау.
2.Оқушылардың өздігінше ізденуін дамыта отырып, пәнге және жалпы білім алуға қызығушылығын арттыру.
3.Табиғатты сүюге, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелі материалдар, плакаттар.
Сабақтың өту әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, талдау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.
Сәлеметсіздер ме қонақтар?
Қайырлы күн, оқушылар!
Бейсенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын.
Мұғалімнің сұрағы: Оқушылар жауабы:
Әрбір адам? Досым, сыныптасым
Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Біз қазір қандай тірі табиғат иесімен танысудамыз?
- Өсімдік әлемімен
- Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
- 3 топқа
- Ағаш, бұта, шөп
Суретпен жұмыс.
Берілген суреттерден өсімдіктердің тобын анықтау.
Ойын: «Өсімдіктің мүшелерін тап?»
Берілген сөздерден өсімдік мүшелерін тауып, орнына орналастыру.
Тамыр, шөп, сабақ, гүл, емен, шөп, жапырақ, ағаш.
2 – 3 оқушыдан мәтіннің мазмұнын сұрау.
5 минуттық эссе.
«Тамыр» тақырыбына 5 минуттық эссе жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұмбақты шешу.
Өсімдіктің бойлап өсер тірегі,
Көп мүшенің ішіндегі бірі еді.
Жоғары – төмен тұратұғын таратып,
Осы мүше өсімдіктің жүрегі. (Сабақ)
«ББҮ» стратегиясы.
Білемін ----------------------Білгім келеді ------------------------Үйрендім
Сабақ - өсімдіктің мүшесі
1. Сабақ өсімдікке неге керек?
2. Ол қандай мүше?
Мәтінмен жұмыс.
Сабақ - өсімдіктің маңызды мүшесінің бірі.
Сабақтың атқаратын қызметі: 1) Ол өсімдіктің барлық мүшелерін бір – бірімен жалғастырып тұрады.
2) Ол тірі ағзаның тіршілігін қамтамасыз етеді.
3) Сабақ тамырдың топырақтан сіңірген қорегін жер үсті мүшелеріне жеткізеді.
4) Сабақта гүлдер, бүршіктер бекиді, жемістер пайда болып, пісіп жетіледі.
5) Сабақ тыныс алуға да қатысады.
Таңқурайдың сабағы тік, қатты. Мұны тік сабақты дейді. Ал жүзімнің сабағы мұртшалары арқылы ілініп, өрмелеп өседі әрі жұмсақ, иілгіш келеді. Бұл өрмелегіш сабақ.
Сабақ - өсімдік тыныс алады – тамыр арқылы қорек жеткізеді
Жалбыз — ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен, солтүстік қоңыржай аймақтарда таралған. Қазақстанда суармалы жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында, арық бойында, шалғындықта, тоғайда, таулы аймақта өседі. Оның биіктігі 15 — 60 (110) см. Сабағы тік, бұтақталған, жапырағының жиегі ара тісті үшкір, ирек, қарама - қарсы орналасады. Гүлдері шар тәрізді болады. Одан жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай - ақ, жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді. Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды.
Жер бетінде ең алғаш пайда болған өсімдіктердің бірі – жүзім. Қазіргі таңда жүзім ең көп өсірілетін аймақ – Кіші Азия. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездеседі. Жүзім құрамындағы магний адам денесіне де, мидың да тынығуына да ерекше әсер етеді. Ол бауыр ауруларын, қан аздықты (анемия) емдеуде көп қолданылады. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра түседі. Ол сондай - ақ аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс.
Суретпен жұмыс.
Суреттегі өсімдіктердің қайсысы тік, қайсысы иілгіш сабақ екенін ажыратып, аттарын атау.
Сергіту сәті
Топтық жұмыс.

Әр топқа берілген өсімдіктің суреті бойынша сабақтың түрін анықтау.
1 – топ. Қияр
2 - топ. Бамбук
3 - топ. Алоэ
«Білгенге маржан»
Бидайық — астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Оның 44 түрі бар. Бұлардың тамыр сабақтары ұзын, жер астында 2 м - ге дейін көлбей өседі. Сабағы тік, оған кезектесіп орналасқан жапырақтары жіңішке таспа тәрізді, гүлінің сыртын мөлдір немесе жасыл гүл қабыршағы, ал оның төменгі жағын 2 жасыл масақша қабыршақ қоршап тұрады.
Кактус – шырын сабақты шөптесін өсімдік; әдетте, жуан, етженді, шырынды сабақтары тікенекті, түкті, қылтанақты болады. Кактустың бұта, ағаш, лиана тәріздес түрлері де кездеседі.
Жусан - шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл - шөлейтті далада, таулы жерлерде өседі. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1, 5 – 2 м - дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
1. Сабақтың атқаратын қызметі туралы айт.
2. Сабақтың бойында өсімдіктің қандай мүшелері орналасқанын ата.
3. Биік, жуан сабаққа мысал келтір.
Сабақты қорыту
«ББҮ» стратегиясы.

Білемін --------------------------------Білгім келеді ----------------------------Үйрендім
Сабақ - өсімдіктің мүшесі
3. Сабақ өсімдікке неге керек?
4. Ол қандай мүше? Сабақ - өсімдіктің маңызды мүшесі. Ол өсімдіктің барлық мүшелерін жалғастырады. Тамыр арқылы қорек жеткізеді. Сабақ тыныс алады.
Бес жолды өлең
Не? ---------------Сабақ
Қандай? --------Тік, иілгіш
Не істейді? -----Тыныс алады, қорек жеткізеді, қамтамасыз етеді
Сөйлем. Сабақ өсімдіктің мүшелерін жалғастырады
Синоним. Дің
Үйге тапсырма беру.
Мәтіннің мазмұнын айту.
Өзіңнің үйіңнің маңындағы өсімдіктердің сабақтарын байқап, суретін салып келу.
Бағалау.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Д?ниетану 2сынып "Саба?"

Автор: Хасанова Ардак Туральевна

Дата: 02.04.2016

Номер свидетельства: 314104


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства