Мақсаты мен міндеттері: ағза мүшелері түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
1.Білімділік: өзбетінше қаң тамырлары, қанның маңызы, алғашқы көмек туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.
2.Дамытушылық: әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: деңсаулыққа көңіл бөлуге,табиғатты қорғауға тәрбиелеу:
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: макет адам денесі, суреттер, карточкалар, жүрек макеті.
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау,
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру.
Тәжирибие: Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем.
Сұрақтар бойынша жұмыс:
Жүрек қай түста орналасқан?
«Қан айналымына» сипаттама бер.
Қалай ойлайсың, адамның әр түрлі жағдайында тамырдың cоғуы не себептен түрліше болады,
Адамның жүрегі ауырмау үшін не істеу керек?
Қан тамырдың согуын қалай есептеуге болады?
Ең ірі қан тамырын ата. Ең ұсақ қан тамырын ата.
2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: Адам макеті
Адам қалай тыныс алады? Қандай дене мүшесі қызмет атқарады? Өкпе қай жерде орналасқан? Кәне демді ішке тартып көрейік. Енді демді шығарайық. Кеуде қуысында не байқадыңдар? Тыныс алу үшін тағы қандай дене мүшелері көмекке келеді?
Тыныс алу мүшелері
Мұрын қуысы
кеңірдекшеше
өкпе
кеңірдек
Оқулық бойынша 27-29 бет оқу, талдау, сұрақтарға жауап беру.
Суреттер бойынша жұмыс.
Сергіту сәті
3.Жаңа білімді бекіту : Сурет бойынша жұмыс:
Суретте не бейнеленген? Қызыл сызық нені білдіреді?