Тақырыбы: Жануарлар және өсімдіктер әлемі.
Мақсаты: «Жануарлар» , «өсімдіктер» тіршілігі тараулары бойынша алған білімдерін пысықтау.
Міндеттері:
1. «Жануарлар» және «өсімдіктер» тіршілігі тараулары бойынша алған білімдерін қорытындылау.
2. Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын ояту, ой-өрісін, сөздік қорын, дәлелді
сөйлеп, сауатты жазуға дағдыландырып, сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
3. Табиғатты қорғауға, қамқоршы болуға, сүюге тәрбиелеу. Оқушыларды ізденімпаздық-
қа, шығармашылықпен жұмыс істей алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әр тапсырма бойынша дайындалған слайдтар, алма ағашының салынған суреті,симатикалық карталар.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ой қозғау, ұқсастық-даралық, топтастыру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
психологиялық дайындық
Табиғат!
Тіршіліксің тұнып тұрған.
Сен-Күнсің!
Көтеріліп күліп, қырдан.
Сен –Ормансың!
Сен- Бұлбұлсың!
Сен –Ауаның!
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі.
(оқушыларды 3 топқа бөлемін )
1.Сүтқоректілер
2.Өсімдіктер
3.Құстар
ІІІ. Ой қозғау стратегиясы.
-Қандай тараулармен таныстық?
-Табиғат дегеніміз не ?
-Табиғатты неше топқа жіктедік? (2)
-Тірі табиғатқа не жатады ?
-Өлі табиғатқа не жатады?
-Өсімдіктерді неше топқа бөлеміз?(3)
-Өсімдік мүшелерін атаңдаршы?
(тамыр, сабақ, жапырақ, тұқым, жеміс)
ІҮ.Топпен жұмыс.
І-топ
-Тамырдың қызметі қандай?
-Тамырдың қандай түрлерін білесіңдер?
ІІ-топ
-Өсімдіктің келесі мүшесі қалай аталады?(сабақ)
-Сабақтың қызметі туралы айтыңдар?
-Сабақтың түрлерін атаңдаршы?
ІІІ-топ
-Жапырақтың қызметі қандай?
-Өсімдіктің неге аспазшы дейміз?
-Қураған жапырақтың қандай пайдасы бар?
ІҮ.Сергіту сәті.
«Ауа» - қолдарын жоғары көтереді.
«Су» - қолдарын алға созады.
«Жел» - қолдарын бұлғайды.
Ал енді, балалар, жемістер туралы не айтасыңдар?
-Жемістер неше топқа бөлінеді? (2)
-Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз не?
-Өсімдіктің көбею түрлері қандай?
Өсімдіктің көбею түрлері
тамырсабақ түйнек пиязшық
бидайық картоп жауқазын
інжугүл пияз
желайдар айдаршөп қазжуа
Ү.Балалар, топтарыңда ақылдаса отырып, өсімдіктердің көбею түрлері туралы айтасыңдар.
І-топ: Тамырсабақ арқылы көбею дегеніміз не?
ІІ-топ: Пиязшық арқылы көбею дегеніміз не?
ІІІ-топ: Түйнек арқылы көбею дегеніміз не?
-Келесі тарау қалай аталады ?
-Жануарлар тіршілігі.
-Жануарлар тіршілігіне не қажет?
-Жануарлар жемін қалай аулайды?
ҮІ. Әр топ бүркіттің қоректік тізбегін жасаңдар.
ҮІІ. Ой толғаныс кезеңі.
-Жұмбақтар шешу арқылы симатикалық карта толтыру.(слайдта жұмбақтар жазылған)
ҮІІІ. Топтастыру.
Құстар
Сүтқоректілер Өсімдіктер
-Үшеуіне ортақ қасиетті тап?
ІХ.Рефлексия.
«Алма ағашына» сабақтан алған әсерлері жайлы жазып жапсырады.