kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д?ниетану п?нінен саба? жоспары "?сімдіктер д?ниесін ?ор?ау" 3сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? жоспары: ?сімдіктер д?ниесін  ?ор?ау (Д?ниетану 3сынып)

Шарипбаева Мейрамгуль Маденовна бастауыш сынып м??алімі

       Семей ?аласы

                            №27 жалпы орта білім беретін мектеп

Д?ниетану

Саба?ты? та?ырыбы: ?сімдіктер д?ниесін  ?ор?ау.
Саба?ты? ма?саты: ?сімдіктер д?ниесін  ?ор?ау жайлы т?сініктерін ке?ейту.
Міндеттері:
1. О?ушыларды? білімін тере?дету, ны?айту, ?орытынды жасау.
2. П?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, ой - ?рісін, тіл байлы?ын, шы?армашылы? тапсырмалар ар?ылы а?ыл - ойын дамыту
3. Таби?атты ??рметтеуге, аялай білуге ?йрету, е?бекке, адамгершілікке т?рбиелеу.
Саба?ты? к?рнекілігі: ?аза?станны? картасы, ?аза?станны? ?ызыл кітабы,  слайд.

 Саба?ты? т?рі: аралас саба?
П?наралы? байланыс: ?зін - ?зі тану п?ні.
Барысы:I. Психологиялы? дайынды?
- Тере? дем алайы?, жары? т?сіп т?р?анын елестетіп к?рі?дер
- Б?л та??ажайып жары?, ж?регімізде тынышты?, с?йіспеншілік ?келеді.
- Керемет! Ж?регімізде ?демі г?л ашылып келеді. ?андай ?демі!
- Т?рлі - т?сті к?лтелері ??лпырып т?р.
- Б?л сендерді? аталары?, ?желері?, ?келері?, аналары?.

Ал г?лді? ортасында?ы д??гелек – сен.
II. ?й тапсырмасын тексеру.

1. ?сімдік топтарын аны?та.??састы?ы, Айырмашылы?ын тап.
2. ?сімдік ?су ?шін не ?ажет?
3. ?сімдіктерді? жабайы ж?не м?дени ?сімдік деп аталатын себебі неде? Мысал келтір. 4.?сімдіктер ?анша жыл тіршілік етеді?
ІІІ. Сергіту с?ті.(?имылмен)
Тербеледі а?аштар
Алдымнан жел еседі
?ызыл - жасыл г?лдері
К?зді? жауын алады
?зіп - ж?лмай бекерге
Аялайы? біз оны!
- Б?гінгі жа?а саба?ымызда ?сімдікті ?ор?ауды? ?аншалы?ты ма?ызды екендігін о?итын боламыз.
I?. Жа?а саба?.  Саба?ымызды? та?ырыбы: «?сімдіктер д?ниесін ?ор?ау»
            ?сімдік - тіршілік тірегі. ?сімдіктер жылына ауа ?абатына 400 млн. тонна оттегін б?ліп шы?арады. Жылына бір адам тыныс алу ?шін 173 мы? литр оттегін ?абылдайтыны аны?тал?ан. ?сімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат б?ліп шы?арады.
Сонымен бірге жануарлар ?шін ?орек, баспана.

               Ал адам та?ам, ?й, жи?аз, ауыр?анда ем ретінде пайдаланады.
Адамны? т?рлі іс - ?рекеттері ?сімдікке ?сер етеді. Тікелей ?сері - орманды кесу. Кешенді ?сері - ауылшаруашылы? зиянкестерімен к?ресу ?шін егістіктерді, бау - ба?шаны, егістіктерді жояды. Ойланбай істелетін іс - ?рекеттері - шаруашылы? саласында, демалыс кездерінде бай?амай ?рт шы?ып, ?сімдіктерге зардабын тигізеді.

         Б?л ?ртті? 70%- зы отты д?рыс пайдаланбауды? салдарынан бол?ан. ?аза?станны? ?ызыл кітабына енген ?сімдіктер, оларды са?тау туралы айтып ?ту.
   М?ны? себебі неде? Неліктен к?птеген есімдік пен жануарлар ?ызыл кітан?а енгізілген?

   Біз ??рып бара жат?ан ?сімдіктерді білеміз. Оларды ?ор?аймыз ж?не к?теміз. Біз оларды ермек ?шін емес, ?ажет бол?ан кезде ?ана ж?ламыз. Д?ріхана?а апарып берсек, одан тамаша д?рі жасалады.  К?галда, орманда к?птеген д?рілік ?сімдіктер ?седі, сонымен ?атар улы, адам ?міріне ?ауіпті ?сімдіктер де бар. Жалбыз, ?ыры?буын, итм?рын сия?ты пайдалы ?сімдіктер т?рлі аурулар?а ем.

           Сасы? ме?дуана - улы ?сімдік. Иіскесе?, басы? айналады. Жыл сайын жер бетінде г?лдер азайып барады. Сонымен бірге ?р жазды? бізге сыйлайтын ?ызы?ы мен думаны да азайып бара жатыр.

?.О?улы? бойынша ж?мыс.

 Тізбектей о?у
Тыйым салынады!
- А?ашты кесуге, сындыру?а болмайды.
- Отты к?рсе? с?ндір!
- ?алды? заттарды тастама!
- Ластау?а болмайды.
- Таби?атты тиімді пайдалану керек!
Бір тал ексе?, он тал ек.
?сімдік ?лемін са?та!
Тиімді пайдалан!
Улы ?сімдіктен са?тан!

 ?І. Д?птермен ж?мыс (?зі?ді тексер).101-бет

?ІІ. Саба?ты ?орыту.   Негешті? с?ра?тары:

   - ?ызыл кітап пен ?ара кітап ?алай пайда болды? Оларды неге б?лай атайды?

   - Неге адам ?сімдік ?лемін ?ор?ап, са?тауы ж?не к?бейтуі тиіс?

   Сирек кездесетін жануарлар мен ?сімдіктерді? ??рып бара жат?ан т?рлерін ?ор?ап, к?бейту ?шін адамдар ?оры? ашады.

   Адам таби?ат?а кесірін келтірмей, керісінше о?ан к?мектесе отырып ?мір с?руі ?ажет.

   ?сімдіктерді ?ор?ау, ауаны, суды, орман мен кегалдарды таза са?тау керек.

?ІІІ.?йге тапсырма: 99 - 100 бет ??гімелеу, сурет салу.

Ба?алау

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д?ниетану п?нінен саба? жоспары "?сімдіктер д?ниесін ?ор?ау" 3сынып»

Дүниетану

3 «А» сынып

Күні: 6.04.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер дүниесін қорғау.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер дүниесін қорғау жайлы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1. Оқушылардың білімін тереңдету, нығайту, қорытынды жасау.
2. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін, тіл байлығын, шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл - ойын дамыту
3. Табиғатты құрметтеуге, аялай білуге үйрету, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, Қазақстанның қызыл кітабы, слайд.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану пәні.
Барысы:I. Психологиялық дайындық
- Терең дем алайық, жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдер
- Бұл таңғажайып жарық, жүрегімізде тыныштық, сүйіспеншілік әкеледі.
- Керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі!
- Түрлі - түсті күлтелері құлпырып тұр.
- Бұл сендердің аталарың, әжелерің, әкелерің, аналарың.

Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек – сен.
II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Өсімдік топтарын анықта.Ұқсастығы, Айырмашылығын тап.
2. Өсімдік өсу үшін не қажет?
3. Өсімдіктердің жабайы және мәдени өсімдік деп аталатын себебі неде? Мысал келтір.. 4.Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
ІІІ. Сергіту сәті.(қимылмен)
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Қызыл - жасыл гүлдері
Көздің жауын алады
Үзіп - жұлмай бекерге
Аялайық біз оны!
- Бүгінгі жаңа сабағымызда өсімдікті қорғаудың қаншалықты маңызды екендігін оқитын боламыз.
IҮ. Жаңа сабақ. Сабағымыздың тақырыбы: «Өсімдіктер дүниесін қорғау»
Өсімдік - тіршілік тірегі. Өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.
Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана.

Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады.
Адамның түрлі іс - әрекеттері өсімдікке әсер етеді. Тікелей әсері - орманды кесу. Кешенді әсері - ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін егістіктерді, бау - бақшаны, егістіктерді жояды. Ойланбай істелетін іс - әрекеттері - шаруашылық саласында, демалыс кездерінде байқамай өрт шығып, өсімдіктерге зардабын тигізеді.

Бұл өрттің 70%- зы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктер, оларды сақтау туралы айтып өту.
Мұның себебі неде? Неліктен көптеген есімдік пен жануарлар Қызыл кітанқа енгізілген?

Біз құрып бара жатқан өсімдіктерді білеміз. Оларды қорғаймыз және күтеміз. Біз оларды ермек үшін емес, қажет болған кезде ғана жұламыз. Дәріханаға апарып берсек, одан тамаша дәрі жасалады. Көгалда, орманда көптеген дәрілік өсімдіктер өседі, сонымен қатар улы, адам өміріне қауіпті өсімдіктер де бар. Жалбыз, қырықбуын, итмұрын сияқты пайдалы өсімдіктер түрлі ауруларға ем.

Сасық меңдуана - улы өсімдік. Иіскесең, басың айналады. Жыл сайын жер бетінде гүлдер азайып барады. Сонымен бірге әр жаздың бізге сыйлайтын қызығы мен думаны да азайып бара жатыр.

Ү.Оқулық бойынша жұмыс.

Тізбектей оқу
Тыйым салынады!
- Ағашты кесуге, сындыруға болмайды.
- Отты көрсең сөндір!
- Қалдық заттарды тастама!
- Ластауға болмайды.
- Табиғатты тиімді пайдалану керек!
Бір тал ексең, он тал ек.
Өсімдік әлемін сақта!
Тиімді пайдалан!
Улы өсімдіктен сақтан!

ҮІ. Дәптермен жұмыс (Өзіңді тексер).101-бет

ҮІІ. Сабақты қорыту. Негештің сұрақтары:

- Қызыл кітап пен Қара кітап қалай пайда болды? Оларды неге бұлай атайды?

- Неге адам өсімдік әлемін қорғап, сақтауы және көбейтуі тиіс?

Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің құрып бара жатқан түрлерін қорғап, көбейту үшін адамдар қорық ашады.

Адам табиғатқа кесірін келтірмей, керісінше оған көмектесе отырып өмір сүруі қажет.

Өсімдіктерді қорғау, ауаны, суды, орман мен кегалдарды таза сақтау керек.

ҮІІІ.Үйге тапсырма: 99 - 100 бет әңгімелеу, сурет салу.

Бағалау




































ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға жануарлар дүниесін қорғау туралы жалпы түсінік беру, жануарлар әлемі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылығы: білгендерін күнделікті өмірмен байланыстыра білуге дағдыландыру, ойын, сөздік қорын, тілін дамыту.

Тәрбиелігі: жануарлардың адамға, қоршаған ортаға тигізетін пайдасын ұғындыра отырып, оларға қамқор болып, жойылып кетуден сақтауға, қол ұштарын беруге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, ой қозғау, топтастыру.

Түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: АКТ, тірек сызбалар,сөзжұмбақ, сәйкестендіру тесті,суреттер.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, еңбекке баулу.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларды топқа бөлу (жұмбақ шешу арқылы).І топ. Табиғаттың ерекше бөлігі және жер бетіндегі тірі ағза үшін рөлі өте жоғары, қоректендіреді, киіндіреді және баспана тауып береді. Ол не балалар? (өсімдік). ІІ топ. Өсімдіктердің көбейіп таралуына, өсіп дамуына, жеміс беруіне әсер ететін тіршілік иесі не деп ойлайсыңдар балалар? (жануарлар).

Психологиялық дайындық:

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн, біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз білім алу

Міндетіміз еңбектену,

Еңбектену арқылы

Беске қолды жеткізу.


  • Балалар, бізді қоршаған ортаны не дейді?

  • Табиғат нешеге бөлінеді?

  • Өлі табиғатқа нелер жатады?

  • Тірі табиғатқа нелер жатады?


Үй тапсырмасын пысықтау.

Жануарлардың, құстардың, жәндіктердің адам өміріндегі маңызы қандай?


Негізгі бөлім.

Жылқыға сипаттама беру.


Сергіту сәті:

Аттардың дүбірі (10)

Аттардың жарысқа шыққаны

Аттардың жолда жүруі

Аттар шөп үстінде келеді

Аттар көпір үстінде келеді

Аттар су кешіп келеді.


Қызығушылығын ояту:

Жұмбақ шешу

  1. Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тоқ, тоқ, тоқ соғады.

  1. Өзі улы, өзі шұбар, көрген адам өте қорқар.

  2. Қанаты бар ұшпайды, оны аумен ұстайды.

  3. Жерді де мекен етеді, көлді де мекен етеді.

  4. Құжынаған жұмыскер, бірлескенде тым іскер.

  5. Жазда қыдырады, қыста тынығады.


Сәйкестендіру:

Тоқылдақ қосмекенді

Жылан жәндік

Балық бауырымен жорғалаушы

Бақа жануар

Құмырсқа су жануары

Аю құс



  • Табиғатты сақтау дегенді қалай түсінесіндер?

  • Өсімдіктер мен жануарлады қамқорлыққа алу дегенді қалай түсінесіндер?


Оқулықпен жұмыс.

Ыбырайдың сөзімен.


Мәтінді слайд арқылы түсіндіру

Оқушылардың оқулықпен жұмысы.


Дәптермен жұмыс.


Топтық жұмыс.

І топ. Өсімдіктер әлемі. (қызғалдақ гүлін сипаттайды)

ІІ топ. Жануарлар әлемі. (арқарды сипаттау)


Экологиялық есептер.


Сергіту сәті.


Ой толғау.


«Табиғат аясында» акциясы.


Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалаймын.


Үйге тапсырма. Мәтінді оқу, сурет салу.




36-САБАҚ

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер дүниесін қорғау. Өсімдіктерді қорғау керек.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімін тереңдету және нығайту, табиғатты құрметтеуге және аялай білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның Қызыл кітабы, ҚР Конституциясы, Қазақстан өсімдіктері туралы иллюстрациялар.

Сабақтың барысы:

I. Психологиялық дайындық.

Қорқытпаймыз құстарды,

Қызықтаймыз ұшқанды.

Үркітпейміз аңдарды

Жасамаймыз дұшпандық!

(Ә. Тәжібаев)

Дүниетану

3 «А»сынып

Күні:13.04.2016ж

Сабақтың  тақырыбы: Жануарлардың  көптүрлілігі.Жәндіктер

Сабақтың  мақсаты :

1. Оқушыларды  жануарлар  әлемінің алуан түрлерімен  таныстыру, олардың  қандай  топқа  жататындығын  анықтай  білуге  үйрету.

2.Оқушылардың алған  білімдері  бойынша  түйін  сөзді  таба  білуге, тұжырым, қорытынды  шығара  білу  қабілетін  арттыру.

3. Оқушылардың  табиғаттың жанашыры  болып  табиғатты  қорғауға  өз  үлесін  қосуына  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Аралас  сабақ.

Көрнекілігі: слайд, суреттер, сөзжұмбақ.

I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа  әзірлік.Психологиялық  дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру. «Өсімдіктер  дүниесін қорғау»  тақырыбы  бойынша  түсінгендері  сұралады. Сұрақ  арқылы  бекіту.

1.Біздің   елімізде  өсімдіктің  неше   түрі  бар ?

2.Өсімдік  топтары  дегеніміз  не ?

3.Мәдени өсімдіктер дегеніміз  не ?

4.Сирек және азайып  бара  жатқан  өсімдіктерді  қайда  жазады ?

III. Жаңа  сабақ.

Сөзжұмбақты  шешу  арқылы  жаңа  сабақтың  тақырыбын  ашу.

Мұғалімнің  кіріспе  сөзі. Жануарлар  дүниесі   алуан  түрлі. Ғалымдардың  дәлелдеуі  бойынша  жануарлардың   2млн. түрі  бар. Олар  суда,құрлықта,топырақта,ауада  тіршілік  етеді.

Жануарлар  мынадай  топқа  бөлінеді:

 

Жануарлар тобы

Белгілер

1

Сүтқоректілер

Денесі жүнмен қапталған, төлін сүтпен
қоректендіреді.

2

Қосмекенділер

Суда да, құрлықта да тіршілік ете береді.

3

Бауырымен жорғалаушылар

Денесі құрғақ тас қабыршақпен қапталған.


4

Құстар

Денесі қауырсынмен қапталған.


5

Балықтар

Денесі қабыршақпен қапталған, суда тіршілік етеді, жузу қанаттарының көмегімен қозғалады, желбезектері арқылы дем алады.

6

Жәндіктер

Олардың 6 аяғы болады.

7

Құрттар

Топырақта, суда және тірі ағзаларда тіршілік етеді.


ІҮ.Оқулықпен жұмыс.Оқулықтағы  мәтінді  оқыту. 

Ү.Дәптермен  жұмыс. 

Омыртқасыздардың  арасында  ең  көп  тарағаны  қай  түрі?  (жәндіктер)

Түрлі  ауруларды  тудыратын  жәндікті  ата. (маса,шыбын)

Гүлдерді  тозаңдандырушы  жәндіктерді   ата. (ара,бал  арасы,көбелек)

Құрлықта  мекендейтін  жыртқыш  жануарларды  ата. (аңдар)

«Қызыл  кітапқа»  қандай  аң    түрлері  енген? (ақбөкен,сілеусін,марал)

Біздің  жерімізде  кездесетін  жыртқыштарды  ата. (қасқыр,түлкі)

ҮІ.Сергіту сәті.

VII. Сұрақ – жауап. Ойлан–талқыла. Практикалық жұмыс.

Балалар «Жануарлар әлемінің сан алуандығы» деген тақырыптағы мәтінді оқып, жануарлармен танысады және кестені толтырады.

VIII. Шығармашылық  тапсырма.(Суретпен жұмыс)

  1. Жануарлардың атын ата.

  2. Ол қай топқа жатады.

  3. Оның түр-түсі қандай?

  4. Ол қай жерді мекендейді?

  5. Немен қоректенеді?

  6. Одан қандай пайда немесе зиян әкеледі?

Үйге тапсырма.    105-106-бет оқу.Жануарлардың  көптүрлілігін  мазмұндап  келу.

Оқушыны  бағалау.










































Дүниетану

Күні: 20.04.2016ж

Сыныбы: 3 «А»

Сабақтың тақырыбы: Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар

Мақсаты: Оқушыларға балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың тіршілігін түсіндіру. Оқушылардың балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар туралы алған білімдерін кеңейту.

2. Оқушылардың дүниетанымын дамытуға жағдай жасау, оқу-танымдық кабілетін, ой-өрісін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру.

3Оқушыларды табиғатты сүюге, жан-жануарға қамқор болуға баулу, оларды қорғауға тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: кітаппен жұмыс, сөзжұмбақ шешу, ұжымдық жұмыс, тест жұмысы,

сұрақ – жауап әдісі.

Көрнекті құралдар: слайд

 Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру

А) Сабаққа кіріспе:

Бүгінгі сабағымды мына өлең шумағынан бастағым келеді

Қар, мұз еріп,

Су көбейіп,

Сай-салаға ағады.

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып,

Гүл, бәйшешек басады.

Бөбектерім айтыңдаршы!

Бұл қай кезде болады?

Көктемде

Қазір жылдың қай мезгілі

Бүгін ауа райы қандай?

Көктемде табиғат қалай өзгереді?

Көктемде жануарлар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

 Б) Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыпты қайталау:

* Табиғат дегеніміз не?

* Табиғат неден тұрады?

* Тірі табиғатқа не жатады?

* Жануарлар қандай топқа бөлінеді?

 Сүтқоректілер  балықтар қосмекенділер  жорғалаушылар бунақденелер құстар

Жаңа сабақты түсіндіру

Қазір мына сөзжұмбақты шешіп жіберейік.

  1. Отырмайды, тұра аламайды.

Түзу жолда бұраңдайды. (жылан)

  1. Қанаты жоқ ұпайды,

Су астында қыстайды?   (балық)

  1. Су  оның мекені,

Құрлықта да жүреді      (бақа)

4. Ішінде тамақ салынған

Есігі тастай жабылған   (жұмыртқа)

 Сөзжұмбақты шешкенде қандай сөздер шықты: жылан, бақа, балық.




Бұлар жануарлардың  қандай  тобына  жатады?

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Олай болса, бүгін біз қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылардың тіршілігімен танысамыз.

Есімізге түсіріп жіберейік, қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылар қыста қайда қыстайды?

Бақалар су түбіндегі лайға тығылып, ұйқыға кетеді.

Жылан мен кесіртке жапырақтар мен шөптердің арасына  тығылып ұйықтайды.

Неліктен олар ұйқыға кетеді?

Күзде азық қорының азаюынан, ауа райының салқындауынан суыққа шыдай алмайды.

Көктемде қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылардың тіршілігінде де қандай  өзгерістер болады?

Олар ұйқыдан оянады.

Жорғалаушылардың жер бетінде 8000-ға жуық түрі, соның 19 түрі Қазақстанда, қосмекенділердің 4000-ге жуық түрі, соның 12 түрі Қазақстанда, балықтардың 20000-ға жуық түрлері соның 180 түрі Қазақстанда, тасбақаның Қазақстанда 2 түрі кездеседі.

Осыларға (Балықтар, бақалар, жыландар, кесірткелердің) ортақ  не?

Көктемде балықтар, бақалар, жыландар, кесірткелер жұмыртқалайды. Олар көктемде жұмыртқалау арқылы көбейеді. Балықтар мен бақалардың жұмыртқасын уылдырықтар деп атайды. Уылдырықтардан дернәсіл дамып, итшабақтар өсіп шығады. Жыландар мен кесірткелер жұмыртқасын құмға салады.

Балықтар, бақалар, жыландар, кесірткелер бунақденелермен, балдырлармен,шабақтармен қоректенеді. Жылан сонымен бірге тышқанды, құстарды және кесірткені ұстап жейді.

Бақа зиянды бунақденелермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайдасын келтіреді. Жыланның уынан дәрі алынады, балықтардың бауырынан май алынып, онда «Д» витамині мол. Сондықтан оларды қорғауымыз керек.

 Оқулықпен жұмыс:

Оқушыларға мәтінді іштей, тізбектей дауыстап оқыту

Көктемде қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

Дәптермен жұмыс:

Қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылардың атын жазғызу.

 Рефлексия. Бүгінгі сабақта біз нені үйрендік?

Үйге тапсырма: 107-111 бет

VII. Қортындылау:        тест жұмысы

 Бақа қай топқа жатады?

а) балық     ә) қосмекенді    б) жорғалаушы

 Бақа мен балықтың жұмыртқасын не деп атайды?

а)  уылдырық    ә) шабақ   б) дернәсіл

 Жорғалаушыны көрсет:

а)  бақа    ә) балық   б) жылан

 Балық немен қоректенеді?

а)  балдырлармен   ә) бунақденелермен   б) шөппен

 VIII. Бағалау.

 
















Тақырыбы: Сүтқоректілер

Мақсаты: Оқушыларға сүтқоректілер туралы түсінік беру; оқушының ой-өрісін, сөздік қорын дамыту; салауатты өмір сүруге тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Бауырымен жорғалаушылар. 2. Мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру: 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сүтқоректілер

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Сүтқоректілердің барлығы болсын тірідей туыпемшек сүтімен қоректендіріледі. Сүтқоректілердің бас қуысындағы миы үлкен және сезім ағзалары жақсы жетілген.

1. Сүтке қарап жануарлар тобын жікте:

Тұяқты кеміруші

су жанураы жыртқыш

2. Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Мәтінді оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру:

- Бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілердің айырмашылығы мен ұқсастығын анықта. - Адам тіршілік ету барысында жануарлардың қандай топтарын көп пайдаланады?

Дәптермен жұмыс: өсімдіктердің топтарын жазу

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 142-143 бет оқу, мазмұнын айту.2.



Пәні: дүниетану Сынып: 3 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілер
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сүтқоректілердің маңызы туралы түсінік беру. Сүтқоректілердің бейімделу ортасы, көптүрлілігі жайлы мағлұмат беру. Дамытушылығы:Сүтқоректілер класы өкілдерінің ішкі және сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері туралы оқушы ойын дамыту, жаңа технологияның әдіс тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың жаңаша білім алуларына қабілеттерін арттыру, сүтқоректілердің көптүрлілігін білуге жағдай жасай отырып білімдерін кеңейту. Тәрбиелігі: Оқушыларды сүтқоректілер класының өкілдерін қорғауға тәрбиелеу. Оқушыны жан- жақты терең, еркін ойлауға, ұстамдылыққа, өз ойын бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу.


Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер

Сабақтың тақырыбы: Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер
Сабақтың мақсаты: Жануарлар топтарын ажырату және олардың өзіндік ерекшеліктерін ажырату.
Міндеттері: - Жануарлардың мекен ететін ортасы туралы түсініктер алу;
- Қоректену жолдарын анықтау;
- Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңінде психологиялық дайындық жасау. Ол үшін мына қанатты сөзді оқыту және талдату:
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ».
Табиғаттың адам өміріндегі маңызына қысқаша тоқталып өту.

2. Жаңа сабақ жоспары
• Миға шабуыл. «Табиғат» (Ой шақыру)
- Табиғат нешеге бөлінеді? (2 - ге)
- Өлі табиғатқа нелер жатады? (тау, тас, су, т. б.)
- Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам, жануар, өсімдіктер)
- Ендеше, тірі табиғаттың бір тобы жануарлар әлемі жөнінде әңгімелесейік. Балалар, сіздер қандай жануарларды білесіңдер? Олар туралы қай сабақта өткен болатынбыз? (Әліппеде)
- Жақсы, ендеше, бізге көмекке сүйікті «Әліппеміз» келсін. (Әліппедегі жануарлар суреттерін қарап, еске түсіру)

3. «Жануарлар әлеміне» қысқаша шолу жасау:
Жануарлар әлемі
Табиғат жағдайы жер шарының барлық бөлігінде бірдей емес. Осыған байланысты жан – жануарлар тіршілік етуге бейімделіп отырады. Олар жер бетінде, суда, ауада, топырақ арасында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде тіршілік ете береді. Олар бір - бірінен ұқсастығына, түрлеріне, ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.

4. Мәтінмен жұмыс.
- Электронды оқулық арқылы мәтінді таныстыру;
- Іштей оқыту;
- Тізбектей оқыту;

5. Мәтіннің мазмұны бойынша талдау - жинақтау жұмысын жүргізу:
1) Дала жануарларын неге «жабайы аңдар» дейміз. өзің білетін жабайы аңдарды ата.
2) Жабайы аңдардың пайдасы туралы айт.
3) Үй жануарлары туралы әңгімеле.
4) Олардың пайдасы туралы өлең - тақпақтар оқып беру:
Сүт
Май алады сүттен,
Қүрт алады сүттен.
Сүт алады молырақ,
Малын баптап күткен.
Ірімшік
Атамның да тісі жоқ,
Апамның да тісі жоқ.
Тәтті ірімшік жинаймын,
Екеуіне сыйлаймын.
Қымыз
Жеңгем бие сауады,
Ағам саба піседі.
«Денсаулыққа дауалы»,
Деп үлкендер ішеді.
Шұбат
Іркіт түстес түрі,
Дәмі сүттің бірі.
Бойға қуат,
Ішкенге ем шұбат.
Қазы
Ет төресі қазыны,
Апам тұздап баптайды.
Ұнға илеп жаз күні,
Күзге дейін сақтайды.
Ет
Майлы ет,
Майсыз ет.
Жесең көп,
Зиян тек.
5) – Бұлар малдан алынатын тағам өнімдері. Ал, «жабайы аңдардан» осындай өнімдер ала аламыз ба? Неліктен?

6. *Бүгінгі өткен тақырып бойынша жануарларды топтау:
- жабайы аңдар
- дала жануарлары
- үй жануарлары
* Олар қайда мекендейді және немен қоректенеді?
*Олардың қандай ортақ белгілері бар, сен соны байқадың ба?
(Ойлануға уақыт беру)
*Олар «сүтқоректілер» деген қорытынды жасау.

7. Дәптермен жұмыс. «Сүтқоректі жануарлар» ұғымын жаздыру.
Қосымша мәліметтер беру.
Сүтқоректі жануарлар
Баласын тірі туып, сүтпен асырайтын жануарларды сүтқоректілер дейді. Қазір дүние жүзінде 4500 – жуық, ал Қазақстанда 150 – ден астам сүтқоректі жануарлардың түрлері тіршілік етеді. Әр түрлі тышқандардан бастап маймылға дейін сүтқоректілер қатарына жатады. Сүтқоректілердің еті, сүті, күші, терісі, жүні, түбіті адам үшін пайдалы. Оларға үй малдары және жабайы аңдар: піл, құлан, түлкі. Қоян т. б. жатады. Зиянды сүтқоректілер де бар. Саршұнақ, суыр, тышқан тұқымдас жануарлар түрлі аурулар таратады.

8. Жаңа сабақты бекіту үшін жұмбақтар жасыру. Жұмбақтың шешімін суреттерден табу.
Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды кісіні.

Жазда сұрғылт.
Қыста аппақ.

Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып,
Емге шипа бұл дағы.

Қайда болсын баратын,
Мінсең – ұшқыр қанатың.

Көзін жұмады,
Көзін ашады.
Сыбысын білдірмей,
Ақырын басады.

Адамға серік,
Күзетке берік.

9. Қорытындылау. Жабайы аңдар да, үй жануарлары да өмірге өз төлдерін әкеледі, сүтпен қоректендіреді, есейгенше қорғаны болады. Олардың қайсысының өмірі жеңілірек деп ойлайсың? Әлде бәрі бірдей ме?
10. Үйге тапсырма. Мәтінді оқу. Үй жануарлары мен жабайы аңдарды салыстыру.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Д?ниетану п?нінен саба? жоспары "?сімдіктер д?ниесін ?ор?ау" 3сынып

Автор: Шарипбаева Мейрамгуль Маденовна

Дата: 03.04.2016

Номер свидетельства: 314449


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства