kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дуниетану п?ні бойынша ашы? саба? "А?дар мен ??старды? жаз?ы тіршілігі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

а) білімділік: Жаз мезгіліндегі а?дар мен  ??стар тіршілігіні? ерекшелігімен таныстыру,  оларды? т?рлері, пайдасы туралы білімдерін ке?ейту.?) дамытушылы?: О?ушыларды? таным белсенділігін, ойлауын сын т?р?ысынан арттырып, тілін дамыту. С?здік ?орын молайту. Халы? ?азынасы ма?ал, ырым - тыйым, ж?мба?, болжамдарды тиімді пайдалана білу.б) т?рбиелік: Олар?а ?ам?орлы? жасау?а, таби?атты ?ор?ау?а т?рбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дуниетану п?ні бойынша ашы? саба? "А?дар мен ??старды? жаз?ы тіршілігі" »

Кенен Әзірбаев атындағы № 15 орта мектеп

Мемлекеттік коммуналдық мекеме













Сабақтың тақырыбы:

Аңдар мен құстардың жазғы тіршілігі

Дүниетану 1 «Е» сыныбы

















Сынып жетекшісі: Бақтығалиева Г.Қ.



2015 жыл



Сабақтың тақырыбы: Аңдар мен құстардың жазғы тіршілігі
Мақсаты:
а) білімділік: Жаз мезгіліндегі аңдар мен құстар тіршілігінің ерекшелігімен таныстыру, олардың түрлері, пайдасы туралы білімдерін кеңейту.

ә) дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділігін, ойлауын сын тұрғысынан арттырып, тілін дамыту. Сөздік қорын молайту. Халық қазынасы мақал, ырым - тыйым, жұмбақ, болжамдарды тиімді пайдалана білу.

б) тәрбиелік: Оларға қамқорлық жасауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойын, топтастыру.


Көрнекілігі: сөзжұмбақ, слайдтар, сызбалар мен кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа психологиялық дайындығын қалыптастыру.
Сүйейік, табиғатты аялайық!
Біз онан жақсылықты аямайық!
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Балаларды 2 топқа бөлу

  1. Аңдар тобы

  2. Құстар тобы

-Балалар, қыс аяқталып көктем де келіп қалды. Мына ағаштарымыздың жалаңаш бұтақтарын білім сайысында жинаған жапырақтармен жайнатып жіберейік. Әрбір жинаған жапырақтарың өз топтарыңның ұпай санын көбейтеді.

II. Үй тапсырмасы
Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі(Қанқыз, шаншар,шыбын, құмырсқа, көбелек )

(Үйден салып келген бунақденелілердің суретін көрсетіп әңгімелейді)



III. Үй жұмысы бойынша білімдерін тексеру.

Сөзжұмбақ «Қанқыз» (Слайд №1)





1.Бунақденелілердің қысқы тіршілігі мен жазғы тіршілігін салыстыру. (Слайд №2) Сұрақ-жауап арқылы балалардан жауап алынады.

ІV. Мақсат қою.
- Балалар, мына өлеңді тыңдайықшы
Табиғатты қолдай біл,
Аң құсын да қорғай жүр.
Білуіміз керек оны біз,
Бізде табиғаттың біріміз.
Табиғат бөлек демеңіз,
Сол үшін жауап береміз.
Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған екен?
- Табиғат туралы
- Қане, барлығымыз қайтадан қайталап жіберейікші.
-Балалар, табиғат дегеніміз не екен?
-Ол бізді қоршаған орта, табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ. Ол барлық тіршілік иелерінің ортақ үйі, табиғаттың бізге берер сыйы да көп. Олай болса бүгінгі сабағымызда осы табиғаттың тіршілік иелерінің бірі аң-құстардың жазғы тіршілігімен танысамыз.


V. Жаңа сабақты меңгерту.

Аңдар-табиғаттың бір бөлшегі.(Слайд№3)

Құстар - пайдалы, адамға дос, бау - бақша, ағаштарды қорғайды, ән салады, сән береді, егінге пайдалы, зиянды құрттарды жояды. Құстар үй және жабайы құстар болып бөлінеді. (Слайд №4)

  1. Мәтін мазмұнын түсіндіру.

  2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді өзбетілік, тізбектей оқу.

Психологиялық сергіту сәті

Құстар мен аңдар туралы мәліметтер (Балаларды өз бетінше іздену жұмыстары)

«Халық болжамдары» - табиғат қорғау дәстүрінің бірі. Оны бекерге айтпаған, тыйым сөздерді де түсіндіріп отырған.

ЖАЛПЫ ҚҰСТАР
— көңілдене сайраса — келер күн ашық;
— үндері тынса, күн күркірейді;
— жыл құстары топтанып қайтса — келер қыс қатты;
— жыл құстары топ - тобымен бір мезгілде оралса, көктем тез кіреді;
— жер бауырлап ұшса, ауа райы бұзылады;
— күзде ұясын күн түсетін жаққа салса - қыс суық, көлеңке бетке салса, жылы болмақ;
— қыста үй төңіректей жиналып қиқуласа, қарды қазса, күн суытады.






VI. Жаңа білімді меңгергенін тексеру.
Аңдардың адамдарға пайдасы (Кластер әдісі, слайд № 5)

Құстардың адамдарға пайдасы (Кластер әдісі, слайд №6)

VII. Бекіту.

а) Ойын » Кім тапқыр?»( Қай аңның баласы екенін ажырату )

ә) Ойын «Қай құстың дауысы?» (Құстардың дауысынан қай құс екенін ажырату)

в)Мақал- мәтелдер

Балалардан құстар және олардың пайдасы туралы мақал-мәтелдер сұрау.

Қаз келсе, жаз келер, Қарға келсе, қатқақ келер.

Шағала келмей жаз болмас, Шаңқан келмей, боз болмас.

г) Ұйқасқа өлең құрау
------ айтпаймыз,
------ баспаймыз,
------ сатпаймыз,
------ қорғаймыз.


VIIІ. Балаларды бағалау және үйге тапсырма.
Әр топ өзінің жинаған жапырақтарын ағашқа бекітеді. Жапырағы қалың ағаштың иесі жеңімпаз атанады.

1.Аңдар мен құстардың жазғы тіршілігі оқу, мазмұндау.
2. Қалаған бір құстың суретін салып келу







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дуниетану п?ні бойынша ашы? саба? "А?дар мен ??старды? жаз?ы тіршілігі"

Автор: Бактыгалиева Гаухар Койшыбаевна

Дата: 11.03.2015

Номер свидетельства: 184667


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства