Просмотр содержимого документа
«Д?ниетану 4-сынып «?аза?стан облыстары» »
Дүниетану Күні:---------------------
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан облыстары.
Сабақтың мақсаты:
1) Қазақстанның әкімшілік-саяси картасымен таныстыру.Еліміздің басты қалалары жайлы түсіндіру.
2)Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың талдап, қорытынды жасау дағдыларын дамыту, есте сақтау, зейіндерін жетілдіру.
3)Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Өткен тақырыпты қайталау
-Неліктен балалардың көбі программалаушы болғысы келеді?
-Қазіргі заманда әрбір істе техниканың қандай түрі кеңінен қолданылады?
-Неліктен?
-Ауылдық жерде қандай мамандардың еңбегі маңызды?
-Пайдалы,үнемдеу,тиімді дегенді қалай түсінесің?
Солтүстік Қазақстанда қандай өнеркәсіп дамыған?
Мазмұнын сұрау.
ІІ Жаңа сабақ (кіріспе)
-Жалпы біз осы жұмыстарды не үшін атқарамыз?
-Біз қайда өмір сүріп жатырмыз?
а) Тарихи анықтама беру.
- Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығындағы мемлекет.
Солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан республикаларымен, шығысында Қытаймен шектеседі. Батысында Каспий теңізі орналасқан. Республикада 131 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады.Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Валютасы – теңге.
Елордасы – Астана қаласы.Әкімшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке біріккен 7719 ауылдық елді мекен бар (2003 жылғы есеп бойынша)
ә) Қазақстанның әкімшілік- саяси картасымен таныстыру.
б)Ребус шешу
в) «Қазақстан облыстары» телекөпір.Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді.Оқулықтағы мәтінді бөліктерге бөліп, әр топ өзіне тән бөлімді оқып, түсінгендерін айтады.Сондай –ақ әр топ белгілі бір облыстың атынан сөйдейді. Мысалы:
- Біз Алматы облысында тұрамыз.Біздің облысымыздың табиғаты тамаша.
ІІІ Қорытынды
- Қазақстанда неше облыс бар?
- Облыстар бейнеленген карта қалай аталады?
- Әр облыстың географиялық орны және шаруашылығы жағынан ерекшелігі қандай?
Бағалау
Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқып келу. Қосымша Қазақстан облыстары туралы ізденіп оқу.