kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д?ниетану. 4 класс "Ту?ан ел. Отан . Отаным мені? , байта? ?лкем"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отан - ?аза?стан, ту?ан ел туралы т?сініктерін ке?ейту. О?ушыларды Отанды с?юге, ?аза? еліні? р?міздерін ?астерлеуге, ту?ан жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру, жыл бойы ?ткен та?ырыптарды еске т?сіру. О?ушыларды? интеллектуалды? ой - ?рісін, білім де?гейін к?теру.
1.Ту?ан ел, Отан туралы, елімізді? сайын даласы жайында т?сінігін тере?дете т?сіндіру. Ту?ан елі, Отан туралы о?ушыларды? с?йлеу да?дыларын ?алыптастыру, о?ушыларды? танымды? де?гейлерін ?рістету, тіл байлы?ын, ?з ойын жеткізу, с?здік ?орын молайту, есте са?тау ?абілеттерін арттыру.
2.Ой-?рісін, с?йлеу тілін, с?здік ?орын, мазм?нын толы?, жина?тап айту ?абілеттерін дамыту. О?ушыларды? патриотты?, ма?таныш сезімін дамыту

3.Отан?а,хал?ына деген с?йіспеншілікке, оны ?адірлеп, ?астерлей білуге, ?ор?ау?а т?рбиелеу. ?з еліні? тарихын сыйлау?а ?йрету, о?ушыларды патриотты? рухта т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д?ниетану. 4 класс "Ту?ан ел. Отан . Отаным мені? , байта? ?лкем" »

Дүниетану 4 «А» кл.

Тақырыбы: Туған ел. Отан . Отаным менің , байтақ өлкем

Мақсаты: Отан - Қазақстан, туған ел туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жыл бойы өткен тақырыптарды еске түсіру. Оқушылардың интеллектуалдық ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.
1.Туған ел, Отан туралы, еліміздің сайын даласы жайында түсінігін тереңдете түсіндіру. Туған елі, Отан туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
2.Ой-өрісін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, мазмұнын толық, жинақтап айту қабілеттерін дамыту. Оқушылардың патриоттық, мақтаныш сезімін дамыту

3.Отанға ,халқына деген сүйіспеншілікке , оны қадірлеп, қастерлей білуге, қорғауға тәрбиелеу. Өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Сабақ типі: саяхат сабақ

Әдісі: ойын, сын тұрғысынан ойлау, топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекіліктер:интерактивті тақта, слайдтар, презентация, кеспелер,оқу,түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

Мақсатын қою кезеңі:

Туған ел. Отан. Отаным менің , байтақ өлкем.

Сабақтың мақсаты: мәтінді түсініп оқу. Берілген тапсырмаларды тиянақты орындау. Топ мүшелерін тыңдай білу.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Отан сөзіне ассоциация

2.

Азамат соғысы

Ұлы Отан соғысы

Желтоқсан оқиғасы

Қабанбай

Әлия Молдағұлова

Қайрат Рысқұлбеков

Бөгенбай

Мәншүк Мәметова

Ләззат Асанова

3.Слайдтармен жұмыс

- Балалар қараңдаршы қандай байтақ, бай, әдемі мақтан тұтатын жерлеріміз бар! Енді осындай жеріміз бар екендігі кімдердің арқасы деп ойлайсыңдар?
- Әрине, ата - бабаларымыздың арқасында.
- Тақтаға қараңдаршы мынау кімдердің суреттері және бұл адамдар жайлы не айта аласыңдар?

( тақтада Тәуке хан, Абылай хан, Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билердің суреттері ілулі болады).
- Жақсы, балалар. Бұл ұлы адамдар сол заманда елімізді басқарған.

4. Пойызбен Ақтөбе қаласынан Алматыға саяхатқа барамыз.(Әдемі жерлерді слайдтан көрсету)

5. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқу.

4 топ бөліп оқу.

«Жібек жолы»поезы неге солай аталған?

Ұлы Жібек жолы --- Еуразияның батысы мен шығысын байланыстырған керуен жолдары тораптарының шартты атауы.Ұлы Жібек жолы б.з.б. ІІ ғасырдың соңында қалыптасты. Ол Қытайдың Чаньан қаласынан басталып, Римде аяқталатын. Ұлы Жібек жолы сусыз шөл далалар , қиын таулы шыңдар, өзен-көлдер, мұздықтар арқылы өтті. Оның бойымен әр түрлі бағыттарда ерекше тауар тасыған көпес керуендері жүрді. Ең қымбат тауар қытай жібегі саналды. Жібек алтынмен бірге халықаралық валюта қызметін атқарды. Ұлы Жібек жолының бір тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу, Мерв, Бұхара,Самарқан, Үргеніш,Отырар, Сығанақ, Сайрам,Созақ, Сауран, Тараз, Баласағұн, Талхиз қалалары арқылы өткен.Ұлы Жібек жолы ХІҮ-ХҮ ғасырларда ұлы географиялық ашулардың , яғни теңіз жолдарының ашылуына байланысты өз маңызын жойды. Кейін мүлдем өмір сүруін тоқтатты.

Ол поез ежелгі Жібек жолы сілемімен жүреді. Алматыдан шыққан поез Ақтоғай арқылы Қытай Халық Республикасы Шыңжаң өлкесінің орталығы Үрімшіге барады.Жібек жолы елде сауда мен мәдениеттің өсуіне ықпалын тигізді. Ол бірнеше тармаққа бөлінген. Оның бір тармағы Ферғана, Самарқан, Иран,Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан.Орта Азияға,Сырдың төменгі ағысын бойлай Қазақстанға жеткен:Қара теңіздің солтүстік- шығысын айналып, Еуропа жеріне қарай өткен. Көп қалалар құм астында қалып қойған.

Жібек жолы деп неге аталғанын сендер үшінші кластың еңбек пәнінен естігенсіңдер.

Қытайда тұт ағашымен қоректенетін тұт жібек көбелегі бар .Оны өндіру жолын Қытайлар құпия ұстаған Жібек өте жеңіл мата. Ұлы Жібек жолы сол заманда аса маңызды саналған.

Біздің мемелекетіміз жер көлемі жағынан нешінші орында еді?

Қазақ жері қойма деп неге аталады?

Адамдар өте ерте кезден-ақ бір-бірімен сауда жасасқан. Бұл сауда орындарының – базардың, жәрмеңкенің, сонымен қатар ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-біріне жалғаған сауда жолдарының пайда болуына себепші болды. Жолдар бір-біріне қосылып, батысқа, шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке қарай көршілес жатқан жерлердің бірінен соң біріне жылжи отырып созыла берді. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы пайда болды. Чжан Цянбның жасаған саяхаты нәтижесінде б. з. б. 2 ғасырда ашылды.

Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын, әдемі көк тас лазурит тасымалданған — «лазурит жолы» деп аталған. Екінші тармағы – Қытайдағы императорлар мен ақсүйектердің сүйікті заты болған әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын — «нефрит жолы» болған. Ал үшінші «бұлғын жолымен» қымбат бағалы терілер тасылған

Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен.

Бас сауда жолы Тянь-Шань тауларының бөктерімен жүріп, Сырдария, Талас, Шу, Іле алқабын кесіп өтіп, Қытайға қарай созылып жатты. Оның тармақтары бұрын Яксарт, кейінірек Сейхун деп аталған Сырдария

Тянь-Шань сөзіне сөздік.159-бет.

6.Видео «Ұлы жібек жолы»

7.Картамен жұмыс (жібек жолы)

8.Саяхатымыз Астана қаласында жалғастырайық.

9.Жалғасын тап ( мақалдарды жалғастыр)

Ал қазіргі кезде, біздің елімізді кім басқарады? Бұрында ханның көмекшілерін билер деп атасақ, қазіргі заманда елбасымыздың көмекшілерін қалай атайды?(парламент: жоғары палата сенат, төменгі палата - мәжіліс деп аталады, үкімет министрлер кабинеті, үкіметті премьер министр басқарады, денсаулық сақтау, білім және ғылым, мәдениет, қаржы, қорғаныс, ауылшаруашылығы, сыртқы істер, ақпарат және қоғамдық министрлер салалары бар).
- Ата - бабаларымыз өз парыздары мен міндеттерін жүзеге асырып осындай керемет жерді аманат етіп бізге қалдырды.
10.Ал ,балалар, Отан тақырыбына эссе жазып көрейік. Өздері салған суретін қорғау

11.Ойын «Сандар сөйлейді»

Бекіту кезеңі: Қорытындылау

-Қазақ жері қандай табиғат байлықтарына бай?

-Тасбақаны неге алуға рұқсат етпеді?

-«Ұлы Жібек жолының» қазақ елі үшін қандай маңызы бар?

-Өз өлкең туралы не айта аласың?

Үйге тапсырма беру кезеңі: 156-159-беттерді оқу, мазмұны. Картамен сарамандық тапсырма орындау. Бағалау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Д?ниетану. 4 класс "Ту?ан ел. Отан . Отаным мені? , байта? ?лкем"

Автор: Карибаева Ырыскул Акдаулетовна

Дата: 11.05.2015

Номер свидетельства: 209793


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства