kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д?ниетану 1 сынып "Астана"

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар  елордамыз-Астана жайлы к?птеген а?параттар білетін болды.О?ушыларды? топпен ж?мыс жасай отырып,сыни ойлау ар?ылы бір-біріне ?арым ?атынастары ны?айды.Астана ?аласыны? тарихын ме?герді.Астананы? ?ркендеу жолында?ы жетістіктерін біледі.Слайд ар?ылы Астананы? ?сем жерлерімен жа?ын танысып,Астана ?аласы жайлы жа?сы ?сер алды.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д?ниетану 1 сынып "Астана" »





Тақырыбы:Астана.

Мақсаттары:

1. Оқушылардың Астана қаласы туралы білімдерін тереңдету.Астана қаласының тарихы,мәдениеті, табиғаты, мәдени ескерткіштерімен таныстыру.

2. Оқушылардың өзіндік логикалық ойлауын, белсенді ойлауын дамыту.Сөйлеу қабілеттерін ,байқағыштық қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру,өз жерін,елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Астананың белгілі жерлерінің суреттері бейнеленген слайдтар, интерактивті тақта.

Әдісі: сұрақ – жауап,әңгімелеу, топпен жұмыс.

Түрі: саяхат сабақ.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Балалар бүгінгі сабағымызға қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Қазақ халқы қонақжай халық. Келген қонақты төрге шығарып, иіліп сәлем беріп құрмет көрсетіп отырған.Олай болса келген қонақтармен амандасып алайық.

Гимназия атты мектептің

Тәрбиелі баласымыз

Алдыменен қонақпенен

Амандасып аламыз.

Ал енді бүгінгі сабақты мен музыкалық әуеннен бастағым келіп отыр.

Мен қазір музыка қоямын,сендер әнді тыңдай отырып,әннің мазмұнына көңіл бөліп отырыңдар.

  • Бұл әнді біз теледидардан үнемі тыңдап жүрміз.

  • Әнді қай топ орындады? МузАрт

  • Әнді орындап тұрған әнші ағаларыңның атын білесіңдерме?

  • Мейрамбек, Сәкен, Кенжебек ағаларың

  • Әнде не туралы айтылған?

  • Үшқоңыр ауылы жайлы айтылған.

  • Үшқоңыр тауы жайлы айтылған.

  • Біздің туып өкен жеріміз туралы айтылған.

  • Бұл жер киелі жер, өйткені мұнда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дүниеге келген.

  1. Үй жұмысын пысықтау.

Үйге қандай тапсырма берілді?

«Отан» тақырыбын оқып келу мазмұндау, қосымша өлеңдер, мақал -мәтелдер жаттау.



Тақтада Қазақстанның әдемі табиғаты бейнеленген сурет тұр.Суреттің астында сұрақ жасырылған.Сол сұраққа жауап беретін I топ.

I топ жет. Айым.

2 топ жет. Шыңғыс

  1. топ жет. Жанель

I топ Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Әркімнің туып өскен жері Отан деп аталады.Біз Қазақстанда туып өстік.Бұл біздің Отанымыз.

  • Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы сан ғасырлар бойы ата бабаларымыз жерін жаудан қорғап,бүгінгі ұрпақ бізге жеткізді.Сондықтан біз оны Отанымыз дейміз.

  • Қазақстан біздің Отан анамыз.Бізді нанымен,суымен асырайды. Қазақстанның жері үлкен дүниежүзі бойынша 9 орын алады.Туған жердің қадірін шетте жүрсең білесің.

II топ: Қазақстанның таулары, көлдері, өзендері.

  • Қазақстанда биік-биік таулары бар. Олар Алтай,Сауыр,Тарбағатай, Жетісу,Іле Алатауларында орналасқан.

  • Ірі өзендер Жайық, Ертіс, Есіл,Сырдария, Іле, Нұра.

  • Қазақстанда ірі көлдер Балқаш, Арал, Байкал.

  1. топ: Қазақстанның байлығы жайлы әңгімеле.

  • Еліміз өсімддіктер мен жануарлар дүниесіне өте бай.Емдік қасиеті бар дәрілік өсімдіктер (шырғанақ, итмұрын,қалақай өседі).

  • Терісі бағалы аңдар (түлкі,аю,құндызда тіршілік етеді.

  • Қазақстан қазба байлықтарына өте бай.Көмір,мұнай,темір, қара метал, түсті металдар бар.

Үйге қосымша тапысырма берілген Отан тақырыбына өлең, мақал-мәтел кім жаттап келді.

  1. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі

Сөзжұмбақ шешу.



  1. Қазақтың ұлы ақыны кім?

  2. Ауданымыз қалай аталады?

  3. Білім беретін орын ?

  4. Қазақстанның бұрынғы астанасы?

  5. Ас атауы?

  6. Ұлтымыз?





А










С










Т










А










Н










А










Жаңа тақырып Астана деп аталады екен. Олай болса біз бүгін Астана қаласына саяхат жасай отырып. Жерлері мен қаланың тарихы мен мәдениеті, мәдени ескеркіштерімен танысамыз.



  1. Отанымыздың бас қаласы қай қала?

  2. Сендер Астаанаға барып көрдіңдер ме?

5. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі

Олай болса бүгінгі сабақта біз Астана қаласына саяхатқа шығаммыз

Астана қаласына поезға отырып барамыз. Көзімізді жұмамыз.

  1. Теміржол вокзалына келдік

  2. Бәйтерек монументіне келдік (бейбітшілік ағашы) деп атауға болады. Есіл өзенінің сол жағасында орналасқан . Биііктігі 97 метр салмағы 1000 тоннадан асады. Шардың ішінде елорданның келбеті алақанға салғандай көрсететін понарама залы орналасқан. Күміс тұмар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің алақанының таңбасы салынған.

  3. Призидент сарайына келдік . Бұл жерде кім отырады? Призидент сарайы яғни Ақ Орда әрине мұнда елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отырады. Осы жерде ресми келіссөздер ,кездесулер өткізеді. Көптеген жұмыстарға басшылық жасап отырады.

  4. Парламент үйі Депутаттар отырады ,заң шығарады.

  5. Балалар мен жасөспірімдер сарайы. Мұнда оқушылар шығармашылық жұмыстармен шұғылданады.

  6. Циркке барғанды жақсы көресіңдер ме ? Астана циркі.Ғимарат ұшақ тәрелкені еске түсіреді. 2000 көрерменге арналған.

  7. Мұхит жануарларының мекені.

Бұл жерге кірсеңіз тура бір теңіздің астында барық теңіз жануаларының түрлерін көргендей боласың.

Қалада басқа да зәулім үйлер бой көтерді.

Әсем ғимараттар көз тартады.

Әдемі ағаштар гүлдер қалаға көрік беріп тұрғандай жоғары оқу орындары ескерткіштер,демалыс парктері театрлар бар.Астанамыздың аз уақыт ішінде көркеюі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы екенін білуіміз керек.

Сонымен балалар бүгінгі саяхатымызды аяқтап ауылға қайтайық.Барлығымыз поезға мінейік.Көңілді отыру үшін ән айтайық.

Астананың ең ұнаған жері қай жер айтыңдаршы.?

Астананың біраз жерін араладық.

Кітаппен жұмыс жасайық.

Үйден Астана жайлы өлеңдер жаттап келуге бергенмін кім айтат.

VI-сабақты қорытындылау:

Сабағымызды қорытындылай келе

I-топ Астана туралы сурет саламыз

II-топ Өлең шығарамыз

III-топ Астанадан алған әсер шығарма жазу.

7.Үйге тапсырма Астана оқу ,мазмұндау, қосымша өлең жаттау.

Астана туралы өлең айту.













































Оқушылар елордамыз-Астана жайлы көптеген ақпараттар білетін болды.Оқушылардың топпен жұмыс жасай отырып,сыни ойлау арқылы бір-біріне қарым қатынастары нығайды.Астана қаласының тарихын меңгерді.Астананың өркендеу жолындағы жетістіктерін біледі.Слайд арқылы Астананың әсем жерлерімен жақын танысып,Астана қаласы жайлы жақсы әсер алды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Д?ниетану 1 сынып "Астана"

Автор: Уалиева Роза Жумашевна

Дата: 29.01.2015

Номер свидетельства: 163627


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства