Просмотр содержимого документа
«Диктанттар жина?ы»
ТАПСЫРМАЛАР
1/Мақал
Бала күлкіге тоймас, Болбыр ұйқыға тоймас.
Айдың ізін ай басар, Аттың ізін тай басар.
Ана алдында құрмет, Ата алдында қызмет.
Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады.
Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді.
2/Жұмбақтар
Қалың киім ұнатады Шешіндірсең жылатады. (жуа)
Үстіне тігіп көк шатыр, Астында қызыл дәу жатыр (қызылша)
Сырты жасыл қатты Іші қызыл тәтті. (қарбыз)
Шәкіртке жанашыр, Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз)
Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама. (кітап)
3/Жаңылтпаштар
Мұз — мұздай, Мұз — тұздай.
Бұл, бұл — піл, Бұл бір ірі піл.
Бар, май шайқа, Байқа, жай шайқа.
Шаншар шаршап жатыр, Қайсар жайша жатыр.
Ғарышкер ұшты ғарышқа. Ғарышқа ұшты ғарышкер. Айтшы, ғарыш алыс па?
4/Математикалық жұмбақтар
Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? /12құс/
Жауабы
2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды? /2сағат/
Жауабы
Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш. /12жыл/
100 шөжек, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса,
10 шөжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді? /10кг/
1-ден 100-ге дейінгі сандарда 7 саны неше рет кездеседі? /19рет/
5/Көшіріп жазу диктанты
Менің досым. Менің өте жақсы досым бар. Біз балабақшадан доспыз. Екеуміз қазір бір сыныпта оқимыз, бірге сабаққа дайындаламыз, бос уақытымызды бірге өткіземіз. Біз бір мектепте оқимыз. Досымның аты – Айдын. Айдынның көзі қара, бойы ұзын, мінезі жұмсақ. Біз өте татумыз. (37 сөз)
6/Сөздік, суреттік диктант
7/Дыбыстық және буындық талдаулар
Балық, кітап, бала, оқушы, қалам, өрмекші, сабақ, мектеп