Балалар, б?гінгі саба?ымыз ерекше болма?. ?йткені біз саяхат?а шы?амыз.Ал, бізбен бірге болатын ?ай ертегі кейіпкері екенін ?здері? табы?даршы.
?з ?йінен домалап
?ар??ы бір орман?а
Тіл алмайтын, ты?дамайтын
К?п с?йлеген, бай?аса?
?ане айтшы, оны? аты. (Бауырса?)
Олай болса ертегіні ты?даймыз.Ерте заманда бір кемпір мен шал ?мір с?ріпті.Шал кемпіріне :
?й кемпір, ?ал?ан-??т?ан ?ннан бауырса? пісіріп берші,- дейді.
Кемпір сиырып сыпырып бауырса? пісіреді.Бауырса?ы ?ып-?ызыл,доп-домала? болып піседі.Кемпір бауырса?ты терезені? алдына суысын дап ?ояды. Бір ?зі жатып-жатып жалы??ан бауырса? мынадай тапсырмалар ойлап табады. Бауырса?ты? 1-ші тапсырмасына ?араймыз.
Мына суреттегі жола?ша?а ?арайы? та, ?лшеп к?рейікші.
-- Неше см екен? 1 см
Осындай 10 жола?ша алса? неше см болады? Онда 10 жола?ша
дм болады екен. 10 см- 1 дм те? болады.
Мына ?ызыл жола?шаны ?лшейікші.Неше см болды? 10 см
Осындай 10 жола?ша алса?, онда 10 дм болады.
10 дм- 100см те? болады.
1- бірлік
10-онды?
100- ж?здік
Сонымен ?бден жалы??ан бауырса? жерге т?сіп, жерден ш?пке, ш?птен жол?а т?сіп домалай ж?неледі. Домала?ан к?йі ?алы? орман?а тіреледі. Бауырса??а бірінші не кездеседі? ?оян.
?оян бауырса??а мен сені жеймін дейді. Бауырса?ты ??т?ару ?шін
Мына 2-ші тапсырманы орындайы?.
2 тапсырма.
Бос орын?а тиісті санды ?оямыз.
10 см де неше дм бар еді? Олай болса 30 см,50см неше дм ге те? екен?
30 см—3 дм 4 дм—40 см 2 дм—20 см
50см—3 дм 10 дм—100 см 100 см—10 дм
Бауырса? жолмен домалап келе жатып ?ас?ыр?а тап болады.?ас?ыр бауырса??а не дейді? Мені жемеші. Біз балалармен бірге тапсырмалар орындаймыз дейді. Бауырса??а к?мектесеміз бе?
4 тапсырма
«Неше бала ?алды» деген с?ра??а жауап беретін есеп ??растырып ж?не оны шы?арамыз.
Аулада 10 бала ойнап ж?р еді. Оны? 3-уі ?йлеріне кетіп ?алды.
Аулада неше бала ?алды?
Барлы?ы неше бакла еді?
Оны? нешеуі кетті?
Есепті ?андай амалмен орындаймыз?
Бер: Аулада-10 бала
Кетті-3 бала
?алды-?
Шешуі: 10-3-7
Жауабы:Аулада 7 бала ?алды.
Содан бауырса? ары ?арай домалап кетеді.О?ан енді не кездесетінін мына ж?мба?ты шешіп табайы?шы.
Просмотр содержимого документа
«Дециметр мен сантиметрді? ара?атынасы»
Сабақ тақырыбы:Дециметр мен сантиметрдің арақатынасы
Сабақ мақсаты: 1.Оқушыларға ұзындықтың өлшем бірліктері
дециметр мен сантиметр арасындағы
қатынаспен таныстыру, өлшем бірліктерін
қарапайым түрде түрлендіруге үйрету.
2.Оқушылардың таза, көркем жазуын,
ауызша тез есептеуге, логикалық ойлау,
есептеу қабілетін дамыту, танымдық
қызығушылығын арттырып , ой-өрісін
кеңейту.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа,
ізденушілікке, ұқыпты,білімді болуға
үйрете отырып адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: жолақшалар, сызғыш, сағат,интерактивті тақта
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару, құрал- жабдықтарын түгендеу, үй жұмысын тексеру.
Психологиялық дайындық:
Қарашы досым
Дайын ба, оқу құралың
Орныңда ма?
Дәптер, кітап, қаламың
Басталды міне сабағың.
2. Үй жұмысын тексеру:
Тиісті санды қойып мәнін табамыз
100 * ? 100см * ? см
? см * 50см * см ? см * 30 см * ? см
100 неше таңбалы сан?
10 неше ондықты білдіреді?
1 ондықта неше бірлік бар?
3. Жаңа сабақ.
Сәуірдің 26-сы
Сынып жұмысы
10 10 10 10
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Өйткені біз саяхатқа шығамыз.Ал, бізбен бірге болатын қай ертегі кейіпкері екенін өздерің табыңдаршы.
Өз үйінен домалап
Қарңғы бір орманға
Тіл алмайтын, тыңдамайтын
Көп сөйлеген, байқасаң
Қане айтшы, оның аты .... (Бауырсақ)
Олай болса ертегіні тыңдаймыз.Ерте заманда бір кемпір мен шал өмір сүріпті.Шал кемпіріне :
Әй кемпір, қалған-құтқан ұннан бауырсақ пісіріп берші,- дейді.
Кемпір сиырып сыпырып бауырсақ пісіреді.Бауырсағы қып-қызыл,доп-домалақ болып піседі.Кемпір бауырсақты терезенің алдына суысын дап қояды. Бір өзі жатып-жатып жалыққан бауырсақ мынадай тапсырмалар ойлап табады. Бауырсақтың 1-ші тапсырмасына қараймыз.
Мына суреттегі жолақшаға қарайық та, өлшеп көрейікші.
-------- Неше см екен? 1 см
Осындай 10 жолақша алсақ неше см болады? Онда 10 жолақша
дм болады екен. 10 см- 1 дм тең болады.
Мына қызыл жолақшаны өлшейікші.Неше см болды? 10 см
Осындай 10 жолақша алсақ, онда 10 дм болады.
10 дм- 100см тең болады.
1- бірлік
10-ондық
100- жүздік
Сонымен әбден жалыққан бауырсақ жерге түсіп, жерден шөпке, шөптен жолға түсіп домалай жөнеледі. Домалаған күйі қалың орманға тіреледі. Бауырсаққа бірінші не кездеседі? Қоян.
Қоян бауырсаққа мен сені жеймін дейді. Бауырсақты құтқару үшін
Мына 2-ші тапсырманы орындайық.
2 тапсырма.
Бос орынға тиісті санды қоямыз.
10 см де неше дм бар еді? Олай болса 30 см ,50см неше дм ге тең екен?
30 см—3 дм 4 дм—40 см 2 дм—20 см
50см—3 дм 10 дм—100 см 100 см—10 дм
Бауырсақ жолмен домалап келе жатып қасқырға тап болады.Қасқыр бауырсаққа не дейді? Мені жемеші. Біз балалармен бірге тапсырмалар орындаймыз дейді. Бауырсаққа көмектесеміз бе?
4 тапсырма
«Неше бала қалды» деген сұраққа жауап беретін есеп құрастырып және оны шығарамыз.
Аулада 10 бала ойнап жүр еді. Оның 3-уі үйлеріне кетіп қалды.
Аулада неше бала қалды?
Барлығы неше бакла еді?
Оның нешеуі кетті?
Есепті қандай амалмен орындаймыз?
Бер: Аулада-10 бала
Кетті-3 бала
Қалды-?
Шешуі: 10-3-7
Жауабы:Аулада 7 бала қалды.
Содан бауырсақ ары қарай домалап кетеді.Оған енді не кездесетінін мына жұмбақты шешіп табайықшы.
ЖҰМБАҚ
Тәтті балға тоюды
Ойлап....(аю)
Омартаны ториды.
Дұрыс аю. Аю бауырсақты жеп қоймасын десеңдер сергіту жаттығуын орындайық.
СЕРГІТУ СӘТІ
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай -ақ
Бауырсақ аюдан қашып келе жатып, оған не кездесетінін мына жұмбақты шешіп тауып көрейік.
Жұмбақ.
Өзі ширақ,өзі қу
Жүрген жері айқай шу. (Түлкі)
Ал, балалар түлкі де бауырсақты жегісі келіп тұр.Бауырсақты құтқарамыз ба? Онда мына жұмбақты шешейікші балалар.
Жұмбақ
Сырт-сырт соғады
Уақыт озады (сағат)
Олай болса 5 тапсырмаға қараймыз. Нені көріп отырмыз?
Сағат не үшін керек?Уақытты , мезгілді білу үшін.
Әр сағат қандай уақытты көрсетіп тұр?Сағатты анықтау үшін
сағаттың қысқа тіліне қараймыз. Мұны сағаттық тіл дейміз.
1 сағатта 3 болып ,2 сағатта 6 болып, 3 сағатта 10 болып жатыр екен. Мына сағаттың неше болғанын өздерің айтыңдаршы.Әр балаға сағат беру.
Дәптермен жұмыс:
2. Кестеге фигуралардың нөмірін жазамыз.
Нүкте Сәуле Үшбұрыш Бұрыш
Қорытындылау:
Балалар біз сонымен бауырсақты құтқардық па?Олай болса саяхатымыз да аяқталды.
Теңдеу шешіп,есеп талдап
Дәптерге жазу түсірдік
Сонымен сабақта
Нені оқып үйрендік?
Қандай тапсырмалар орындадық? Бауырсаққа көмектесу үшін қандай қиындықты жеңдік?Біріге орындаған жұмыс жақсы ма екен?
10 см неше дм тең?
10дм неше см тең?
1 ондықта неше бірлік бар?
10 бірлік неше ондық болады?
Ондықтарды өсу ретімен санайықшы.
Сабақ сендерге ұнады ма?Көңіл күйлеріңді мына смаилик арқылы білдіреміз.
Бағалау: Бауырсақ кейіпкерлерімен бағалау.
Үй жұмысы:3 тапсырма. Бос тор көздерге тиісті санды қоямыз, салыстырамыз