Просмотр содержимого документа
«?дептілік - ?демілік ашы? т?рбие са?аты»
“Әдептілік - әдемілік”
Мақсаты: Оқушыларды кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауғағ көмектесуге үйрену, жақсы қасиетке үйренуге, жаман қасиеттен жиренуарқылы адамгершілік сезімін дамыту;
Ата-анасына, туған жеріне деген сүйіспншілігін тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Абайдың портреті, сюжетті суреттер, нақыл сөздер.
Сабақтың жүрісі
І. Кіріспе сөз.
- Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. Оның ең бастысы адамгершілік. Ата-ананың тілегі - сенің жақсы адам, азамат болуын, сенің еңбек сүйіспеншілігін, оқу мен еңбектегі табыстарын ата-ана үшін шексіз бақыт. Ата-ана алдында шыншыл бол. Өзіңнен үлкен ақыл-кеңесін тыңда. Кішіге мейірімді, досыңа қайырымды бол. Бойында осындай қасиеттері бар баланы қандай бала дейміз?
Оқушылар: - Тәртіпті, әдепті бала дейміз.
Мұғалім: - Тәртіптілікке ең алдымен мектеп ережесін қатаң сақтаудан басталады. Егер сен бала күніңнен тәртіпті, әдепті бала болып өссең, есейе келе ата-анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласың.
ІІ. “Ізгі сөздер”
“Жақсы сөз - жарым ырыс, - дейді халық
Әрқашан да жүргейсің есіңе алып.
Мектебіме барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен:
“Қайырлы таң!”- деймін мен.
Білер қазақ баласы: “Сәлем - сөздің анасы”
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Ұл балалар үйге кіргенде, сәлем берумен қатар бас киімдерін шешіп, қолына алғаны жөн.
Отырса егер қарсы алда
Жасы келген қарт адам:
- Ассалаумағалейкум!-
Деп, ұсынып қос қолын
Ұлдар жасар өз жолын.
- “Тәні саудың жаны сау” - дейді халық. Әрқашан мұнтаздай таза да сүйкімді болып жүру үшін не істеу керек?