Сабақтың тақырыбы: Денсаулық – зор байлық. Бас әріппен жазылатын сөздер. | ||||||||
Осы сабақта негізделген оқу мақсаты (Оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру 1.3.8.1 Жазу жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарғы жәнетөменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфикалық талптарға сай жазу 1.3.9.3 Бас әріппен жазылатын сөздерді(кісі аттары,жер –су аттары,үй жануарларына берілген атаулар)анықтау 1.1.4.1. Мәтін мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы | |||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Хайуанаттар мен үй жануарларының аттары бас әріппен жазылатынын біледі; | |||||||
Көптеген оқушылар: Берілген жаттығулардың ішінен бас әріппен жазылып тұрған сөздері тауып, неліктен олай жазылып тұрғанын түсіндіре алады; | ||||||||
Кейбір оқушылар: Берілген әріптерден басталатын жер, су аттарын тауып, жаза алады. | ||||||||
Бағалау критерийлері | Мәтінді түсініп оқиды. Сұрақтарға жауап береді. Жаттығулар орындайды. | |||||||
Тілдік мақсат | Құсбегі сөзінің мағынасымен танысады. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Топ ішінде жұмыс жасауда топ ережесіне бағына білуге үйрету.Тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу. | |||||||
Бастапқы білім | Тазалықтың және спорттың адам денсаулығына пайдасы туралы біледі. Адам аттары бас әріппен жазылатынын біледі. | |||||||
Жоспар | ||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 4 мин | Ынтымақтастық ахуалын құру Амандасу. Оқушыларды түгелдеу. «Жақсы тілек». Топқа бөлу: ит, ат, қыран суреттері арқылы топқа бөлу. -Балалар, топқа бөлінген суреттерде не бейнеленген? -Бұл ит, ат, қыран кімге керек деп ойлайсыңдар? Не үшін керек? -Дұрыс айтасыңдар, яғни аң аулауға шығатын адамға қажет екенін біледі екенсіңдер ? -Аңшы адам қолына бүркітін алып, қасына тазы итін ертіп, атқа мініп аң аулауға шығады. Ол туралы толық мағлұмат алу үшін оқулығымыздағы 34 -сабағымыздағы 1-жаттығуға назар аударайық. | суреттер | ||||||
Ортасы 40 мин | Оқулықпен жұмыс (Ұжымдық) 1- жаттығу. 1. Мәтінмен жұмыс
Бейнеролик бойынша сұрақтар өрбіту. Бағалау: мадақтау Ереже. Хайуанаттар мен үй жануарларының аттары бас әріптен басталып жазылады: Тарлан, Құтжол. 2 - жаттығу
Бағалау: Сыныптасына тексерту арқылы Сергіту сәті Жаттығу жасау 3 – жаттығу (Жұптық )
Қарағанды Түркістан Қ Қамбаш Т Тынық мұхиты Қостанай Талды су Бағалау: смайлик арқылы Бағалау 4-жаттығу
Бағалау: Сыныптасына тексерту арқылы | Оқулық Оқулық Жұмыс дәптері Жұмыс дәптері Жұмыс дәптері | ||||||
Соңы 1 мин | Кері байланыс: Смайлик арқылы | |||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия - Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? - Бүгін оқушылар не білді? - Сыныптағы ахуал қандай болды? - Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? - Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? - Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | ||||||||