kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дені сау бала-дені сау отбасында

Нажмите, чтобы узнать подробности

мені? б?л саба? жоспарын жіберетін себебім ?йткені б?л сайттан лезде арнайы сертификат ала аласы? ж?не бас?а педагогтерге к?мегім тиер деген ойдамын.Саба?та ?ткізген м?селем, ?азіргі заман?а сай денсаулы??а байланысты т?рлі іс шаралар ?ткізіліп жатыр. О?ушылар?а берілген м?ліметтер толы?тай т?сінікті болды. Дегенмен ?азіргі балаларды? білімдерін ке?ейту ?шін т?рлі ж?мыстар ?ткізуге болады. О?ушылар белсенді араласып, ?з білімдерін шы?дай т?суде. Мені? сыныбымны? о?ушыларыны? білімдері жа?сы екеніне сенемін. Себебі олар кез келген сайыстар?а ?атысу?а дайын т?рады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дені сау бала-дені сау отбасында»

Бидайық орта мектебі












Тәрбие сағатының тақырыбы: «Денің сау болсын десең...»












Сынып жетекшісі: Нургазина Шынар Амантаевна

3 сынып




















Тәрбие сағатының «Денің сау болсын десең...»

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға адам денсаулығы басты байлық екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар адамның басты байлығы денсаулық екенін түсінеді.

Тәрбие сағатының әдісі: Жеті модуль ияеялары

Тәрбие сағатының барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi:

Тыныштық сәті

«Күннің нұры» (3 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Спорттық құралдардың суреттерін таңдауларына байланысты топқа бөлу

Топ ережесі 
1.Тәртіпті сақтау 
2.Уақытты тиімді пайдалану 
3. Бір-бірінің пікірімен санасу 
4.Сабаққа белсенді қатысу 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма: "Денсаулықтың он құпиясы" іздеп жазғандарын оқып шығады.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мағынаны тану Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Слайд Біз, бүкіл адамзатпен бірге үлкен тарихи кезең 21 ғасырда өмір сүріп отырмыз. Осы ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, біздің халқымыз салауатты қоғамда өмір сүруі керек.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы және жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек.


ІV. Ой қозғау: Ойын: «Кім тапқыр»

1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?

2. Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет?

3. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?

5.-Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Денсаулық - жеке адамның басты байлығы. Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты. Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы. Мұнымен барлығымыз келісеміз бе?

V. Әңгімелеу. «Адам ішіндегі екі қасқыр» аңыз

Бірде қария өз немересіне өмір шындығының бір сырын ашқысы келді:

— Әр адамның бойында екі қасқырдың таласына ұқсас арпалыс жүріп жатады. Бір қасқыр жамандықты бастайды: қызғаныш, өзімшілдік , өтірік, өкініш, менмендік. Екінші қасқыр жақсылықты көксейді: бейбітшілік, махаббат, үміт, шындық, қайырымдылық пен адалдық. 

Атасы айтқан сөздердің тыңдап,біраз уақытқа ойланып қалған немересі:

— Түбінде қай қасқыр жеңіп шығады? — деп сұрады.

Қария немересіне былай деп жауап берді:

— Екі қасқырдың қайсысын асырайсың, әрқашан сол жеңіп отырады.

Немересі атасының сөзін қалай ұғынды?

Аңыз бойынша қандай мейірімділік қасиеттерді ұғындыңдар?

Адам бойындағы тыныштықты қалай түсінесіздер? Сабырлылық деген ұғымды қалай түсіндірер едің?

VІ.Сергіту сәті: Жұмбақ жасыру
1. Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір - ласың
Тап – таза боласың
Бұл не?(сабын)
2. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар
Басыңмен ісі бар
Бұл не?( тарақ)
3. Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге
Ұқыпты ісіне
Бұл не?(Айна)
4. Шомылған баланы
Аймалап алады.
Сипайды қолын да
Сипайды жонын да. Бұл не? (Сүлгі) 5. Бір атым бар, құлын болып тумаған.
Құнан болып өспеген. /велосипед/
6. Ұрып қалсаң кері атып, оралады өзіңе.
Көрсең досы бері атып, қайтып барар өзіңе./ доп/.

7. Ақ қарда тек тұрмадым, қос тақтаймен зырладым. /шаңғы/.
VIІ. Зиянды әдеттер.
Күн сайын адамдар темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлықтан түрлі дертке, бақытсыздыққа шалдығады. Зиянды әдеттер адамның өмір бойы өзін-өзі тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды. Зиянды әдеттер арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, жақын адамдарына ауыртпалық түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді. 
Кейбіреулер қиындыққа кездескен жағдайда ойланып, ақылға салмастан зиянды заттарды пайдалануға әуес болады. Сөйтіп оған үйреніп, тәуелді болатындарын ойламайды. Осы зиянды заттарға тәуелді болудың салдары өздерін азапқа түсіретіндерінен бейхабар болады. Қиындықтан шығудың жолы, шешілмей қоймас. 
Зиянды әдеттерден денсаулыққа қауіптілігі мынада: 
-адам өзін-өзі бүлдіреді, өзін құрметтеп күтуден қалады; 
-табиғат берген мүмкіндіктер ашылмайды; 
-өтірік айтуға, ұрлық істеуге, қатігездікке, ақымақтыққа ұрынады; 
-отбасын қайғы-қасіретке ұшыратады; 
-түрлі келеңсіз жағдайларға соқтығады. 

Де Бононың«Алты қалпақ» стратегиясы

1.Ақ қалпақ - Сіз қандай ақпарат алдыңыз?

2. Қызыл қалпақ - Зиянды әдеттерге нелер жатады?

3. Сары қалпақ -Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?

4. Қара қалпақ - Қандай қиыншылықтары бар?

5.Жасыл қалпақ- Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?

6. Көк қалпақ - Қорытынды жасаңыз.

VIІІ. Шығармашылық жұмыс.

Топ ережесі еске түсіріп қайталау

1топ- Сахналау. (Жергілікті ақын, дәрігер Тұрысбек Еділбаевтің «Үш пәледен аулақ бол» кітабынан көрініс) 
2топ-«Мақалды жалғастыр»  
1. Зиянды заттардан ертең емес бүгін ... 
2. ... – зор байлық. 
3. ... саудың – жаны сау. 
4. ...- бар байлықтан қымбат. 
5. Ауырып ем іздегенше, ... жол ізде. 
6. Сатып алған ауруға ... жоқ 
7. Бас аманда мал тәтті, 
Бас ауырса, ... тәтті. 
8. Шынықсаң ... боласың. 
9.Ауру қалсада, ... қалмайды. 
10. ... аздырады, суық тоңдырады.

3топ- Адам денсаулығындағы өміршеңдік ережесін шығару.

Д – Денсаулығыңды сақта Е – Еңбек еткен-сау болар Н - Негізгі байлық - денсаулық. С – Саулауатты өмір салтын сақта А – Ауыра қалсаң, көп уайымдама У – Уланудан сақтан Л – Лас қолмен тамақ ішпе Ы – Ыдыстарды таза ұста Қ - Қызғаншақ болма

Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтылды, күнделікті іске асырайық. Әр адамның ережесі өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Әр уақытта өз денсаулығыңа жете мән беріп кездескен қиыншылықтарды жеңе білу. Пайдалы кеңестер: «Әлемдегі ең пайдалылар»

1.Айран. Бұл сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор. Тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры. Спрайт ішкенше, осы айранды сатып алып ішкен тиімді. Әрі арзан, әрі дәмді.
2.Сиырдың сүтінен жасалған құрт, оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. Орбит алғанша, осы құртты жеген дұрыс.
3.Алма, кәмпит басқа да тәттілерді жегенше жеміс – жидектерді же.
4.Сабынның пайдасы денедегі микробтарды жояды. Бетті, қолды күнде жуып отыру керек. 5.Ет қан құрамындағы қантты қалыпқа келтіреді. 6.Жаңғақтар. Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті. 7.Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.. 8.Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады. IХ. Қорытынды -Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Денсаулық) -Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?(Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек) -Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет?(Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)

- Ал, балалар, деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т. б. жолын меңгердік деп ойлаймын. Тәрбие сағатынан өздеріңе үлкен тәрбие алдыңдар.

Х. Рефлексия Сабақ ұнаса-бас бармақтарыңды жоғары көтеру Ұнамаса-төмен түсіру ХІ.Ән айту "Бала тілегі" Сөзі:С.Молдасанұлынікі Әні:Ф.Лұқпанованікі

1.Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2 рет)


2.Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)


3.Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.(2 рет)

ХІІ. Үй тапсырмасы.

«Дені сау бала-дені сау отбасында» атты шығарма жазу

Соңғы тыныштық сәтi.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дені сау бала-дені сау отбасында

Автор: Нургазина Шынар Амантаевна

Дата: 27.02.2016

Номер свидетельства: 299743


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства