Сабақтың көрнекілігі: Мұғалімнің суреті, сөзжұмбақ,Ш.Аймановтың және Н.Жанаевтің
портреті.
1. Мативациялық-бағдарлау кезең
А)Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасып, бүгінгі сабағымыз ашық түрінде өтетінін
хабарлаймын және әдебиеттік оқу пәні екенін ескертемін.
Психологиялық дайындық
Әдебиеттік оқуын
Сүйсініп біз оқимыз
Ақындардың жазғанын
Санамызға тоқимыз
Ә) Үй тапсырмасын тексеру. «Өнердің сайыпқыраны» мәтінінің мазмұнын айту
Қорытындылау:
«Өнердің сайыпқыраны» мәтіні кім жөнінде айтылған? Топтастыру. Оқушылар өз білгендерін жазады.
2.Операциялық-орындаушылық кезең
Нұрхан Жанаев 1933 жылы Қызылорда обылысы,Тереңөзек ауданында дүниеге келген.1955 жылы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.Тереңөзек,Жаңақорған аудандарындағы мектептерде мұғалім,кейіннен «Еңбек майданы» газетінің тілшісі болды.Қазір зейнеткер.Ақынның шығармашылығының негізгі бағыты балаларға арналған. Оның «Жау,жау, жаңбыр»атты алғашқы өлең жинағы 1963 жылы жарық көрді «Құстар ұшып келеді»(1967), «Жанымның жазирасы» (1972), «Әнші торғай» (1972), «Әнші торғай» (1974), «Нұрлы аспан» (1984) және т.б. бір қатар шығармалар бар.
Мұғалім дегеніміз кім?Топтастыру.Оқушылар өз ойын ортаға салады.
Ақылшы Білімді
Мұғалім
Адал дос Сенімді адам
Дұрыс айтасыңдар мұғалім сіздердің қашанда көмекші достарың.Сенің оқудағы жетістіктеріңе қуанып, сәтсіздіктеріңе қамығады.Егер сен сабаққа дайындалмай келсең,
ол қынжылады, жіберген кемшілігіңді жөндеуге көмектеседі.
Мұғалім
Білім алған өзіңнен Мен де өзіңді әрдайым
Дәрігер, ұшқыш,не ғалым. Қамқорым деп ұғамын
Саған ыстық сезіммен Күліп атқан таңдайын
Қарайды жұрт, мұғалім. Жарқынсың сен, мұғалім
Өз үлгіңді ұстаймын, Алда талай өтермін
Айтқаныңнан шықпаймын. Өмірдің зор сынағын
Мен балапандай құстаймын Өмірдің зор сынағын
Баулыдың сен мұғалім Өнегеңмен, мұғалім
Өлеңді оқып шығып,мазмұнын түсіндіремін.Оқушыларға кезектестіріп оқытып шығамында төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындатамын.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Өлең неше шумақтан тұрады.
2.Өлеңнің әр шумағына ат қой
3.Өлеңдегі шәкірт ойын қалай түсінесің?
4.Шәкірт бала қайталап айтқан «Өмірдің зор сынағы» деген не?