kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?дебиеттік о?у п?нінен "Ахмет мерген" атты ашы? саба? 4 -сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жанбулатова Балзада А?сай ?аласында?ы № 3 орта мектебінде  бастауыш сыныбында саба? береді.Мінезі ашы?, о?ушыларымен тез тіл табысады.Ж?мысында к?птеген жетістіктерге жеткен м??алім.Алда?ы уа?ытта е?бек жолынан к?птеген жетістіктерге жететін ?лгілі ?стаз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?у п?нінен "Ахмет мерген" атты ашы? саба? 4 -сынып»

Күні: _______________ 
Пәні:
Әдебиеттік оқу 
Сынып:
Сабақтың тақырыбы: Ахмет мерген. С.Кенжеғұлов 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:
оқушыларға тарихтың есте сақталуының адамзат үшін маңызды екенін ұғынуға жағдай туғызумәтін мазмұнын тарау тақырыбына байланыстыра отырып, оның идеясын ашуға жағдай туғызу. 
Дамытушылық: топтық, жеке жұмыстар арқылы шығармашылық дағдыларын дамыту. 
Тәрбиелік: туған жерге, оның табиғаты мен жануарларына деген сүйіспеншілікті адамгершілік, ақыл-парасат тұрғысынан шешуді үлгі ету. Білмегенді үйрету, өзара көмекке дайын болу дағдысын дамыту. 
Сабақтың түрі: дәстүрлі 
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,жазу, сұрақ-жауап, 
Көрнекіліктер: плакат, сызба, маркер, көздеу дөңгелегі 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын хабарлау. Оқушылармен амандасу. Психолгиялық даярлық. Шеңбер құрып, қасындағы досына жақсы тілектер тілету арқылы сыныпта жағымды ахуал туғызып аламын.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Жайық пен Ертіс» өлеңін жатқа айту.

  2. Сұрақ – жауап:

  • Жайық өзеңі қайда құяды?

  • Жайық өзеңі қайдан бастау алады?

  • Ертіс өзеңі қай қаладан өтеді?

  • Ертіс өзеңі қайда құяды?

  • Еліміздегі ірі өзеңдерді ата?

ІІІ. Қызығушылықты ояту. 
- Балалар, мерген сөзін қалай түсінесіңдер? 
- Мергендік не үшін керек? 
- Адам қалай мерген болады? 
- Мерген болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар? 
Сұрақтарға берілген жауаптар бойынша қорытындылау. 
ІV. Мағынаны тану. 
- Ал, балалар енді «Ахмет мерген» мәтінін оқып көрейік,- деп автормен таныстыру. 

«Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиячсы.
Сұрақтар: 
- Бұл өңірде қандай аюлар өмір сүреді екен? 
- Ахмет қарттың туған жерін қалай білетіні туралы не айтуға болады? 
Дәлелдеу. 
- Қарттың жан-жануарға жанашырлығы қалай байқалады? 
- Осы оқыған бөлімде оқиға бірден басталып кетті ме? 
Үзіндіге ат қою. 
- Аюдың әрекетін жазушы қалай суреттегенін тауып оқу. 
Мәселенің шешімін сабақ басындағы «Балалар шешімі» кестесін толтыру. 
- Ақаңның шешімін қалай бағалайсыңдар? 
- Табиғатқа, аюға зиянды жағы барма? 
- Енді өз шешімдеріңді салыстыр. кестеге толтыру. 
- Егер оған дене жарақатынг салса, аю қандай зиян жасауы мүмкін? 
- Ахмет қандай адам? 
«Түртіп алу» стратегиясы

  • Балалар, мәтіннен қандай жаңа сөздер таптыңыздар?

Абыржу

Кендір

Дөңбек

Құланиектену

Әлет

Аюлар – жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа. Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазір олардың ақ аю, ақтөсті аю, қоңыр аю, барибал, ерінді аю, малай аюы, көзілдірікті аю жәнеүлкен панда деген 8 түрі кездеседі. Ақ аю Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында тіршілік етеді. Суда өте жақсы жүзеді, сүңгиді, табаны жүнді болғандықтан мұз үстінде таймайды. Ит балықпен, әсіресе каспий итбалығымен (нерпа) қоректенеді. Ақ аю Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген (1976 жылы). Ал Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында аюдың 2 түр тармағы (қоңыр аю,Тянь-Шань қоңыр аюы) мекендейді. Аюлар 30 – 40 жылдай тіршілік етеді. Буаз аю жеке жүреді, қыста үңгірінде жалғыз жатады. Күзге таман бойына 50 кг-ға жуық май жинап, қатты семіреді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Егер қажетті май қорын жинай алмаса, ұйқыға жатпайды. Аю – бағалы аң. Ол майы және шипалық қасиеті бар өтіүшін ауланады. Аю жабайы тұяқты аңдарға, үй малдарына, сондай-ақ адамға да шабуыл жасайды. Бал омартасына түсуді жақсы көреді. Қоңыр аюлар кәсіптік аң ретінде ауланып келді. Қазір оларды аулауға тыйым салынған.

Аюдың кейбір өнімдері халықтық медицинасында қолданылады. Аюдың етін кептіріп алып, суға аздап езіп ішкізсе, адамның көптеген ауруларына дауа деп есептеледі. Мұндай ем түрі ыстықты түсіреді, жараны тез жазады, көкжөтелге, шиқан, сыздауық шыққанға, бала денесіне шыққан бөртпеге және сары ауруға қарсы ем ретінде саналады. Мәлімет берушілердің айтуына қарағанда, Аю етін асқазан қыжылдау, кекіру сияқты ауруларға қарсы ем ретінде де қолданылады. Оны кебірек жесе денені қыздырып, қан қысымын көтереді. Аюдың қыртыс майын боршалап, жел-қүзден болған буын ауруына, саусақтардың арасына шыққан қиғаққа (теміреткі тәрізді) қыздырып тартады. Ұйқысы қашып жүрген адам иленген теріні жамылып жатса тыныштанады. Аю терісінің үстіне бір ұйықтап тұрса ұйқысы Аюдікіндей болады деп ырымдайды.










Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс

І қатар

Орман

5 жолды өлең

ІІ қатар

Аю

РАФТ жазу

ІІІ қатар

Шағын эссе

«Ахмет мерген»


V. Қорытынды.


ББҮ стратегиясы


Білемін

Білдім

Білгім келеді




Кестемен жұмыс.

Үйге тапсырма:Әңгіменің мазмұнын айту, Тарбағатай тауы мәлімет жинау.

Рефлексиялық бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?дебиеттік о?у п?нінен "Ахмет мерген" атты ашы? саба? 4 -сынып

Автор: Жанбулатова Балзада Жайгалиевна

Дата: 02.05.2016

Номер свидетельства: 323767


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства