kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?дебиеттік о?удан саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба?ым ар?ылы балалар?а компьютерлік ойындарды? адам денсаулы?ына зиян келетінін т?сіндіру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?удан саба?»

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы, №274 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Искакова Гульнар Смагуловна

Қатысатын категория: бастауыш сынып



Сабақтың тақырыбы: Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі: Мәтінді түсініп оқуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету; қазіргі таңда ғаламторлық ойындардың адам денсаулығына зиянын тигізетінін оқушыларға жете түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту; 
Тәрбиелігі: Зеректікке, білімділікке, жақсыдан үлгі алуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ. 
Әдісі: болжау,сұрақ-жауап, әңгімелеу,ой түйіндеу,топтық тапсырмалар, сөзжұмбақ
Көрнекілік:интерактивті тақта, слайдтар, видео көрініс,смайликтер,стикер
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі . -Балалар, бүгін біз үшін ерекше күн! Психологиялық дайындық.

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын

Тілейміз сізге ақ таңның

Қуанышын шаттығын

Қайырлы таң,

Қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.1. Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала». Мазмұнын сұрау,балаларға қосымша сұрақ беру арқылы бағалау.
2. Құрап келген сөзжұмбақтарын бір-бірлеріне шешкізу, тақтаға іліп мадақтау
ІІІ.
Үй тапсырмасын бекіту.«Сиқырлы шар» ойыны арқылы үй тапсырмасын бекіту арқылы жаңа сабақты ашу.
- Балалар, үй тапсырмасын жақсы дайындалып келіпсіңдер. Ал енді тақтадағы сиқырлы шарды жару арқылы менің сұрағыма жауап беріңдерші.
- Жаконың шын аты кім еді? 
- Жако күннің қай уағында жоғалып кетті? 
- Олар қандай ойын ойнады? 
- Балалар бассейнге барарда Жаконы неге қалдырып кетті? 
- Жако қандай оқиғаларды басынан кешірді? 
- Жаконың өзіндік ерекшелігін айт. 
-Өзің үшін қандай сабақ немесе үлгі алдың?

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
- Суреттен нені байқадық?
- Сендер «Ойын автоматына» барып көрдіңдер ме?
- Ойын автоматтары туралы не білесіңдер?
- Біздің қаламызда бар ма? Тегін ойнатыла ма?
Олай болса, біздің өтетін тақырыбымыз «Мектептен жырақ жол» Бұл әңгімені Динара Мыңжасарқызы жазған екен.Ол туралы не білесіңдер? Үйге автор туралы презентация жасап кел деп тапсырма берген едім .
(балалар слайдтарымен таныстырады.)

Күн ретін жазу,әңгіме тақырыбын жазу

Динара бізге осы мәтін арқылы не айтқысы келді екен,оқулыққа назар аударайық.Алдымен әңгімедегі түсініксіз сөздердің мағынасын ашып алайық.
Сөздік жұмыс:
Жырақ – алыс, қашық.
Төбесінен жайтүскендей етті – қатты таңдандырды.
Құдды – кәдімгі.
Қуыстану – ыңғайсыздану.
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді 3-топқа бөліп беру арқылы түсінгенін сұрау (топта оқу, сұрақ қою арқылы талдау.)
- ІІІ тоқсанда Бақытжанның сабағы неге төмендеп кетті?
- Телефоннан естілген хабар Бақытжанның анасына қалай әсер етті? 
- «Бармағын тістеу» дегенді қалай түсінесің? 
- Бақытжанның анасы неге бармағын тістеп тұрып қалды? 
-Жақсы балалар, сендер сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Бұған қарап мен сендердің мәтінді дұрыс түсінгендеріңді көріп отырмын. Енді әр топ өздеріңе берілген бөлікке ат қояйық та,дәптерге жазып алайық.
Дәптермен жұмыс
Әңгімеге жоспар құрып жазу
Сергіту сәті« Барбарики»әуеніне билеу
ҮІ. Жаңа сабақты бекіту.
1-топ:-
Бақытжанның, оның Кәмила апайының және анасының ішкі ойларын әңгімеден тауып оқыңдар. 
2-топ:- Әңгіме сендердің ойларыңша қалай аяқталуы мүмкін?
3-топ.- Бақытжан қандай бала? Оған мінездеме беріңдер

V.Қорытынды
Сауалнама жүргізу
1.Кім компьютерлік ойын ойнайды? ( ойын ойнайтын бала санын анықтау)
2.Комьпютерде қанша сағат отырасың?
3.Қандай ойын ойнайсың?
Интербелсенді тақтадан компьютерлік ойындардың бала психологиясына қаншалықты зиян тигізетіні туралы үзінді көрсету арқылы көз жеткізу.
 Ойынның зияны туралы пікір таластыру.
- Қараңдаршы, балалар бұл мәтіннің бізге берер тәрбиесі өте мол. Мәтіннің негізгі мазмұнын түсіндік, солай емес пе?
VI.Үйге тапсырма: Д.Мыңжасарқызының «Мектептен жырақ жол» әңгімесін оқу, 4-тапсырманы орындау. 
VII.Бағалау. Оқушылардың жауаптарын талдай отырып бағалау
Рефлексия: Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазып,сабақ ұнаса күліп тұрған күннің астына жүрек стикерді,ұнамаса қабағын түйіп тұрған күннің астына іледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?дебиеттік о?удан саба?

Автор: Искакова Гульнар Смагуловна

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322919


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства