kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?дебиеттік о?у . Бала М?нш?к . 4- сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

 ?дебиеттік о?у саба?ында дамыта о?уды? интерактивті ?дістері ?олданылады. О?ыту технологиясына негізделген саба?та о?ушыларды? білімін жетілдіруге, оларды саба??а ?ызы?тыру?а арнал?ан алуан т?рлі тапсырмалар  пайдаланылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?у . Бала М?нш?к . 4- сынып»

Әдебиеттік оқу

4- сынып


Сабақ тақырыбы: Мәриям Хакімжанова . Бала Мәншүк

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушылар Мәншүктің ерлігі туралы түсініктерін тереңдетеді.

Дамытушылық: Оқушылар сабақ тақырыбын өздігінен талқылайды, Мәншүктің ерлігі туралы ойларын тұжырымдайды, шығармашылық жұмыстар атқарады.

Тәрбиелік: Оқушылар шағын топтар құрамында өзара әрекеттеседі, сенім және сыйластық қатынасын қалыптастыруға атсалысады, топ мүшелерінің бәрі де оқу материалын меңгеруін қадағалайды, бір- біріне жәрдемдеседі.

Сабақ типі: Жаңа сабақты игеру сабағы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі
: сұрақ-жауап, баяндау, шығармашылық, СТО тәсілдері
Көрнекілігі: Суреттер, слайд, .ақ қағаз, плакаттар, оқулық, маркерлер.

Алғышарттар (пререквизиттер):

а) Оқушыларда Мәншүктің ерлігі туралы алған түсініктері мен білімдерін оқыған әдебиет кітаптарынан мысалдар келтіре отырып дәлелдей білу.

ә) оқушылар тақырып бойынша жекелей ой қозғап, оқу материалын талдап,»Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Нені білдім?» тәсілі бойынша өз ойларын эссе арқылы жеткізе білу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал

Оқушылар «Шаттық шеңберін « құрады

- Күлімдеген көктем айында табиғатымыз Жер-Ана бусанып, бәрімізге жылылық сыйлайды. Олай болса, біз де бір-біріміздің алақанымыздың жылулығын сезінейік.

Күн жарығын алақанға саламын,

 Жүрегіме басып ұстай қаламын.

 Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

 Болып кетер сонда дереу жан-жағым

Топқа бөлу.

1. «Проблеманы айқындау» кезеңі

Топтарға бөліну. (1 минут) қағаз қиындыларына топтардың аттарын жазып, оқушыларға таратылады. Оқушылар шағын топтарға бөлініп , топтарының аттарын жазып қояды.

«Пулеметшілер», «мергендер», « жауынгерлер», «атқыштар».

«Ойсергек» (3 минут)

«Өзгертулерді тап» ойыны. Оқушылар жұптарға бөлініп, қарама- қарсы тұрып, бір- біріне 10-15 секундтай қарап алады. Содан соң сырт айналып бір- біріне арқасын беріп тұрады. Сыртқы пішініне өзгерту енгізіп, бір- біріне қарап, сол өзгертулерді табады.

Үй тапсырмасын тексеру

Топтық жұмыс (4 минут) Оқушылар үйде орындаған тапсырмаларын топ ішінде бір- біріне оқып береді.

Жариялау (2 минут) . Бірнеше оқушы үй тапсырмасын бүкіл сыныпқа оқиды.

«Әлия - Шығыс шынары» (Кенес Одағының батыры, қазақтың қаһарманы қызы)

ойы....

Әлияға мінездеме жүрегі
қолы ...

Жаңа тақырыпқа бағытталу (15минут)

Тапсырма. Оқушыларға тақырып бойынша «ой қозғауға» бар білгендерін жазбаша жазу тапсырылады.

Жеке жұмыс (5минут). Оқушылар «Мәншүк және соғыс туралы «Не білемін?» , «Не білгім келеді?», «Нені білдім?» кестесінің 1- бөлімін толтырады (Жеке жұмыс)

Не білемін?


Не білгім келеді?


Нені білдім?


- Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз.
- Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры.
Топтық жұмыс. (2 минут) Оқушылар топ ішінде жазғандарын талқылайды, толықтырады.

Жеке жұмыс. Оқушылар «Не білгім келеді?» деген бөлімін толтырады

Топтық жұмыс (3 минут). Оқушылар топ ішінде жазғандарын талқылайды, толықтырады.

Ұжымдық жұмыс. Әр топтан бір- бір оқушы шығып өз ойларын бүкіл сыныпқа таныстырады.

Қорытындылау (2мин)

Сабақ тақырыбын жариялап, оқушылардан не күтетіндігін хабарлау.

«Бала Мәншүк» М. Хакімжанованың естелік шығармасы.
- Естелік дегенді қалай ұғасыңдар?
- Мәриям Хакімжанова туралы не білеміз? (1 - 2 бала)
- М. Хакімжанова Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобыланды ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақыны. «Мәншүк поэмасы», «Ата мейірімі» өлеңдер жинағы бар.
2. «Проблеманы шешу» кезеңі

Тапсырма. Оқушыларға оқулықтағы мәтінді «үш қадамды сұхбат» тәсілін қолданып оқу тапсырылады. Мәтін үшке бөлінеді.

«Үш қадамды сұхбат» тәсілі. (10 минут)

1. Оқушылар топ ішінде А, В, С, Д болып бөлінеді. Олар мәтіннің бірінші бөлігін оқиды (бірінші абзац). Оқып болғаннан кейін А тобындағы оқушылар Б тобына, ал С тобы Д тобына мәтін бойынша сұрақ қояды.

2. Оқушылар мәтіннің екінші бөлімін оқиды (келесі үш абзац). Оқып болғанна кейін олар бір- біріне кері ретпен сұрақтар қояды: Б тобы А тобына, ал Д тобы С тобына.

3. Оқушылар мәтіннің үшінші бөлімін оқиды (соңғы үш абзац). Оқып болғаннан кейін олар бір- біріне жұптасып сұрақ қояды: А мен Б - С мен Д және керісінше.

4. Мұғалім оқушыларға және оқушылар мұғалімге мәтін бойынша сұрақтар қойып, өз ойлары мен тұжырымдарын келтіреді.

3. «Проблеманың шешімін қолдану» кезеңі

Тапсырма . Сандықтан алынған сұрақтарға ауызша жауап беру.

Топтық жұмыс (3 мин) топ ішінде талқылау

I топ –- Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсиянің қандай мінездері ұнады? Өздеріңе ше?
ІI топ – Әңгімедегі Мәнсиянің қандай қызықты жайы естеріңде қалды?
III топ – Сендердің ойларынша Мәнсия «Моншағым» деген атқа лайықты ма?
Жариялау (2 мин) Әр топтан бір оқушы өз ойларын сыныпқа айтады, басқалардың сұрақтарына жауап береді.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс (2 мин). Мәншүк туралы қысқаша мәлімет жазып алады.

Ой – толғаныс.
Бес жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім? – Мәншүк
2. Сын есім. Қандай? – ержүрек, өжет.

3. Етістік. Не істеді? Қайтті? – атысты, шайқасты, ерлік көрсетті.
4. Синоним. Батыр қыз.
5. Сөйлем. Мәншүк- қазақтың батыр қызы.

Сабақты қорытындылау

Оқушылар «Не білемін?» , «Не білгім келеді?», «Нені білдім?» кестесінің «Нені білдім?» бөлігін толтырады.

Жариялау (1 минут). Әр топтан бір оқушы шығып өз жұмысын сыныпқа оқып береді.

Рефлексия. Кері байланыс (1 минут)

- Сабақ тақырыбын жақсы меңгердім деп ойлайсыңдар ма?

-Сабақ ұнады ма?

- Бүгін алған білімдеріңді өмірде қалай қолданасыңдар?

«Екі жұлдыз , бір тілек» «Екі жұлдыз» бағанына бүгінгі тақырыптың ұнаған тұстарын стикерге жазып жапсырады. «Бір тілек» бағанына ұсыныс - тілектерін жазады.

Бағалау

Үй жұмысы. Әңгімені оқып, мазмұнын айту. Мәншүк туралы білетін әңгіме немесе өлеңдерді айту, жаттау.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?дебиеттік о?у . Бала М?нш?к . 4- сынып

Автор: Касымова Кульсум Азимкуловна

Дата: 29.04.2016

Номер свидетельства: 323614


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства