kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?дебиеттік о?у 2 сынып Бердібек Со?па?баев "Шыны?сын денеміз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Облысты? арнаулы №3 мектеп интернатында Атырау ?аласында е?бек етіп келемін. Жалпы е?бек ?тілім 15 жыл. Осы жылдар арала?ында бірнеше ш?кіртке ал?аш ?алам  ?статып, білім н?рімен сусындатып, т?рбиелеудемін. О?ушылар бастауышта ал?ан білімдерімен ?анаттанып, ?азіргі кезде алды е?бекке араласып, кейінгілері жо?ар?ы, арнаулы о?у орындарында білімдерін жал?астырып келеді. Жалпы ш?кірттерім мектепішілік шаралар?а ?атынасып, ?з ?нерлерімен, білімдерімен к?зге т?сіп ж?р. Алда?ы жылдарда да ш?кірттерім биікке шы?атынына к?міл сенімдімін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ашык сабак»



Пәні: Әдебиеттік оқу 2 "а" сынып

Бекітемін Оқу ісінің меңгерушісі Хасанова С.С.


Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев Шынықсын денеміз.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Б.Соқпақбаев туралы мағлұмат беру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушыларға салауатты өмір салтының бір тармағы денені шынықтыру жайлы түсінік беру.

Коррекциялық мақсаты: Тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелігі: Оқушыларға денс аулықты сақтауға және табиғатты сүюге, салауатты өмір салтын сақтай отырып спорт түрлерімен айналысуға үйрету.

Көрнекілік:    Қыс, Бердібек Соқпақбаев суреттері, мультимедия.

Әдіс- тәсілдері:        Түсіндіру, іздену, көрнекілік.

Пән аралық байланыс:  Дүниетану, дене тәрбиесі, музыка

 Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Психологиялық ахуал:

-Балалар,көңіл-күйлерің қалай? Өзіңнің көңіл-күйіңді қалай бағалайсың?(бас бармақпен бағалау- қалыптастырушы бағалау)

Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз.

Сабақты біз бастаймыз.

3. Үй тапсырмасын тексеру:

1.А.Тоқмағамбетовтың «Құлақ пен Тымақ » өлеңін рөлге бөліп оқу. Оқушылар бір-бірінің мәнерлеп, қатесіз оқуын бағалайды.

2.Сұрау-жауап, қорытындылау:

-Балалар, мысалдан өзімізге қандай үлгі алдық?

-Қыста құлақ тоңбас үшін нені ұмытпай кию керек? (тымақ)

-Балалар, қысқы киімдерді ауырмай, денсаулығымыз мықты болу үшін киеміз.

-Деніміз сау болу үшін тағы не істейміз? (дене шынықтыру мен спортпен айналысу керек)

4.Қызығушылықты ояту.

1.Жұмбақтардың шешуін табу:
-Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)
-Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге. (Шана)
Табаныма тақтым,
Жалпаң қақтым,
Зырлап бақтым. (Коньки)
2.Жұмбақтың шешуі болған заттар қыста не үшін керек?

Алдын-ала тапсырма беру:

-Қазір экраннан бейне жазба көресіңдер. Қарап отырып, ойланып отырыңдар-бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не болмақ?

3. Бейнежазба көрсету--- «Қысқы спорт түрлері» (www.youtube.com сайтынан)

4. Бейнежазбаны талдау:

-Бейнежазбадан не көрдіңдер? Ақылдасқан соң әр топтан бір-бір оқушы тұрып, жауаптарын айтады.

Сұрақ-жауап:

1.- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсыңдар? (дене шынықтыру, спорт туралы)

2.-Қандай ойын түрлерін білесіңдер? (шаңғы тебу, аққала жасау, хоккей, шанамен ойнау, коньки тебу, сноуборд, мәнерлеп сырғанау)

3.- Балалар, неге біз қыста шана ,шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз? Теледидар көріп, компьютер ойнап, жылы үйде отыра бермейміз бе? ( Балалар таза ауада ойнаудың денсаулыққа пайдасы туралы өз ойларын айтады.)

5.Мағынаны ажырату.

1.Слайд көрсету арқылы Бердібек Соқпақбаев туралы қысқаша мәлімет беру.

Бердібек Соқпақбаев (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылы) — қазақ жазушысы. Балаларға арналған көптеген әңгімелер жазған. Солардың бірі «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» , «Шынықсын денеміз».

2.Бейнежазба көрсету.: "Сиқырлы кітаптар" Б.Соқпақбаев "Шынықсын

денеміз" (www.youtube.com сайтынан)

3. Оқулықпен жұмыс: «Шынықсын денеміз» өлеңін оқу.

-Өлеңді әр оқушы өз бетімен ішінен оқиды;

-Тұтастай оқу. Тізбектей оқу.

Дәптермен жұмыс:

1.Биалай – қолға киетін жылы қолғап.
2.Малақай – қысқы бас киім.

Көзге жаттығу жасау (www.youtube.com сайтынан)
4. Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақ-жауап:

1.Өлеңде қай жыл мезгілінің ойындары  туралы айтылған?

2.Қыс мезгілі туралы айтылып тұрғанын өлеңнің қай жолынан білдің?

3.Өлең неше шумақтан құралған?

4.Қыста ойналатын ойындарды атайық

5.Қыс несімен қызықты?

-Денемізді қалай шынықтыруымызға болады? (оқушылар спортпен шұғылдану арқылы денемізді шынықтыруымызға болатынын айтады.)

6. Сергіту сәті :

Бейнежазба. «Аққаламен жаттығу» (www.youtube.com сайтынан) (балалар орындарынан тұрып,экранға қарап,жаттығуларды жасайды)

6. Ой толғау. -Сабақта не үйрендік? Не білдік?

1.Топпен жұмыс : топ ішінде ақылдаса отырып, сабақта айтылған спорт түрлерін атаңдар.

2.Спорт, денсаулық жайлы мақал- мәтелдер айту.

-Тазалық - денсаулық кепілі.
-Шынықсан шымыр боласын.
-Ас - адамның арқауы.
-Денсаулық – зор байлық.

- Ертеңгi асты тастама,
Кешкi асқа қарама!

- Көзің ауырса, қолыңды ти.
Ішің ауырса, аузыңды ти.
-Елемеген ауру жаман,
Ескермеген дау жаман.
-Тұмау-аяғы құрт,
Тұман-аяғы жұт.
-Сәтін салған ауруға,
Не болса, сол ем болады.

3.-Қазақтың атын шығарған қандай спортшыларды білесіңдер?

Биік мақсат қойып, спортпен жүйелі айналыссаң ,чемпион боласың.

Бейнежазба көрсету. «Чемпиондар әні» ( www.youtube.com сайтынан)

- Отаныңның намысын қорғайтын чемпион болғыларың келе ме?

-Ендеше,қазірден бастап не істеу керек?- Спортпен айналысып, қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасау керек?

Мұғалімнің бағалауы.

Үйге тапсырма:

Өлеңді жаттау, өзіңе ұнайтын спорт түрі туралы әңгіме дайындап келу.





Қосымша. "Қыс" туралы ән айту.

Қазақстандық чемпиондар:

Бақтияр Артаев

Бекзат Саттарханов (бокс)

Серік Сапиев (бокс)
Александр Винокуров (велоспорт)
Илья Ильин (ауыр атлетика).
Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика)
Светлана Подобедова (ауыр атлетика)
Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика)
Майя Манеза (ауыр атлетика)
Әділбек Ниязымбетов(бокс)
Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес)
Даниал Гаджиев (грек-рим күресі)
Иван Дычко (бокс)
Гүзел Манюрова (әйелдер күресі)
Марина Вольнова (әйелдер боксы).


Просмотр содержимого презентации
«адебиеттик оку»

Әдебиеттік оқу 2 “а”сынып

Әдебиеттік оқу

2 “а”сынып

Психологиялық ахуал Бір, екі, үш, Сынып іші тып-тыныш. Жалқаулықты тастаймыз.  Сабақты біз бастаймыз.

Психологиялық ахуал

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз.

Сабақты біз бастаймыз.

Үй тапсырмасы Асқар Тоқмағамбетов  «Құлақ пен Тымақ »

Үй тапсырмасы

Асқар Тоқмағамбетов

«Құлақ пен Тымақ »

Сұрақ-жауап. - Балалар, мысалдан өзімізге қандай үлгі алдық? -Қыста құлақ тоңбас үшін нені ұмытпай кию керек? -Балалар, қысқы киімдерді ауырмай, денсаулығымыз мықты болу үшін киеміз. Деніміз сау болу үшін тағы не істейміз?

Сұрақ-жауап.

- Балалар, мысалдан өзімізге қандай үлгі алдық?

-Қыста құлақ тоңбас үшін нені ұмытпай кию керек?

-Балалар, қысқы киімдерді ауырмай, денсаулығымыз мықты болу үшін киеміз. Деніміз сау болу үшін тағы не істейміз?

Қызығушылықты ояту. 1. Табаныма байладым,  Қос таяқпен айдадым.   2. Зулап түсіп төменге,  Шықпас менсіз төбеге.   3. Табаныма тақтым,  Жалпаң қақтым,  Зырлап бақтым.   шаңғы шана коньки  -- Жұмбақтың шешуі болған заттар қыста  не үшін керек?

Қызығушылықты ояту.

1. Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.

2. Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге.

3. Табаныма тақтым,

Жалпаң қақтым, Зырлап бақтым.

шаңғы

шана

коньки

-- Жұмбақтың шешуі болған заттар қыста

не үшін керек?

Бейнежазба «Қысқы спорт түрлері» ( www.youtube.com сайтынан)

Бейнежазба

«Қысқы спорт түрлері» ( www.youtube.com сайтынан)

Сұрақ-жауап:   1.Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсыңдар?  2.Қандай ойын түрлерін білесіңдер?  3.Балалар, неге біз қыста шана ,шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз? Теледидар көріп, компьютер ойнап, жылы үйде  отыра бермейміз бе?

Сұрақ-жауап:

1.Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсыңдар?

2.Қандай ойын түрлерін білесіңдер?

3.Балалар, неге біз қыста шана ,шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз? Теледидар көріп, компьютер ойнап, жылы үйде

отыра бермейміз бе?

Мағынаны ажырату.   Бердібек Соқпақбаев   (1924-1992 жж. туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылы) — қазақ жазушысы. Балаларға арналған көптеген әңгімелер жазған. Солардың бірі «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» , «Шынықсын денеміз».

Мағынаны ажырату.

Бердібек Соқпақбаев

  (1924-1992 жж. туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылы) — қазақ жазушысы. Балаларға арналған көптеген әңгімелер жазған. Солардың бірі «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» , «Шынықсын денеміз».

Бейнежазба

Бейнежазба

"Сиқырлы кітаптар"

Бердібек Соқпақбаев

Шынықсын денеміз”

( www.youtube.com сайтынан)

«Шынықсын денеміз» Жүріңдер, балалар, Жақсылап байқашы Сырғанақ тебеміз. Аяғың тоңбай ма? Құрыспай, құрыштай Жел үріп, қар кіріп, Шынықсын денеміз. Қоншыңа толмай ма?   Таяққа бау тағып, Желменен жарысып,  Шаңғыны майлап ал. Сырғанақ тебеміз.  Биялай, малақай- Желменен жарысып,  Бәрін де сайлап ал. Шынықсын денеміз.

«Шынықсын денеміз»

Жүріңдер, балалар, Жақсылап байқашы

Сырғанақ тебеміз. Аяғың тоңбай ма?

Құрыспай, құрыштай Жел үріп, қар кіріп,

Шынықсын денеміз. Қоншыңа толмай ма?

Таяққа бау тағып, Желменен жарысып,

Шаңғыны майлап ал. Сырғанақ тебеміз.

Биялай, малақай- Желменен жарысып,

Бәрін де сайлап ал. Шынықсын денеміз.

Желтоқсанның жиырма бірі Бердібек Соқпақбаев Шынықсын денеміз   1.Биалай – қолға киетін жылы қолғап.   2.Малақай – қысқы бас киім.

Желтоқсанның жиырма бірі

Бердібек Соқпақбаев Шынықсын денеміз

1.Биалай – қолға киетін жылы қолғап.

2.Малақай – қысқы бас киім.

Көзге жаттығу  ( www.youtube.com  сайтынан)

Көзге жаттығу ( www.youtube.com сайтынан)

Өлеңнің мазмұны бойынша  сұрақ-жауап:   1.Өлеңде қай жыл мезгілінің ойындары  туралы  айтылған? 2.Қыс мезгілі туралы айтылып тұрғанын өлең-  нің қай жолынан білдің?  3.Өлең неше шумақтан құралған?  4.Қыста ойналатын ойындарды атайық.  5.Қыс несімен қызықты?

Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақ-жауап:

1.Өлеңде қай жыл мезгілінің ойындары  туралы

айтылған?

2.Қыс мезгілі туралы айтылып тұрғанын өлең-

нің қай жолынан білдің?

3.Өлең неше шумақтан құралған?

4.Қыста ойналатын ойындарды атайық.

5.Қыс несімен қызықты?

Сергіту сәті    «Аққаламен жаттығу» ( www.youtube.com  сайтынан)

Сергіту сәті

«Аққаламен жаттығу» ( www.youtube.com  сайтынан)

Ой толғау  - Сабақта не үйрендік? - Не білдік?    1.Спорт түрлерін атаңдар. 2.Денсаулық, спорт туралы қандай мақал-мәтел білеміз?  3.Қазақтың атын шығарған  спортшы чемпиондар.

Ой толғау - Сабақта не үйрендік? - Не білдік?

1.Спорт түрлерін атаңдар.

2.Денсаулық, спорт туралы қандай мақал-мәтел білеміз?

3.Қазақтың атын шығарған

спортшы чемпиондар.

Бейнежазба  «Чемпиондар әні»   (  www.youtube.com  сайтынан) Үй тапсырмасы. Өлеңді жаттап ал.

Бейнежазба

«Чемпиондар әні»

www.youtube.com  сайтынан)

Үй тапсырмасы. Өлеңді жаттап ал.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?дебиеттік о?у 2 сынып Бердібек Со?па?баев "Шыны?сын денеміз"

Автор: Тойлыбай А?тол?ын Кенже?али?ызы

Дата: 19.01.2016

Номер свидетельства: 279333


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства