kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдебиеттік оқу Тақырыбы:В. Сухомлинский. Ақ шаш. Ғ.Орманов.Ана 3 " Е "сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылар  мәтінді және  «Ана» өлеңін түсініп оқып, негізгі ой түйінін таба білуге үйренеді; оқу дағдысын қалыптасып, түсінгендерін     қысқа әрі нақты әңгімелей білуге дағдыланады; сөздік қоры, тіл байлығын дамып, мейірімділікке, ананы сыйлауға тәрбиеленеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдебиеттік оқу Тақырыбы:В. Сухомлинский. Ақ шаш. Ғ.Орманов.Ана 3 " Е "сынып»

Әдебиеттік оқу

3 «Е» сынып Күні: 20.01.2017

Ашық сабақтың тақырыбы

В. Сухомлинский. Ақ шаш Ғ. Орманов. Ана

Сілтеме

Жоспар. Әдебиеттік оқу. «Атамұра» 2014 ж. Оқыту әдістемесі. көрнекіліктер, автор суреттері, тақырыпқа арналған суреттер, парақшалар, нақыл сөздер, интерактивті тақта, ана туралы ақын-жазушылардың сөздері, бағалау бетшесі,

Жалпы мақсаты





Оқушылар мәтінді және «Ана» өлеңін түсініп оқып, негізгі ой түйінін таба білуге үйренеді; оқу дағдысын қалыптасып, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге дағдыланады; сөздік қоры, тіл байлығын дамып, мейірімділікке, ананы сыйлауға тәрбиеленеді.


Күтілетін нәтиже

Топта бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.

Еркін сөйлейді,сөздік қоры дамиды

Негізгі идеялар

Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада

Әдіс-тәсілдер








Тапсырма көздері

Міндеттері

Кейінгі тапсырма


Ресурстар

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО әдісі АКТ-ны пайдалану,топтық жұмыс, өзіндік жұмыс, басқару және көшбасшылық, бағалау
Психологиялық дайындық , «Ой қозғау» әдісі, топтық жұмыс, «Тұлғаны танып -біл», «Т кестесі»,«Көзқарас»,« Ыстық орындық»,Ойлан, жұптас,талқыла»әдісі,

«Қимылмен сөйле» ойыны, Дәлелдеу ,Жүректен – жүрекке.


Шығармашылық ізденіс, сұрақ-жауап, пікірлесу, топпен жұмыс
Мейрімділікке, ананы сыйлауға тәрбиелеу
Ана туралы өлең, тақпақтар, мақал-мәтелдер


Электронды оқулық, интерактивті тақта, флипчарт, стикерлер, гүлдер,слайдтар, бейнефильм,  сызбалар,авторлар суреттері.

 

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар үш тілде сәлемдеседі.


  1. Психологиялық ахуал:

Әрқашан күн сөнбесін

Аспаннан бұлт төнбесін

Қасымда болсын анам,

Болайын менде аман

  1. Топқа бөлу:

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Ана- кім? Ана туралы тірек сөздерді пайдаланып сызба толтыру арқылы топқа бөлінеді.

І-топ: «Шуақ»
ІІ-топ: «Жылу»
ІІІ-топ: «Мейірім»
ІҮ-топ: «Шапағат

Топ ережесімен таныстыру, топ басшысын сайлау.
1.Мұғалімге бағыну
2.Уақытқа бағыну
3.Бір-бірімізді тыңдау
4.Сыйластықта болу
5.Мадақтау
6. Оқу-құралдарын дайындау.
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба, сабаққа?
Ойымызды айтайық,
Білімімізді бастайық.
Мына отырған ұстаздар,
Қалсын бір сәт марқайып.
ІI. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.С.Бегалиннің «Мейірім» әңгімесі бойынша топтар бір-біріне сұрақ қояды.
2.Әдептілік туралы мақал-мәтелдер айту.

Үй жұмысын бекіту « Ыстық орындық» әдісі арқылы жүргізіледі.

 – Сапарғали Бегалинниің «Мейірім» шығармасында кім туралы айтылған?

 - Шоқан Уалиханов кім?

 -  Шоқанның  бойынан қандай қасиеттерді оқып білдік?

 Осы мәтіннен ұлттық әдеп туралы не білдік?    

 Өмірдегі ең жақсы көретін адам кім? Неге? Не үшін сен анаңды жақсы көресің?       

- Олай болса балалар, бүгінгі сабақта тағы да мейірімді жан туралы білетін боламыз.

ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Ой қозғау әдісі. Жұмбақ шешеді.
І-топқа:-Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (Ана)
ІІ-топқа:-Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған? (Ана)
ІІІ-топқа:-Егер болсаң жаман,
Кейитін кім саған? (Ана)
ІҮ-топқа:-Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам? (Ана)

Дүниеде анаға жыр арнамаған жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар ма екен?

Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланды.

«Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы – өмір сыйлайды ғой!» - деп тебіренеді Ғ.Мүсірепов.

2. Жағдаяттық сұрақтар.
І-топ: - Сен сабақтан нашар баға алып келдің. Анаң қандай күйде болады? Қандай жол тауып анаңды көңілдендіресің?
ІІ-топ:-Сен ұрлық жасадың. Анаң қандай күйде болады? Анаңның осы күйін қалай түсінер едің? Не істейсің?
ІІІ-топ: - Марат анасына жаман сөздер айтып, оның жүрегін ауыртты. Баласының осы қылығына анасы басын шайқады да қала берді. Сен орнында болсаң не істер едің?
ІҮ-топ: - Ойнап жүріп бір жеріңді қанатып немесе қатты ауыртып алдың. Сол кезде анаң қандай күйде болады деп ойлайсың? Ана жүрегін ауыртпас үшін сен не істеуің керек еді?
Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау. Дәптермен жұмыс. (күннің жады, тақырып, автор)
Тұлғаны танып -біл»

Ақын, жазушылардың суреттерін көрсете отырып, олар туралы не білетінін сұрау.

-Балалар, біз самай шашы ағарған немесе ақ шашты деген сөз тіркестерін кімге арнап айтамыз? Неге шаш ағарады? Неге кірпік, неге қас ағармайды?Себебін кім айтады?Ендеше бүгінгі әңгімеміз кім туралы екен?(Оқушылардың пікірлері тыңдалады)

Міне, бүгін бәрімізге ортақ Анаға байланысты оқулығымызда тамаша шығарма беріліпті. Ол Василий Александрович Сухомлинскийдің «Ақ шаш» әңгімесі.

Миға шабуыл: -Ақ шаш неден пайда болады?

- Кімдерде ақ шаш болады?

Оқулықпен жұмыс

І топ: Мәтінді мәнерлеп,тізбектеп оқиды

ІІ топ: Мәтінді мазмұндайды

ІІI топ: Мәтінді рөлге бөліп оқиды

ІV топ:«Т кестесі» толтырады

Миша

Байқампаз. Сенгіш, ойы жеңіл, анасын ойламайды, тентек. т.б.

Анасы

Шашы ақ, Мишаны көп ойлайды, уайымшыл, мейірімді т.б.

«Көзқарас»

-Мәтінде басты кейіпкер кім?

-Мишаның іс-әрекеті дұрыс па?

Осыған сәйкес сендерде оқиға болды ма? Ананың шашына ақ түсірмеу үшін біз қандай болуымыз керек? Ана неге сендер үшін уайымдайды?

Сергіту сәті

«Қимылмен сөйле»
- Аналарыңды неге теңейсіңдер? \ күнге\

-Аналарына қалай еркелейсіндер? \ қимыл \

-Дүниеге келгенде біз қандай болдық? \ отырады\

-Әке-шешеміздің арқасында қалай өстік? \ тұрады\

-Аналарыңды қалай жақсы көресіңдер ? \ өздерін қатты құшақтайды \

Дәптермен жұмыс.Шығармашылық сәт

Ойлан, жұптас,талқыла»әдісі арқылы  әр топқа жеке тапсырма таратылады. Топтық тапсырмалар
І-топ Ана туралы эссе жазу

ІІ- топ Ана туралы өлең жазу немесе ән айту

ІІІ -топ Анаң сені жақсы көргенін
қандай сөздермен білдіреді?Сол сөздерді тізіп жазу
ІV- топ Ана туралы мақал – мәтел жазу

«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген мақалдың мәтінге

қандай қатысы бар?

Дәлелдеу. Ана үнемі баласын ойлап жүреді, ал балалар кейде анасының ол үшін қиналатынын , оның жүрегі ауыратынын ұмытып кетеді. Сұрақ: - - Ана жүрегі қандай?
Мәтіндегі негізгі ой не? - Осы ана махаббаты туралы біз тағы да бір шығармамен танысайық. Ол ақын Ғали Ормановтың «Ана» өлеңі. Ғали Орманов 1907 жылы қазіргі Талдықорған облысының Аксу ауданында Ешкіөлмес т ауының бауырында туған. Онға толар-толмаста әке-шесінен бірдей жетім қалып, туысқандарының қолында тәрбиеленеді. 1978 жылы өмірден өтті
а) Өлеңді мәнерлеп оқып беру. ә) Оқушылар жалғастырып оқиды. Өлеңдегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқыту.

Жүректен – жүрекке
Осы сөздерді пайдаланып өз анамызға бір сөзбен тілек жазамыз. Анасының суреті слайдтан шығады,соған қарап жазған тілегін арнайды.

Ана дүниеге жарық сыйлаушы ғана емес, бүгінгі таңда ана – жұмысшы, ана - ақын, ана – жазушы, ана – батыр, ана – әнші, ана – дәрігер, ана – мұғалім, ғалым т.б салада қызмет етуде.

Ойымды аяқта. – Үйдің алтын қазығы кім? - Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? - Ананың алақаны қандай?

V. Рефлексия. Кері байланыс

Бүгінгі сабақта менің жақсы меңгергенім.....

Меніңше мен ........ орындай алмадым, өйткені..

    Бағалау.

3-гүлден жоғары    – 5

2 гүл – 4

1-гүл- 3 Оқушылар өзіне  қоятын бағасын айтады.

-Сабақ туралы пікірлеріңіз қандай?

Маған қандай баға қоясыздар? Бармақпен бағалау


Кейінгі оқу

Мәтінді мазмұндау, өлеңді жаттау 1) Автор орындығында отырып оқитын осыған ұқсас оқиға немесе әңгіме жазып келу.
2) В.А.Сухомлинский жайында мәлімет жинау





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Әдебиеттік оқу Тақырыбы:В. Сухомлинский. Ақ шаш. Ғ.Орманов.Ана 3 " Е "сынып

Автор: Асылбекқызы Динара

Дата: 06.02.2017

Номер свидетельства: 388673

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "В.Сухомлинский «А? шаш», ?.Орманов «Ана»"
    ["seo_title"] => string(40) "v-sukhomlinskii-ak-shash-g-ormanov-ana-1"
    ["file_id"] => string(6) "297973"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456251787"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства