kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдебиеттік оқу. Тақырыбы О.Асқар Туған жер

Нажмите, чтобы узнать подробности

О Асқардың өмірімен шығармалары  туралы білімдерін кеңейту. Өлең мазмұнын меңгеру. Сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдебиеттік оқу. Тақырыбы О.Асқар Туған жер»

Пәннің аты.Әдебиеттік оқу

Күні: 06.11.17

Кабинет:10

Мұғалім: Алмасаева Ж

Сабақтың атауы

О Асқар Туған жер

Мақсаты

1.Білімділігі:оқушылардың О.Асқардың өмірі,оның шығармалары туралы білімдерін кеңейту.Оларға өлеңдегі негізгі ойды,идеяны ұғындыру.Өлең мазмұнын меңгеру арқылы ақынның туған жеріне деген ыстық сезімін бөлісуге үйрету.
2.Дамытушылығы:туған жерге сүйіспеншілікке баули отырып,оқушыға патриоттық тәрбие беру.
3.Тәрбиелігі:өз ойларын анық айтуға,достарының пікірлерін тыңдауға,шығармашылыққа баулу.
Әдісі: сыни тұрғыда ойлау стратегиясы.
Түрі: аралас сабақ.
Типі: жаңа білімді меңгерту.
Көрнекілігі: О. Асқардың портреті,слайдтар,мазмұнды суреттер,сызба.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Қуан, шаттан
Қуан,шаттан
Қуанатын күн бүгін? 
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Міне, осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

«Менің туған жерім» эссе жазу

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

АСҚАР ОРАЗАҚЫН

1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген.
Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды. 
1955 жылы атамекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп шығады. 1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген.
Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.
Қазір зейнеткер, сонымен бірге «Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай, «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына атсалысуда.
1996 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің 10 жылы» медальдарының иегері. Мұқағали атындағы сыйлықтың иегері. Панфилов ауданының Құрметті азаматы.

Шығармалары: Тұңғыш. өлеңдер. А., ҚМКҒБ. 1964; «Мейірім.» өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; «Күнгей». Өлеңдер мен дастандар. А., «Жазушы», 1975;«Балалар әдебиеті», 2005; «Логопедтік әліппе.» өлеңдер. А., 2008. «Балаларым  –  бақытым». өлеңдер. А., «Алматыкітап», 2008; «Тәуелсіздік тартулары.» А.,  «Өнер», 2001;

О.Асқар «Туған жер»

1.Өлеңді мәнерлеп оқы.

2.Мұғалімнің оқуы.

3.Сөздікпен жұмыс. Бел буу – тәуекел ету.

4.Сұрақтар.

Ақын туған жерге деген сүйіспеншілігін қалай жырлаған?

Туған жердің өткен тарихы туралы шумақты оқы.

Ақын мадақтаған батырларды ата.(Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Ер Жәнібек т.б.)

Туған жердің байлығын суреттеген шумақты оқы.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Ойлан тап ойыны.
-Сендерге туған жер туралы мақал-мәтелдің жалғасын табу тапсырылады.
-Бәріміз жылдамырақ дұрыс орындауға тырысайық,себетті толтырайық.
1)Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас.
2)Туған жердің күні де ыстық,
Түні де ыстық.
3)Ел іші – алтын бесік.
4)Туған жердің қадірін,
Шетте жүрсең білерсің.
5)Туған жердің жері де көрікті,
Елі де сүйікті.
1)Туған жердей ... 
Туған елдей ...
2)Туған жердің күні де ...
Түні де ....
3)Ел іші - ...
4)Туған жердің ...
Шетте жүрсең ... 
5)Туған жердің жері де ...
Елі де ... 

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттап ал


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Әдебиеттік оқу. Тақырыбы О.Асқар Туған жер

Автор: Алмасаева Жазира Айткелдиевна

Дата: 24.03.2018

Номер свидетельства: 463163


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства