kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдебиеттік оқу пәнінен:"Сәулелі жұлдыз іздеген адам"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әдебиеттік оқу пәнінен:"Сәулелі жұлдыз іздеген адам"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдебиеттік оқу пәнінен:"Сәулелі жұлдыз іздеген адам"»

Сәулелі жұлдызды іздеген адам

Сабақтың тақырыбы: «Сәулелі жұлдызды іздеген адам» (Әбу Сәрменбаев).

Мақсаты: Ұлы ағартушы, алғашқы ұстаз, ғалым, тұңғыш оқулық авторы Ы.Алтынсарин туралы оқып, тану.

Оқу дағдысын қалыптастыра отырып, түсініктерін әңгімелей білуге, өз ой-пікірін ашық айтуға үйрету. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын дамыту.

Балалардың оқу қажеттілігін сезінуін, білімге, мектепке деген сүйіспеншілігін арттыру. Отаншылдыққа, адамгершілікке, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Типі: Жаңа білім беру сабағы.

Әдісі: сұрақ, жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: тақырыптық ребус, тірек сызбалар, мазмұнды суреттер, буклеттер, Венн диаграммасы.

Сабақтың мақсаты: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу «Ораза» ұғымын айтып, айт мерекесін құттықтау.

Ребус шешу «Ана тілі»

Балалар мына ребусқа көңіл аударайықшы, ребустан қандай сөз шықты.

Ребус

Ана суреті – жетіл – Ана тілі сөзі шығады.

Онда балалар.

Қазақ тілім-өзтілім анам тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Таза сөйле, терең ұқ, көп-көп ізден,

Жоғары ұста мәңгілік Ана тілін, - деп ақындар жырлағандай, қазіргі ана тілі сабағында біз төрт топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. /Топ аттарын белгілеу/ I-топ «Күз», II-топ «Қыз», III- топ «Көктем», IV- топ «Жаз»

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Тақтада күн бейнесі сияқты тірек сызба ілулі тұрады. Күн сөзі ақ қағазбен жауып қойылады. Күн сөзін ақша бұлттар басқан. Енді балалар өткен тақырыптарға шолу жасап, күннің көзін ашамыз. Әр топқа сұрақтар беріледі де балалар жауаптарын күн көзіндегі ақ қағаздың бетіне жазады. 1.Абылай кім? 2. Қабанбай батырдың шын аты кім? 3. Бөгенбай кім? 4. Батырлардың ерлігін жырлаған жырау кім?

-Енді міне, күннің көзін аштық.

-Күн бізге не береді?

-Жылулық, /Жарық, қуат, тіршілік/.

Ал, балалар бойымызға күн нұрыннан күш-қуат алдық. Сабағымызды ары қарай жалғастырайық.

3. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе сөздік түсінік беру. «Күзгі жапырақтар» ойыны.

Тақта төрт жапырақтың суреті ілулі тұрады. Жапырақтардың 1-бетіне «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Жаз» ал 2-бетіне « Сәулелі жұлдызды іздеген адам» сөздері жазылып тұрады.

Күз , Қыс, Жазғытұры, Жаз.

-Балалар тақтадан не көріп тұрмыз

-Жапырақтар. - -Қай мезгілдегі жапырақтар деп ойлайсыңдар?

-Күз мезгіліндегі.

-Жылдың неше мезгілі бар?

-Төрт мезгілі бар. Күз, қыс, көктем, жаз.

Ондай болса, осы төрт мезгілге байланысты Абайдың өлеңдерін еске түсірейік.

1-топ «Күз» 2-топ «Қыс» 3-топ «Жазғытұры» 4-топ «Жаз» өлеңдерін оқиды.

4. Жаңа тапсырманы түсіндіру. Жапырақтардың арғы беті аударылып ілінеді.

1905 - 1997

Атырау облысы, Әбу Сәрсенбаев Қазақтардың белгілі

Теңіз ауданы қаламгері

Туған Отан таңы Толқында Теңіз әуендері

Өлке туғандар


-Міне балалалар, сабағымыздың тақырыбы: «Сәулелі жұлдызды іздеген адам».

Тақырыпқа түсініктеме беру.

Сәулелі - бұл жарық нұр болса, жұлдыз қараңғыға нұр беретін жұлдызды іздеген адам.

-Қане енді үнтаспадан бір шумақ өлең үзіндісін тыңдаймыз, білетіндеріміз әрі қарай жалғастырамыз. «Кел, балалар оқылық» өлеңіннен бір шумақ тыңдайды.

Бір оқушы жалғастырып, мәнерлеп соңына дейін айтады.

-Ал балалар бұл өлеңді кім жазған?

-Ыбырай Алтынсарин.

5. Жұлдыздар әлемі ойыны.

Жұлдызшаларға сұрақтар жазылып қойылады да әр топқа беріледі. Дұрыс жауап берген оқушылар жұлдызшаны тақтаға іледі.

  1. Алғашқы мектепті ашқан кім?

  2. Алғашқы мектеп қай жылы, қай уезде, қай аймақта ашылды?

  3. Бұл әңгімеге тағы қандай ат қоюға болады?

  4. Ы.Алтынсариннің қысқаша еңбек жолы? Серпіліс жасау /Үнтаспадан күйтыңдау арқылы/

6.Әңгімеге қорытынды жасау.

Кеше

Бүгін

Ертең

Молда суреті

Мектеп суреті

?

Ыбырай Алтынсариннен бұрын мектеп болмаған, балалар үйде, жерде отырып, молданың қолында оқыды. Бүгінгі мектепті білесіңдер , барлығы жеткілікті, компьютерленген мектепте тегін білім алып жатырмыз. Ал алдағы уақыттағы, ертеңгі мектебіміз қандай болады екен деп болжам жасаңдаршы.

7. «Ішіне / сыртына» стратегиясы бойынша жұмыс.

Ішіне Ы.Алтынсарин жазған әңгіме тақырыбын, сыртына өзге тақырыптарды жазу. «Күз» тобы, «Қыс» тобы орындайды.

Оқыған адамның қаситтерімен мен оқымағанның қасиеттерін Венн диаграммасына жазып көрейік.

Ақылды Еріншек

Еңбекқор Надан

Адал Адам Рақымсыз

Терең ойлы Жалқау


Бұл жұмысты «Жазғытұрым» мен «Жаз» топтары орындайды. Екі оқушы жазады.


8. Үйге тапсырма.

1.Әңгімені оқу.

2.Ы.Алтынсарин туралы мәліметтер.


9. Бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Әдебиеттік оқу пәнінен:"Сәулелі жұлдыз іздеген адам"

Автор: Курбанбаева Маржанай Садвакасовна

Дата: 15.12.2016

Номер свидетельства: 370006


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства