Сабақ: Отан Е.Өтетілеуұлы
Мектеп: №13 М. Мақатаев атындағы орта мектеп
Күні:
Мұғалім есімі: Алибекова С.С.
Сынып:2ә
Қатысқандар саны: 27
Қатыспағандар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
Оқушылардың Отан туралы шығармаларды оқу арқылы әдебиетке құштарлықтары артады, өленді мәнерлеп оқуға үйренеді. Қисынды ойлау қабілетін кеңейеді, сөздік қорлары молаяды.
Оқу нәтижелері
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: оқушы «Отан» ұғымын нақты мысалдар арқылы түсінуге әрекет жасайды. Ақынның сезімдерін тап басып тануға, оны талдап айта алуға талпынады.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: оқушы шығармашылық жұмыстарға төселеді, өмірмен байланыстыру арқылы жаңа ұғымдарға шығады.
Тұлғалық нәтиже: патриоттық, адамгершілік, танымдық тәрбие арқылы жеке бастың құқығы туралы алғашқы түсініктер алады.
Тілдік мақсат
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Отан. Туған жер – алтын бесік.
Отансыз адам, ормансыз бұл - бұл.
Сыныптағы диалог ( жазылым) үшін пайдалы тілдік бірліктер:
- Отан туралы өлеңнің мағынасын ашу.
- Сурет бойынша әңгімелеу.
- Сурет салу.
- Өлең шығару.
Талқылауға арналған тармақтар:
Талқылауға және ойлауға мүмкіндік беру.
Білім алушы оқып үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;
Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнату;
Үйренушілерге білімді дайын күйінде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Нәтижелерді оқу мақсаттарымен байланыстырамын.
Нақты табыс критерийлерін ұсынамын.
Алдыңғы оқу
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар
Басталуы.
Ортасы
1. Ұйымдастыру. Оқушыларды топтастырамын яғни топтарға біріктіремін.
Геомертиялық фигуралар арқылы топтарға бөлемін.
2. Қолайлы орта қалыптастыру.
Оқушылардың зейінін шоғырландырамын.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!
Біз тәртіпті баламыз,
Бүгін неше аламыз?
1-керегі жоқ
2-керегі жоқ
3-керегі жоқ
4-орташа
5-тамаша!
3. Мақсат қою арқылы критерийлер құру.
(табыс критерийлерін шығару)
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Отанымыз Қазақстанды кім басқарады?
- Отан дегенді қалай түсінесің?
- Астанамыз қай қала?
- Қазақ елінің рәміздері туралы не білесіңдер?
Білу.
Оқушыларға Қазақстан жері туралы бейнебаян көрсетіледі.
Өлеңді мәнерлеп оқу
"Отан" Е. Өтетілеуов.
- Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз,
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз мен атамыз.
Отанды жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, бағалайды
Өйткені, Отан баласындай
Бізді өсіріп, аялайды.
Отан деген — атамекен,
Отан деген — туған жер,
Отан — ана,
Отан — үлкен
Қазақстан — туған ел.
Түсіну.
Біздің ұлтымыз қазақ. Отанымыз — Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Отан деген – ата - әжең, әке – шешең, аға - әпкең, жеңге – жездең, бауырың, қарындасың. Отан біздің ортақ үйіміз.
Біздің Отанымыз кең байтақ, алтыны мен кені мол, дамыған ел. Біз өз еліміздің бір кірпішіміз. Біз елімізді сүйеміз, мақтан етеміз. Қайда барсаң да әрқашан өз Отаныңды аңсап, сағынып тұрасың. Әр адамға туған жер әрқашан да ыстық болады. «Туған жердің күні де, түні де ыстық» - деп бекер айтпаса керек.
Сергіту
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға,солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Бұл қай ел? Әрине, Қазақстан.
Қолдану.
Отан туралы төрт жолды өлең шығару.
Ойын:
«Туған жерді гүлдендір»
(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)
Талдау.
Отан туралы әңгімелеу.
Диалогті оқыту
Оқушыларға сұрақтар қою.
- Отан деген не?
- Отан деген сөзді қалай түсінесің?
Отан деген сөзді қалай түсінеміз?
- Балалар, тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?
- Күн, құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз.
- Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.
- Ал, енді, балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
- Мемлекеттік туымыздың түсі: көк, көгілдір.
- Неге ұқсайды?
- Аспанға ұқсайды.
- Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен
Жинақтау.
Ойын:
«Туған жерді гүлдендір»
(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)
- Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл - қызы міне, сендерсіздер.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.
Кері байланыс:
Аяқталуы
Бағалау.
Жұптық, өзін-өзі, шапалақтау арқылы бағалау.
(1-онша емес, 2- күшті)
Рефлексия. (екі жұлдыз, бір тілек)
«Сен болашақта жақсы адам бол», «Сабағыңды бұдан да жақсы оқы», «Сабақта көбірек сөйлеуге тырыс»
Үйге тапсырма: 54-55 бет түсініп оқу, Отан туралы шығарма жазу