2 сынып | 29.04.16 | Әдебиеттік оқу |
Тақырыбы: | Ж. Жабаев Алатау |
Мақсаты | өлеңнің мазмұнымен таныстыру |
Міндеттері | мәнерлеп оқу дағдысын, сөздік қорын дамыту, шығармашылық қиялын ұштау, бірлесіп жұмыс істеу. Туған өлке табиғатын қастерлеуге, жерін,елін сүю,құрметтеуге,қорғауға тәрбиелеу |
Күтілетін нәтиже | |
Сабақтың типі | жаңа білімді меңгеру сабағы |
Ресурстар | үлестірме қағаздар, интерактивті тақта, презинтация |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушылардың іс -әрекеті | Уақыт |
І. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңберін құру | Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Балаларға сәттілік тілейді. | Иіліп сәлем бердік, Атқан күнге! Иіліп сәлем бердік, Қонақтарға! Иіліп сәлем бердік, Ұстаз сізге! Иіліп сәлем бердік, Достар бірге!
| 1 мин |
ІІ Тыныштық сәті. | Міне арайлап таң атты. Жарқырап күн нұрын шашып тұр. Күннің алтын шапағы бетімнен сүйіп алғандай болды. Жүгіріп барып терезені аштым. Үйде таудан соққан самал желдің иісі аңқиды. Көз ұшында мұнартқан, қар мен мұздың қоймасы іспеттес бұлттармен таласқан алып таудың, аспан таудың бейнесі көрінеді. Мен таза ауаны кеудемді толтыра жұтып, таудың етегінде аққан тау суына көз салдым. Тамылжыта сайраған құстар, тауды жаңғырықтырған жануарлар үні де ерекше естіліп тұр. Табиғат ана бар сыйын осы тауға сыйлағандай. Табиғат- тіршіліктің бесігі болса, Мына Аспантау сол тіршіліктің қоймасы тәрізді. Мен болсам сол табиғаттың ақылды перзентімін. Аспан тау болса, менің ардағым, осы тау етегіндегі мекен- менің мақтанышым . | оқушылар музыканы әуенімен мұғалімнің сөздерін тыңдайды.. | 3 мин |
ІІІ. Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты шығарып алу | Оқушыларға сөзжұмбақты көрсетемін | Сөзжұмбақты шешу арқылы «Алатау» сөзін шығарады | 5 мин |
ІҮ.Сабақтың тақырыбын, мақсатын ашу кезеңі Кестені толтыру сабақтың мақсатын ашу | Оқушыларға тапсырма: Жамбыл Жабаев туралы ақпарат жинақтап , толтыру | Кестені толтырады. Әр топ Жамбыл туралы ақпарат айтады. | 3 мин |
Ү. Өлеңмен жұмыс | Аудиожазбаны қосып, оқушыларға өлеңді тыңдату. Мұғалімнің оқу кезінде сөздік жұмыс жүргізіледі. Сөздік жұмыс: ну-қалың, мұнар-бұлыңғыр, кептес-тілдесу,сөйлесу. | Оқушылар өлеңді тыңдайды, түсініксіз сөздерді сұрайды. Оқушылар тізбектей оқиды. | 5 мин |
ҮІ.Алғашқы түсініктерін бекіту Интерактивті тақтамен жұмыс | Тақтаға таулардың атаулары жазылып, оқушылар таныстырылады. Біздің Республикамызда Мұғалжар, Алтай, Көкшетау,Ұлытау сияқты таулар бар. Солардың ішіндегі ең ірісі- Алатау.Еліміздің оңтүстік шығысында.Тау етегінде Алматы қаласы орналасқан, «Медеу» мұз айдыны бар.Тау іші нулы,орман тоғайлы болып келеді.Таудан аққан су өте мөлдір және екпіні қатты болады.Өзен жағалауларында түрлі жеміс ағаштары өседі.Тау басында қысы-жазы қар жатады.Алатауда әр түрлі аң-құс мекендейді | Қазақстандағы таулар атауларын дәптерге жазады. Мұғалжар, Алтай, Көкшетау, Ұлытау, Алатау | 5 мин. |
Сергіту сәті | Оқушыларды сергіту сәтіне тұрғызады. «Аяқпенен –топ-топ» | Сергіту сәтін жасайды. | 1 мин |
ҮІІ.Топпен жұмыс . | 1-топ: Ақын таулардан аққан суды қалай суреттейді? 2-топ: Ақын тау етегіндегі жемістерді қалай жырлайды? 3- топ: таудың биіктігі туралы айтылған жолдарды оқығанда қандай сурет көз алдыңа келеді . Өлеңнің екі жолын оқы. | 1 топ -Дариядай көресің аққан судың тамашасын 2 топ- Қазынасы көп тіл жетпейтін, бір татсаң аузыңнан дәм кетпейтін 3 топ-Қарлы тау басы биік мұнар кетпес,Сырласып , бұлттарменен болған кептес | 7мин. |
ҮІІІ. Шығармашылық жұмыс | «Балғын суретші» Сурет конкурсы. Музыкамен сурет салу , оны мәтінмен қорғау. Алатау баурайында. Әр топ суретін 1-2 мин ішінде салып, көркем сөз түрінде қорғауы тиіс | Әр топ оқыған өлең бойынша сурет салып , қорғайды. | 7мин |
ІХ. Сабақты бекіту Диагностикалық карта . Иә, жоқ деген пікір білдіреді.(- +)
| 1. Алатаудың басында үнемі қар жатады. 2. Алатаудың қары көктемде ериді. 3. Алатаудың етегінде Алматы орналасқан 4. Жамбыл ата-Жыр алыбы. 5.Арыстан,аю,қасқыр,түлкі,борсық,сілеусін,жолбарыстар тауда да өмір сүреді. 6.Алатау бөктерінде жеміс ағаштары өспейді. 7.Таулар өзендер,аңдар ,құстар, адамдар тірі табиғатқа жатады.-деп қорытынды жасалады. 8. Жамбыл ата 1845 жылы туды. 9. Жамбыл - таудың атауы. 10. Жамбыл ата -1 ғасыр өмір сүрген дана ақын. Диагностика қорытындысы бойынша «Жамбыл ата кім?» деген сұраққа жауапты оқушылар өз сөздерімен айтып өтеді. | Диагностика қорытындысы бойынша «Жамбыл ата кім?» деген сұраққа жауапты оқушылар өз сөздерімен айтып өтеді. | 3 мин |
Х.Сабақты қортындылау | Оқушылардың жұмысын бағалау | Оқушылар топтағы жұмыстарын бағалайды. | 4 мин |
ХІ Үй тапсырмасы. | Өлеңнен үзінді жаттау, тауда өмір сүретін жануарлардың суретін салу. | | 1 мин. |