kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?дебиеттік о?у "Забота"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  ма?саты : м?тінді  м?нерлеп  о?ыта  отырып, мазм?нын  ме?герту.

        С?йлеу  да?дыларын  жетілдіру.  Тапсырмалар  бере  отырып, шы?армашылы?  ізденіске  баулу.

        Бала  бойына  ?айырымдылы?ты,  ізгі  ?асиеттерді  сі?іру.

К?рнекілігі: мазм?нды  суреттер, с?здер  жазыл?ан  плакат, топшамалар.

Т?рі: шы?армашылы?  ізденіс  саба?.

?дісі:   с?ра?-жауап,  тізбектеп  о?у,  д?гейлеп  о?у,  де?гейлеп  баяндау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?у "Забота" »

Әдебиеттік оқу


«Қайырымдылық»

Сабақтың мақсаты : мәтінді мәнерлеп оқыта отырып , мазмұнын меңгерту.

Сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Тапсырмалар бере отырып , шығармашылық ізденіске баулу.

Бала бойына қайырымдылықты, ізгі қасиеттерді сіңіру.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, сөздер жазылған плакат, топшамалар.

Түрі: шығармашылық ізденіс сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, тізбектеп оқу, дңгейлеп оқу, деңгейлеп баяндау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Өткен сабақты тиянақтау.

1-қатар. Ж. Аймауытов өмірбаянын айту.

2-қатар. Табиғат туралы мақал-мәтел айту.

3-қатар. «Торғай» әңгімесінің мазмұнын айту.

Жұмбақтар айту.

1. Қырға кілем жайдым (қызғалдақ)

2. Бұтақтарға секіріп,

Әр жерден қылт етеді.

Кейде жаңғақ кеміріп,

Жоғары өрлеп кетеді. (ақ тиін)

3. Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан. (күн)

Көңіл күйлерін сұрау.

─ Балалар, бүгін мектепке келе жатқанда қандай жақсы нәрселер көрдіңдер ?

(Оқушылар көргендерін айтады)

Сыныппен жұмыс.

─ Мына суретке қарап отырып, адам бойында болатын ізгі қасиеттерді атап шығайық.

Топтастыру.

Жақсы адам: қайырымды, мейірімді, үлгілі, кішіге қамқор, үлкенге құрмет көрсетеді, білімді, саналы, тәртіпті, әдепті.

3. Жаңа сабақ.

(Тақтаға жаңа сабақ жазылады)

1. Мәтінді оқып шығу.

2. Сұрақтармен жұмыс.

1. Мұғалима Мұхтарды не үшін мақтады ?

2. Мектептен келе жатқан Мұхтар қандай оқиғаға тап болды ?

3.Мұхтар не үшін қуанды №

4. Мұхтарға анасы не үшін ұрыспады ?

5. Мұхтардың орнында өзің болсаң қайтер едің ?

6. Әңгіменің «Қайырымдылық» деп аталу себебі неде ?

Оқулықпен жұмыс: (оқушыларға тізбектеп оқыту).

Түсініксіз сөздермен жұмыс істеу.

Сөздікпен жұмыс.

Бәкене – аласа

Қақ – іркіліп қалған жауын суы.

Оқушыларға тапсырма:

─ Біздің сыныпта осы Мұхтар сияқты жақсы оқушылар бар ма екен ? Болса оның қандай қасиеттерін байқайсың ?

Шығармашылық тапсырма.

Тақтада мәтін бойынша алынған әр түрлі сөздер жазулы тұр. Осылардың ішінен 1-қатар ─ зат есімдерді, 2-қатар ─ етістіктерді, 3-қатар ─ сын есімдерді теріп жазу. (Үш қатар жарысып оқиды)

Үш кейіпкерге мінездеме беру:

Тақтаға жазудан жарысады.

1-қатар ─ Мұхтарға , 2-қатар ─ Мұхтардың анасына , 3-қатар ─ сотқар балаларға. Әр оқушы бір сөз жазып отыра береді, келесі оқушы оны қайталамай басқа сөз жазуы тиіс. Қай қатар бұрын бітірсе, сол қатар «жеңімпаз» атанады.

4. Сабақты қорытындылау.

1. Жаңа сабақ қалай аталады ?

2. Осы мәтіннен біз өзімізге қандай жақсы тәлім-тәрбие алдық ?

3. Бұдан қандай мақал шығаруға болады ?

Жақсыдан үйрен , жаманнан жирен.

Әдепті бала ─ арлы бала,

Әдепсіз бала ─ сорлы бала.

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

5. Үйге тапсырма беру:

1.Мәтін мазмұнын айту.

2. кейіпкерге мінездеме жазу.

3. Мәтін бойынша сурет салу.

6. Оқушыларды бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?дебиеттік о?у "Забота"

Автор: Исхан Маржан

Дата: 10.04.2015

Номер свидетельства: 199874


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства