| Ана тілі | 1 сынып |
Сабақтың тақырыбы. | Төрт мезгіл. Заттың сынын білдіретін сөздер. |
Сабақтың жалпы мақсаты | Заттың сынын білдіретін сөздер туралы оқушылардың білімдерін пысықтау. Ертегінің идеялық мазмұнын ашу. |
Міндеттері | * Оқушылардың түсініп оқу және жазу дағдыларын жетілдіру; заттың атын, қимылын, сынын білдіретін сөздер туралы ұғымдарын кеңейтуге мүмкіндік жасау; * Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру; есте сақтау, ойлау, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту; *Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу. |
Күтілетін нәтиже | 1.Оқушылардың мәтінді жете түсінуі; 2. Сөздерге дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. 3. Өз ойын ашық айтуға дағдыландыру. 4.Бағалай алады, топпен жұмыс істей алады. |
Сабақтың көрнекіліктері | көрнекілік, дидактикалық материалдар, суреттер |
Сабақтың әдіс – тәсілдері | ТЖ,ЖЖ,СТО сұрақ-жауап, , әңгімелеу |
Сабақтың барысы бойынша мұғалімнің жазбалары |
Мұғалімніңіс-әрекеті | У - ты | Оқушының іс-әрекеті |
І. Ұйымдастыру кезеңі. (ынтымақтастық атмосфера орнату) Шаттық шеңберін құрады: «Сен әдемі сөздерді білесің бе?» 2. Оқушыларды топқа бөлу. Жыл мезгілдерінің суреттері арқылы балалар 4 топқа бөлу: «Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс» | 2 мин | Оқушылардың сабаққа зейінін аудару. Оқушылар суреттер арқылы өз топтарын тауып отырады. бір - біріне діндігін білдіреді. |
ІІ. Қызығушылықтарын ояту. Ой қозғау 1. Жұмбақ шешу. Жер үстінде 1 бәйтерек. Оның 12 бұтағы бар. Әрқайсысында 30 жапырақ.30-ының бір жағы ақ, бір жағы қара. - Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз жыл мезгілдеріне арналмақ. Әр жыл мезгілдің өзінше әдемілігі, әсемдігі, ерекшелігі бар. 2.Тірек сөздер арқылы не туралы екенін табу, жалғастыру: І топ Көбелек, гүл, көк майса, өрістен қайтқан малдар... ( жаз) ІІ топ Сарғайған жапырақ, қайнаған еңбек, қайтқан құстар, егін... (күз) ІІІ топ Терезеде ою, жер беті аппақ, ақ боран.... (қыс) ІV топ Мал төлдеп, жер бусанып, күн ұзарған, ояну... (көктем) | 3мин | Оқушылар жұмбақтың шешуін тауып, дәлелдейді. (бәйтерек - жыл, 12 ай, 30 күн, күн мен түн)
Мұғалімнің сұрағына жауап береді. |
ІІІ. Мағына тану Оқулықпен жұмыс. Ертегі мәтінін мұғалімнің оқуы. Сөздік жұмысы: сынай қарапты – не айтар екен, не істер екен деп бақылау; енші беру – баласын бөлек шығарғанда беретін малы. Оқушыларға тізбектете оқыту, жыл ақсақалдың сөзін тауып оқу. Сұрақтар беру: - Қане, кім айтады? Қатулы қысқа қандай айлар тап келді? (желтоқсан, қаңтар, ақпан) - Сұлу көктемге ше?(наурыз, сәуір, мамыр) - Жадырған жаз өзіне қандай айларды алды?(маусым, шілде, тамыз) - Көңілшек күз қандай айларды иеленді? (қыркүйек, қазан, қараша) – Саған жылдың қай мезгілі ұнайды? | 9 мин | Балалар өлеңді мәнерлеп оқиды. Сұрақтарға жауап беруге тырысады. Өз ойларын айтады. Оқушылар мәтінді тізбектей оқып, сұрақтарға толық жауап береді. Өздеріне ұнайтын жыл мезгілін әңгімелеп береді. |
ІҮ. Сергіту сәті. Музыка ырғағымен билеп, сергіп алады | 1 мин | Оқушылар қимыл-қозғалыспен көрсетеді |
Ой толғау. Шығармашылық жұмыс. Әр топ өздеріне берілген мезгілдерін суреттеп, талдайды. | 9 мин | Оқушылар постермен жұмыс жасайды. Өз жұмыстарын қорғайды. |
Өздік жұмыс. 1. Дәптермен жұмыс Әр қатарға жыл мезгілдеріне байланысты 2 сөйлем құрау тапсырылады. 1 - топ - көктем мезгіліне, 2 - топ - күз мезгіліне, 3 – топ - жаз мезгіліне. 4-топ –қыс мезгіліне Мысалы: Көктемде мал төлдейді. Қозылар жасыл шөпке жайылады т.б | 3мин | оқушылар өздігінен жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындайды. әртүрлі тапсырмалар арқылы танымдық ізденулеріне жағдай жасау |
Ой қорыту. БҮҮ кестесі арқылы қорытындылау (ауызша) Рефлексия Мұғалім сұрақтар қояды: Бүгінгі жасаған жұмыстарың, алған білімдерің өмірде қажет пе? Топпен жұмыс жасаған ұнады ма? Білім ағашын гүлдендіру | 5мин | Оқушылар БҮҮ кестесі бойынша қорытындылайды. Оқушылар өзін - өзі «бағдаршам» әдісі бойынша (жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер арқылы) бағалайды. |
Бағалау. Оқушылар өзін - өзі «бағдаршам» әдісі бойынша (жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер арқылы) бағалайды. Бүгінгі сабақ сендерге түсінікті болды ма? Мұғалім әр оқушыны жеке бағалайды. | 2мин | Оқушылар өз бетімен тақырыпты дәлелдеудің жаңаша нұсқауын орындайды Оқушылар қаншалықты түсінгендерін көрсетіп, тиісті түсті дөңгелектерін көтереді. Топ басшысы топтағы оқушыларды бағалайды. |
Үй жұмысы Ертегінің мазмұндау. Тапсырманы түсіндіреді. Дарынды оқушыларға шығармашылық жұмыстар тапсырылады: жыл мезгілдеріне өлең шығару. | 1мин | Күнделіктеріне ү/ж жазу |