?дебиеттік о?у саба?ынан "?аза?ым мені?" атты саба? жоспары
?дебиеттік о?у саба?ынан "?аза?ым мені?" атты саба? жоспары
Саба?ты? ма?саты:
І Білімділігі: ?рбір о?ушыны? жеке даралы?, т?л?алы? ?асиеттерін ?алыптастыра отырып, К?л?ш Ахметова, оны? ?мір жолы туралы, сондай –а?, ?аза? хал?ыны? ?мірініні? шынайы к?рінісін сипаттап тол?айтын шы?армашылы?ы туралы таныстырып, ты? м?ліметтер беру.
ІІ Дамытушылы?ы: О?ушыларды? ынта – жігерін, танымдылы?ын, с?здік ?орын, ой –?рісін, ойлау ?абілеттерін дарыта отырып, шы?армашылы??а жетелеу.
ІІІ Т?рбиелігі: О?ушыларды тазалы??а, адамгершілік ?асиеттерге, ?жымшылды??а, тазалы??а, ??ыптылы??а, жауапкершілікке, досты??а, елдікке, сыйласты? пен бірлікке т?рбиелей отырып, білімпаз?а жетелеу.
Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?.
Саба?ты? ?діс- т?сілдері: С?ра?-жауап, ??гімелеу, т?сіндіру, баяндау, талдау-жина?тау, пікір –талас.
Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?у саба?ынан "?аза?ым мені?" атты саба? жоспары »
Күні: Сыныбы: Пән атауы:
Сабақтың тақырыбы: Қазағым менің. Күләш Ахметова
Сабақтың мақсаты:
І Білімділігі: Әрбір оқушының жеке даралық, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыра отырып, Күләш Ахметова, оның өмір жолы туралы, сондай –ақ, қазақ халқының өмірінінің шынайы көрінісін сипаттап толғайтын шығармашылығы туралы таныстырып, тың мәліметтер беру.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, танымдылығын, сөздік қорын, ой –өрісін, ойлау қабілеттерін дарыта отырып, шығармашылыққа жетелеу.
ІІІ Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достыққа, елдікке, сыйластық пен бірлікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.
Көрнекілігі: «Қазақстан Жазушылары ХХ ғасыр» оқулығы, слайд –шоу, плакаттар, Қазақстан картасы, қосымша материалдар, оқулықтар.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Қазағым менің. Күләш Ахметова
Балалар осы «Туған өлкем – тунған шежіре» деген тарауды қалай түсінесіңдер? Осы тарау тақырыбындағы шежірелі елге қай халық ие?
Қазақ халқы.
Қазақ қандай халық? (Оқушылардың жауабы)
Өте жақсы!
Қазақтың үш қасиетіне қарай ІІІ топқа бөлу: І топ – Батыр, ІІ топ – Қонақжай, ІІІ топ – Өнерлі. (Оқушылар өз қалаулары бойынша өнерлерін көрсетуі тиіс)
Туған жер, Отан – Ана, қазақ халқы туралы жазбаған ақындар жоқ шығар. Ақын Күләш Ахметова Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері «Қазағым менің» деген өлең арнап жазған екен. Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда дүниеге келген. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал мектебін бітірген. Редакторлық қызметте көп жылдар жұмыс жасаған. Оның «Сен менің бақытымсың» атты кітабы жарыққа шыққан.
ІV. Оқу стратегиясын қолдану арқылы өлеңді мәнерлеп оқу.(Сөздікпен жұмыс)
Топпен жұмыс: І топ – Батыр, ІІ топ – Қонақжай, ІІІ топ – Өнерлі.
І топ: Өлеңде қазақ халқының өткен өмірі туралы не айта аласың?
ІІ топ: Халықтың Отанына деген сүйіспеншілігін қалай суреттеген?
ІІІ топ: Ақын қазақтың қандай қасиеттерін мақтан етеді?
Мақал – мәтелдерді оқып, топ бойынша талдау (Оқушылардың жауабы)
V. Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық,
Қалтамызға салайық!
VІ. Жаңа тақырыпты бекіту:Қазақстан картасын пайдалану арқылы сабақ түрлендіріледі.
«Бақыттымын» атты тақырыбына шағын эссе жазу. Ерболат Құдайгергеновтың орындауында «Мен қазақпын» әнінің бейне сюжетін көру, пікір – талас жүргізу.
Не білемін?
Не білгім келеді?
Не үйрендім?
VІІ. Үй тапсырмасы:4 бет «Қазағым менің» өлеңін мәнерлеп оқу, 10 мақал – мәтел жазып келу.
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.