Ақтау қаласы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №3 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ниязова Құралайдың әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары.
| Пәні | Әдебиеттік оқу |
| Сыныбы | 3 «Б» |
| Сабақтың тақырыбы | Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі) |
| Сілтеме | Әдістемелік құрал, әдебиеттік оқу 3 сынып (Атамұра) Блум таксономиясы «Сыни тұрғыдан ойлану». Диологты оқыту |
| Жалпы мақсаты | Оқушыларға ертегінің мазмұнын түсіндіріп, мәнін ашу. Нанның оңай жолмен дастарқанға келмейтінін, ол үшін көптеген еңбек керектігін ұғындыру. |
| Күтілетін нәтиже | |
| Негізгі идеялар | жаңа тақырыпты өз беттерінше меңгерту оқушылардың қызығушылығын арттыру топ жұмысына белсене араласу диологқа түсе отырып, өз ойын дәлелдеуге үйренеді оқушылардың жетістігін формативті бағалау |
| Қолданылатын әдістері-тәсілдер | «Сын тұрғысынан ойлау», «Диологты оқыту», «Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту», «Оқу және оқыту үшін бағалау», «АКТ», «Көшбасшылық», «Дарынды және талантты балаларды оқыту». |
| Сабақ бойынша мұғалім жазбалары | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Білу | 1.Оқушыларды топқа бөлу 2.Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Тамаша екен» 3.Үй тапсырмасын сұрау. | 1.Оқушылар суреттер қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлінеді. 2.Оқушылар өздерінің жақсы қасиеттерін айтады. 3. Мысалды рөлге бөліп оқыту, суреттеріне баға беру. |
| Түсіну | 1.Электронды оқулықпен жұмыс жүргізу Сызбамен жұмыс | Слайд арқылы нан дастарханға қалай келгенін айтады. Суреттегі тағамдардың атауын және олардың дастарқанға қалай келетіні жайлы айтады. |
| Қолдану | 1. ДЖИКСО әдісі арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру 2.Ертегіні рөлге бөліп оқыту. 3.Топтастыру | 1.Оқушыларға оқығандарын екінші топқа барып түсіндіреді. 2.Постер жасап, ертегінің мазмұнын ашады. 3.Оқушылар өз ойын айтады. |
| Сергіту сәті | «Өз үйіріңді тап» | Оқушылардың көзін байлап,дыбысын шығарып бір-бірін табады. |
| Талдау | Түрткі болу (интерактивті тақтамен жұмыс) «Бес жолды өлең» | Сызбадағы сөздерді ретімен орналастырады. Сызбадағы сөздерді пайдалана отырып өлең шығарады. |
| Жинақтау | Диологқа түсе отырып, білімдерін толықтыру. «Өрмекшінің торы» әдісін пайдалану | Оқушылар жіпті лақтыру арқылы сұрақ қояды, жауап береді. |
| Бағалау критерий | мысалдың мазмұнын түсінуі постер қорғауы топтық жұмыстағы белсенділігі ойын ашық жеткізе білуі диологқа түсуі бір-бірін, топты бағалауы | |
| Рефлексия | Себетке жапсырады | Стикерге жазып, жапсырады. |
| Үйге тапсырма беру | Нанды құрметтеуге байланысты әдептілік ережесін құрастыру./Тиым сөздер,мақал-мәтел/ В. Сухомлинский туралы мәлімет жинау | |