Сынып оқушылары «Мектеп», «Кітап», «Білім» атты үш топқа бөлінеді.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Кез – келген әңгімеде,мәтінде не болады?
Оқиға,адамдар,оқиғаның басы,аяғы болады.
Балалар,мәтіндегі адамды бір сөзбен кейіпкер дейміз.
Оқулықтағы кейіпкер туралы түсініктемені оқу,талдау.
Алдыңғы оқыған мәтіндегі кейіпкерлерді атай аласыңдар ма?
Үй тапсырмасымен байланыстыру.
ІІІ. Мағынаны тану.
Олай болса, «Әжесін қайсысы жақсы көреді?» деген мәтінді түсініп оқып,мазмұны бойынша талдауға дайындаламыз.
Балалар, әже деген сөздің өзі өте биязы,жұмсақ естіледі.Балалардың барлығы әжесін өте жақсы көретіні анық. Бірақ Болат пен Қанаттың басында болған оқиға бойынша қойылған сұраққа қалай жауап берер едіңдер?
Оқулықтағы сұрақтармен тапсырмалар бойынша талдау жұмысын жүргізу.
Мұғалім жалпы сұрақтар қою арқылы плакатпен жұмыс жүргізеді немесе топптық жұмыс ретінде де беріп, ұйымдастыруға болады. Оқушылар өткенді еске түсіріп, үнілуге,қайталауға мүмкіндік алады.
Плакатқа немесе интерактивті тақтаға кесте жазылады.
«Әңгімелер кестесі» әдісі («ағаш тостақ» және «Әжесін қайсысы жақсы көреді?»)
«Әжесін қайсысы жақсы көреді?»
«Ағаш тостақ»
Авторлары
Кейіпкерлері
Жағымды
Жағымсыз
Қай кейіпкер жақсы жағынан өзгерді?
Мәтіндерге ортақ әңгіме болған мәселе не?
Мәтінді оқығаннан қандай қорытынды ой шығатын?
(Бір сөйлеммен жазу)
Қорытынды ой кезінде мәтіндердің негізгі идеясын ата –ананы құрметтеу,сыйлау екендігі айтылады.
Ақын Сұлтан Қалиевтің «Күнімісін» өлеңін оқып, тапсырмалар бойынша жұмыстар жүргізіледі.
ІҮ. Ой толғау
Дәптермен жұмыстар да өмірмен байланыстыруға, оқығандарына талдау жасауға арналады.