kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?дебиеттік о?у "Орманда?ы о?и?аі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Настройки безопасности вашего браузера не разрешают редактору выполнять операции по копированию текста. Пожалуйста, используйте для этого клавиатуру (Ctrl/Cmd+C).Настройки безопасности вашего браузера не разрешают редактору выполнять операции по копированию текста. Пожалуйста, используйте для этого клавиатуру (Ctrl/Cmd+C).Настройки безопасности вашего браузера не разрешают редактору выполнять операции по копированию текста. Пожалуйста, используйте для этого клавиатуру (Ctrl/Cmd+C).Настройки безопасности вашего браузера не разрешают редактору выполнять операции по копированию текста. Пожалуйста, используйте для этого клавиатуру (Ctrl/Cmd+C).Настройки безопасности вашего браузера не разрешают редактору выполнять операции по копированию текста. Пожалуйста, используйте для этого клавиатуру (Ctrl/Cmd+C).Настройки безопасности вашего браузера не разрешают редактору выполнять операции по копированию текста. Пожалуйста, используйте для этого клавиатуру (Ctrl/Cmd+C).Настройки безопасности вашего браузера не разрешают редактору выполнять операции по копированию текста. Пожалуйста, используйте для этого клавиатуру (Ctrl/Cmd+C).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?у "Орманда?ы о?и?аі"»

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім менің- Қазақстан!

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға «Желтоқсан» оқиғасы туралы мағлумат беру. Тәуелсіздік туралы түсінік беру.

2. Қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3. Оқушыларды Отаншылыққа, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, нақыл сөздер, газет, суреттер «Желтоқсан құрбандары», «Қазақстан», күйтаспа, шарлар.


І. Кіріспе бөлім.


Қобыз үнімен, қараңғылықта ақырын басып бір қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырғанда, жүгіріп немересі шығады.

Немересі: Ата, шаршамадыңызба? Не ойлап отырсыз ?

Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің? Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы, өткен өмір жайлы ойлаймын.


Немересі: Ата, қазақ халқы өз басынан қандай қиын кезеңдерді өткізді?

Атасы: Қазақ халқы өз басынан қилы-қилы кезеңдерді өткізді ғой...

Арғысын айтпағанда кешегі дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын айтсаңшы. Осы оқиғаның бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков ағаң емес пе?, елінің бостандығы, болашағы, егемендігі үшін күрескен Ләззат Асанова, Сәбира Мухамеджанова апаң емес пе?

Немересі: Иә,ата, ол бір жан түршігерлік оқиға болыпты ғой.

Атасы: Несін айтасын балам....

Шаттық: 1986 жылы 16 желтоқсанда астанамыз Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек! Қазақ елінің өз көсемі сайлансын!» деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді.

Нәзерке: Жанартаулар бұғып жатып, бір-ақ атылады. Жетпіс жыл бойы

Қылбұрауға маталған қазақ халқы 1986 жылдың Желтоқсанында ұлтаннан сұлтан болып, тар жол, тайғақ кешуден өтті.

Гүлшат:

Жас арудың жанарында - Желтоқсан,

Қанды Ғасыр табанында –желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында –Желтоқсан.

Нұрлан:

Жауыздықты жасқаған да Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да Желтоқсан,

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да Желтоқсан.

Дилшат:

Желтоқсан- заман, талғағы байтақ даланың

Шарпысқан сәті үміт пен күдік наланың

Желтоқсан- Қайрат, Ләззат пенен Сәбира

Құрбаны болған жаланың.

Асқар:

Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып соғып, өлімше халге жеткізді. «Тәуелсіздік керек! Қазақ еліңің өз көсемі сайлансын!» деген тілектер білдірген жастарды сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен түрмеге қамады. Өз тәуелсіздігін талап етіп шыққан жастарға «бұзақылар», «нашақорлар» деп кінә тағылды.

Өтебаев Қ

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Надан жасаған сұмдықтан,

Адамдар азап шеккен күн.

Арман

Ұлт намысын жыртып, алаңға шыққан жалын жүрек жастардың арасында Ләззат Асанова да болып еді. Чайковский атындағы музыка училищесінің 2-курс студенті.

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын,

Милициянерлер бастан тепкен күн.

Қариялар итке таланып,

Ор басын күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл боп қатқан күн.

Мухамбет:

Қатігездікті көрген, оларға арашаға түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков та бар еді. Қайрат орысша-қазақшаға бірдей, өте сауатты өз ойын ашық айтатын жігерлі отты жігіт еді. Сонымен бірге ол ақын болатын.

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін,

Шаншиды- ау жанына батқан күн.

Сәбира Мухамеджанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітірісімен Өскемен қаласындағы педучелищенің бастауыш сыныптарға мұғалімдер дайындайтын қазақ бөліміне оқуға түскен. 26- желтоқсан күні болған жиналысқа анасымен бірге барған Сәбираға барлық кінә үйіп төгіледі. Ызаланған Сәбира өз бөлмесінің терезесінен секірді. Міне, өмірден тағы бір қызғалдақ осылай өткен екен.

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көлінен,

Қарғалар билік алған күн.

Адал мен арсыз аярды,

Айырып халық ұққан күн.

Саф алтындай бәз балғы,

Сары жез болып шыққан күн.

Ән: «Желтоқсан желі» Теледидардан көрсету

Көрініс: «Қайраттың тергеу кезіндегі жауабы»

Гулшат:

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік мақталады.

Мехрибан:

Желтоқсан оқиғасында ерлік көрсеткен қазақ жастарын ақталуына жазушы Мұхтар Шаханов ағамыздың еңбегі көп сіңді . Ағамыздың қаламынан шыққан «Желтоқсан тағылымы» атты әнінен үзінді тыңдаңыздар.

Шаттық:

-Иә, елінің болшағы үшін жанын қиған Қайрат, Ләззат, Сәбира сияқты батырларымыз әрқашан есте сақталады. Қазақ халқын қорлап, аяққа таптап, баяғысынша өктемдік еткісі келген Орталықтың ісіне қарсы бой көтерген желтоқсанның сол бір күнін ұмыту-өткенді ұмыту. Ендеше, біз не дейміз:

Хормен:

-Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн!

Үлпери:

Осы тәуелсіз мемлекет атануымызға мынадай жастардың еңбегі сіңді:Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мухамеджанова. Бүгін біз бір сәт осы аталған азаматтарды еске ала отырып, бір минуттық үнсіз үзіліс сақтауынызды сұраймыз. Алдарыңызда желтоқсан құрбандарына арнап пісірілген жеті шелпектен ауыз тиіңіздер.


ІІ. Негізгі бөлім:


Ата: Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал ел болып қалдық ,қой. Бұған да тәуба!

Немере:

Иә, ата, шүкір.

Салия:

Сонымен, халқымыз үшін ең қасиетті де, қастерлі тәуелсіздікке он тоғыз жыл толды. Қазақстан Жоғары Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз Республика деп жарияланды.Еліміздің тұнғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел басына келді. Содан бері өз еліміздің туы, елтаңбасы, әнұраны жарық көрді. Өз еліміздің символы ретінде Республика алаңына «Тәуелсіздік» ескерткіші орнатылды.

Өлең

Дана.

Өзіңдікі –Елің де,

Өзіңдікі-Жерің де.

Өзіңді өзің еткен бақ,

Тәуелсіздік –төрінде.

Тамерлан:

Асқар тау да-сенікі,

Бақша бау да –сенікі.

Қалтқысыз дос пенен

Қатал жау да сенікі.

Дилшат:

Қара мына ғажапқа,

Теңдік тиді –қазаққа!

Бесіктегі ұрпағың,

Енді айналмас мазаққа!

Масаты:

Өзіңдікі Туың да,

От пен ауа, суың да.

Жаса Қазақстаным

Белді бекем буын да

Нуршат:

Ұраның да жасасын!

Құраның да жасасын.

Қасиет –кие дарыған-

Ұланың да жасасын!

Асемай:

Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін

Серпіп таста, мұңды жүрек түндігін

Міне бүгін келіпті,

Тәуелсіз ел тойына

Тойланатын күн бүгін!

Ән: «Отаным Қазақстан»

Мұғалім.

-Енді осы еліміз тәуелсіздік алғалы қандай жаңалықтар болып жатыр екен?

Мехрибан.

Туған жер егеменді тәуелсіз ел,

Болашаққа нық басып буынған бел.

Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,

Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!

Шаттық: 1995 жылы 30 тамызда өз Ата Заңымыз қабылданды.

Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын!

Алтын Заңың құтты болсын қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын алыбым!

Масаты:

1991 жылы 2 қазанда тұнғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш әлеміне жол салды.

Келді міне ерлікті бағалар күн,

Аруағы қолдады бабалардың.

Ғарыш шарлап оралды Тоқтар батыр

Мұратыңа ие бол, балаларым!

Салия:

1991 жылы 21 қыркүйекте тіл Заңы қабылданды.

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім- анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-адам тілі-өз тілім,

Туған тілім-далам тілі-өз тілім.

Асемай

Қазақ тілім-өз тілім-ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Қ.Қайрат

Президентіміз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасы жарық көрді.

Бағдарлама-Қазақстан

2030-шы жыл.

Өсіп-өніп келеміз,

Жыл толсын тек табысқа.

Нурлан.

Биыл , яғни2010 жылы Қазақстан Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық ұйымына төреғалық етуде.

Бүгіннен шуақты ертеңі,

Кім көрген осындай өлкені!

Қазақстан-киелі елім

Төреғасы Ынтымақтастық ұйымның!

Шаттық:

Қазақстан Республикасы әлем елдері бейбітшілік сүйгіш, айқын мақсатқа қол созған, болашағы кемел тәуелсіз мемлекет ретінде бұрынғыдан да терең біліп, жан-жақты тани бастады.

Асемай:

2010 жылдағы еліміздегі маңызды мәселелердің бірі әлемдік Қауіпсіздік Ұйымға төреғалық етіп, Әлем халықтары алдында елбасымыз бен мемлекетіміздің беделі артып, халқаралық Қауымдастықтан ойып орын алдық.

Нәзерке:

2010 жылдың 1-3 желтоқсан аралығында Ұйымның Астана саммиті болып өтті. Бұл саммитқа 54 елдің басшылары қатысты. Бұл жиналыста басшылар аймақтағы шиеленісті оқиғалардың алдын алу, дағдарыс жағдайын реттеу, жою мәселелері қаралып, тиісті құжаттарға қол қойылды. Әлемдік деңгейдегі бұл іс-шараның қазақ жерінде болуы тарихқа алтын әріптермен жазылмақ.

Дана:

Қазақстанның астанасы Астана қаласының құрылғанына 12 жыл толды.

Астана қалам менің

Жүрегі Бәйтерегі.

Атар таңдар бере гөр құт-береке

Елдің төрі-қасиетті Астанаға!

Ән: «Астана»

-Енді, біздің балалар Қазақстан Республикасы туралы не дейді екен?

Арман:

Атам, Әжем, Әкем, Анам,

Төртеуі де «Отан» маған.

Төртеуі де «Ботам» дейді,

Мақтанамын Отаныммен

Отаныма «Ботамын» мен.

Нуршат:

Әйнегі-күн, шатыры-аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан- Республикам менің!

Мехрибан:

Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте досым, қазақ жерін.

Қамбаға жылда мол астық құйған,

Қазақстан-Республикам менің!

Гулшат:

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім!

Атасы:

-Міне, Егемендік деген осы. Енді міне желбіреген көк туымыз, айбынды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Өткенді ұмытпай, бүгінгіні қадірлеңдер, ұрпағым!

Немере:

Ата, қазақ қөк байрағын биік ұстауға сөз беремін!

Ән: «Көк ту»

Мұғалім:

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Егеменді Қазақстанмыз!


ІІІ. Қорытынды бөлім.


-Енді сендердің осы сабақтан қандай тәлім-тәрбие алғандарыңды білгім келіп тұр.Ол үшін тақырыпқа байланысты «Тәуелсіз-Қазақстан» атты сөзжұмбақты шешейік.

Ән: «Бақытты балалық шақ»

Мұғалім:

Жарайсыңдар, балалар. Сендер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті, өз елін, жерін көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақ сендер болмақсындар.

Би: «Қара жорға»

Мұғалім: Құрметті қонақтар, сынып оқушылары. Осымен бүгінгі біздің «Тәуелсіз елім менің-Қазақстан!» атты 4ә- сыныбының ашық тәрбие сағатын мына бір өлеңмен аяқтағым келіп отыр:

Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтапсың ерлігіңді сағың сынбай-

Көрсең де көресіңді азаппенен.

Бір ата, бір ананың түлегіміз-

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда, тірлік бар»деген бабам

«Бірлік» деп бірге соқсын жүрегіміз!



-Зейін қойып, тыңдағандарыңызға, көңілдеріңізге рахмет !























Тақырыбы: Он алтыншы желтоқсан.



Қайраттың жазу дәптерінен.

Мақсаты:1.Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру. «Желтоқсан оқиғасы» туралы түсінік беру.

2. Тіл байлығын, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

3. Өз елін сүйетін азамат етіп, қиын сәтте жолдастарына көмек беруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының Туы, Елтанбасы, нақыл сөздер, газет, суреттер»желтоқсан құрбандары» шарлар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезені

Оқушылармен сәлемдесу,оқу құралдарын дайындатып, назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Өлкеміздің жаңашыл педагогы Ш.Әленовтың тәлім сәтімен бастау.

Мұғалім Балалар (хормен)

-Әрбір адам ? Туысым, досым, жұрағат.

-Әрбір сабақ ? Үйрену, ұғу, ұлағат.

-Әрбір ісің ? Тірлік, тірек, адамдық.

-Әрбір сөзін ? Шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ.Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Шешуі: «Тәуелсіздік»

Кіріспе әңгіме

Желтоқсан оқиғасы...Осы бір сөзден желтоқсанның ызғары есіп тұрғандай. Осы күнді еске алған сайын сонау мұз жастанып, қар төсенген күндер ойға оралатыны сөзсіз.

Миллионнан астам қала тұрғыны бар Алматыда жеті жүзге жуық қазақ мектептері мен балабақшалардың жабылып, қазақ тілінде бір ғана мектеп пен балабақшаның қалуы мемлекет тарапынан жергілікті ұлт тіліне солақай көзқарастың өріс алуы 1986 жылы16-желтоқсан көтерілісін оятты.

Алматыда болған оқиғаның жаңғырығы көзі ашық, көкірегі ояу жастардың жан-жақтан шеруге шығуларына себеп болды. Шеруге шыққан жастарды аяусыздықпен ұрып-соғып, оған қоса батыс елдерден қарулы әскер шақырды.

Қыстың қақаған аязында өрт сөндіргіш машинасымен суық суды бар екпінімен шашып, қару қолданып, итке талатады. Қазақ қыздарының бұрымынан ұстап аяусыз соққыға жығады. Көмекке келген қазақ жігіттерін темір торға қамайды.

Компьютерден « желтоқсан оқиғасы» атты слайд көрсету.

Қайрат Рысқұлбеков – 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің құрбаны «халық қаһарманы». Ол 1986 жылы Алматыдағы сәулет құрылыс институтына оқуға түсті. Осы жылы 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты жастарды көтеріліске ұйымдастырғаны үшін кесілген өлім жазасы 20 жылға ауыстырылды. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенеттен Семейден шықты. 21-мамырда Семей түрмесінде 21 камерада белгісіз жағдайда қаза тапты.

Осы елім,халқым, ұлтым деп жанын қиып, өлгенше Совет үкіметінің озбырлық саясатына мойын ұсынбаған Рысқұлбековтың өлер алдындағы ақтық сөзін тыңдайық.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең, алындар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

«Еркек тоқты - құрбандық».

Атам десен атындар.

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін

Көрмеген қош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Қош, аман бол артымда,

Ағайын – тұған, азамат!

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым, саған аманат.

Мұғалім: Иә, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы үні еді. Лүп-лүп соққан балан жүректің, өмірге құштар ыстық жүректің соңғы лүпілі. Жан сыры, соңғы үміт. Өкініш пен өтініш.

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Осы бір сәтте қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өткен желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев рухына тағзым етіп еске алу- парызымыз. Осы құрбандарға арнап бір минуттық үнсіздік жариялаймыз.

ІV. Оқулықпен жұмыс

Тұманбай Молдағалиев

« Он алтыншы желтоқсан»

Өленді түсініп оқу.

Он алтыншы желтоқсан-

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Сұрақтарға жауап беру.

  1. Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан» деп аталады?

  2. Бұл күн қандай мереке ?

  1. Түсінгендерін тексеру.

Есіңе сақта

Қайрат Рысқұлбеков – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ.

Мәтінді дұрыс, түсініп оқу.

«Қайраттың жазу дәптерінен»

  1. Тізбектеп оқу.

  2. Іштей оқу.

Сұрақтарға жауап алу.

  1. Мәтінде қорқақтық туралы не делінген?

  2. Сенің пікірін қандай?

  3. Қ.Рысқұлбековтың асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсыңдар?

  4. Ісіне, сөзіне қарап, Қ.Рысқұлбековті сипаттау.

«Желтоқсан оқиғасы»,»Отан» сөздеріне ассоциация құру.

Дәптермен жұмыс.

Отан туралы сөйлем құрастыру.

  1. Сөйлемдерді оқу.

  2. Отан, туған жер, туған ел туралы мақал- мәтелдер айту.

  3. М.Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін оқу.

Сергіту сәті: Сөзжұмбақ шешу «Отан»

V. Бекіту

«Желтоқсан жұлдыздары» туралы мәлімет беру. Әңгімелеу.

Сәбира Мұхаметжанова 1985 жылы 8 жылдық мектепті үздік бітірісімен Өскемен қаласындағы педучилишенің бастауыш сыныптарға мұғалімдер даярлайтын қазақ бөліміне оқуға түскен.

Сол жылы ол бар жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып балағаттағанына, училишеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай Сәбира жатақхананың 5 қабатынан құлап өлді.

19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды.

Ләззат Асанова – желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 жылы Алматыда Чайковский атындағы музыкалық училишеге оқуға түскен.

1986 жылы 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол « Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді. Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!» деген ұранмен шықты.

1986 жылы жазалаушылардың қолынан қаза тапқан.

Ләззат Асанованың сөзін оқу.

Он екі жыл мен жатырмын,

Ақжазықтың түбінде.

Мені өлтірген танкист жігіт

Тірімісін бүгін де?

Тірі жүрсен өткен күнді

Еске алғанның несі бар?

«Желтоқсанда құрбан болған

Ләззат қызды есіне ал!»

Он алтыда қиылдым мен

Табанында танкінің

Ләззат атты құрбанымын

Қазақ дейтін халқымның.

Шағаладай қалықтаған

Көк теңізде жүр жаным.

Желтоқсанда есіңе алғын,

Халқым, саған ырзамын!

Туған халқым қазағым,

Сенің үшін жанамын.

Енді қайтып көрмейік

Желтоқсанның азабын.

VІ. Қорытындылау

Сұрақ-жауап.

1.»Желтоқсан оқиғасы» туралы не білесіңдер?

2.Қай жылы болды? Қай жерде?

3.Қай жылы тәуелсіздік алдық?

4.Қ.Рысқұлбеков қай қалада,қашан дүниеден өтті?

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма беру.

96 -97 бет. Оқу.
















Алматинская область

Карасайский район

Ст. Шамалган

Ул. Аронова 21а

Тел. 8-777-82-78-192

Байбекова Назира Турсумбаевна


Сведения о себе: Дата рождения: 21.06.1976г.

Национальность: казашка.

Семейное положение: замужем,3детей.

Гражданство РК.

Полный пакет документов.


Образование: Среднее-специальное.1995-1997г.

Алматинский бизнес- колледж.



Специальность: Коммерческая деятельность.




Опыт работы: Крестьянское хозяйство «Манамбай Даулет»

Повар 2003-2007год



COCA-COLA ALMATY BOTTLERS CJSK

2007-2010 год

Знание языков : Казахский-родной

Русский-свободно

Личные качества: Комуникабельность,ответственность,порядочность,

пунктуальность,творческий подход к работе.

Умение работать как самостоятельно ,так и в коллективе.

Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебінің 2»ә» сынып оқушыларының

I-жарты жылдық тәрбие жұмысының мәтіндік есебі.

2010-2011 оқу жылы.

2»ә» сыныбында 22 оқушы бар. Оның ішінде 3 үздік, 6 екпінді.

Ұлы-11. Қызы-11. Көп балалы жанұядан 5 оқушы.

1 қыркүйек - Білім күніне сынып сағатын өткізіп, сынып белсенділерін сайладық. Сынып бұрышын шығардық. Сынып белсенділері өзіне қатысты жұмыстарын атқарып жүр.Сонымен қатар ата-аналар комитетін сайладық.Олар Шаденова Баян, Бердыбаева Алима. Ата-аналардың көмегімен сынып бөлмесін көгаландырдық. 30-тамыз Конституция күніне «Ата Заным асқар тауым» атты сынып сағатын өткіздік. Оқушыларға кейбір оларға қатысты баптар туралы түсінік берілді.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, шәкірттерге терең білім мен тәрбие беру. Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің үлкен маңызы бар. Тілдер айлығына қатысып балалар мақал-мәтелдер, өлеңдер оқыды. « Ең қымбат қазына тіл» атты сынып сағатын өткіздік.Мектеп бойынша өткен «Денсаулық фестиваліне» қатысып, әр түрлі спорттық қимыл-қозғалыс ойындар ойнадық. Мектеп мед.бикесімен тығыз байланыстамыз. Апта сайын келіп балаларды тексеріп тұрады. Оқушылардың жеке гигиенасы туралы әңгіме жүргізді. Сыныпта тазалыққа жауап беретін оқушылар да, күнделікті тазалықты бақылап отырады. Сынып бойынша « Спорт денсаулық кепілі» атты жарыс ұйымдастырып, балаларды ептілікке, алғырлыққа тәрбиелеу мақсатымен «Эстафета» ойынымен аяқтадық. Көшеде жүру тәртібіне байланысты іс-шаралар өткізіп отырамыз. Қыркүйек айында «Үйден мектепке дейінгі қауіпсіз жол» сызбасын сызып, қыс мезгілінде, тайғақ кезінде көшеден өту ережесін ұмытпай, өте абай болу керектігі ескертілді. Сынып сағаттарында «Жол тәртібін жадында ұста», «Жол, транспорт, жаяу жүргінші», «Жол ережесін білу, бәріне міндет» атты тақырыптар. «Жол белгілерін білесін бе?» атты викторина өткіздік. Сонымен қатар төтенше жағдайлар туралы түсінік берілді. «Жер сілкініс кезінде не істеу керек»,»От-досымыз, От – жауымыз» тақырыбына әңгіме жүргіздік. Балаларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Әдептілік неден басталады?»,»Мусылманның бес парызы», Ораза туралы әңгімелеу. Сондай-ақ өзіміздің білім мен тәрбие беріп отырған мектебімізде халық педагогикасы негізінде айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Әр пәнді оқыту кезінде сабақты қазақ халқының тұрмысы, әдеп-ғұрыпы, шәкірт бойында ұлттық мақтаныш, патриоттық сезім қалыптастыру. 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне «Желтоқсанда - мұзда жанған алауым,Желбіретті Тәуелсіздік жалауын!» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Балаларға теледидардан «Желтоқсан оқиғасы» туралы слайд көрсетілді.

Ұлы педагог В.А.Сухомлинский « Ойынсыз, музыкасыз,ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды»,-дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баи түседі. Сондай әрекеттердің бір саласы- ойын әрекеті. Сондықтан да балалардың асыға күткен жаңа жыл мерекесін де тойлап өттік. Ата-аналардың көмегімен «Апорт» ойын сауық орталығына барып шырша мерекесін есте қалатындай, көңілді өткіздік.

Бастауыш сынып онкүндігінде 2-ші сыныптар арасында «Мақал сөздің мәйегі» атты жарыс өткіздік. Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айтып, жұмбақтар жасырдық. Дарынды оқушы онкүндігінде Күмісбеков Ұлан «Жас суретші», Мұхамедхалиева Лейла «Әнші балапан» сайысына қатысып мақтау қағазымен марапатталды.

Халықтық педагогика – қанша уақыт өтсе де тат баспайтын адалдығы айнадай ұлттық қазына, сондықтан да оқу-тәрбие жұмыстарына халықтық педагогикадан нәр алып, оқушы бойына ата-баба өсиеттерін сіңіріп, салт-дәстүрді біліп, халық қамын ойлайтын тілін, дінін терең біліп, өз ұлтын, өзге ұлтты сыйлай білетін білімді ұрпақ тәрбиелеуміз керек. Осы тақырыпта «Аталы сөз – баталы сөз», «Сәлем сөздің анасы» атты тәрбие сағаттары өтті. Балалар баталар жаттап, тәрбиелік мәні мол, нақыл сөздерді талдадық. Сәлемдесудің түрлері мен маңыздылығы туралы білдік.Оқушыларды өз ата тегін біліп, олардың тілін, дәстүрін құрметтеп, қастер тұта білуге баулу мақсатында, жеті атаның атауларымен таныстық. Қазақша жыл қайыру кестесіне қарап оқушылар қай жылы туылғандарын білді.



Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебінің 3 «а» сынып оқушыларының

I-жарты жылдық тәрбие жұмысының мәтіндік есебі.

2010-2011 оқу жылы.

3 «а» сыныбында 26 оқушы бар. Оның ішінде 2 үздік, 7 екпінді.

Ұлы-15. Қызы-11. Көп балалы жанұядан 5 оқушы.

1 қыркүйек - Білім күніне сынып сағатын өткізіп, сынып белсенділерін сайладық. Сынып бұрышын шығардық. Сынып белсенділері өзіне қатысты жұмыстарын атқарып жүр.Сонымен қатар ата-аналар комитетін сайладық.Олар Сулеменова Света,Сейдалиева Света,Кудиярова Гульбахар.. Ата-аналардың көмегімен сынып бөлмесін көгаландырдық. 30-тамыз Конституция күніне «Ата Заным асқар тауым» атты сынып сағатын өткіздік. Оқушыларға кейбір оларға қатысты баптар туралы түсінік берілді.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, шәкірттерге терең білім мен тәрбие беру. Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің үлкен маңызы бар. Тілдер айлығына қатысып балалар мақал-мәтелдер, өлеңдер оқыды. « Алғашқы ұстазым» атты поэзия кешін өткіздік.Мектеп бойынша өткен «Денсаулық фестиваліне» қатысып, әр түрлі спорттық қимыл-қозғалыс ойындар ойнадық. Мектеп мед.бикесімен тығыз байланыстамыз. Апта сайын келіп балаларды тексеріп тұрады. Оқушылардың жеке гигиенасы туралы әңгіме жүргізді. Сыныпта тазалыққа жауап беретін оқушылар да, күнделікті тазалықты бақылап отырады. Сынып бойынша « Спорт денсаулық кепілі» атты жарыс ұйымдастырып, балаларды ептілікке, алғырлыққа тәрбиелеу мақсатымен «Эстафета» ойынымен аяқтадық. Көшеде жүру тәртібіне байланысты іс-шаралар өткізіп отырамыз. Қыркүйек айында «Үйден мектепке дейінгі қауіпсіз жол» сызбасын сызып, қыс мезгілінде, тайғақ кезінде көшеден өту ережесін ұмытпай, өте абай болу керектігі ескертілді. Сынып сағаттарында «Жол тәртібін жадында ұста», «Жол, транспорт, жаяу жүргінші», «Жол ережесін білу, бәріне міндет» атты тақырыптар. «Жол белгілерін білесін бе?» атты викторина өткіздік. Сонымен қатар төтенше жағдайлар туралы түсінік берілді. «Жер сілкініс кезінде не істеу керек»,»От-досымыз, От – жауымыз» тақырыбына әңгіме жүргіздік. Балаларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Әдептілік неден басталады?»,»Мусылманның бес парызы», Ораза туралы әңгімелеу.

«Дарынды балалармен жұмыс» онкүндігіне сынып оқушылары қатысты.Шығарма жазудан Жақсылық Абзал 3 орынға ие болды,көрмеде Даулетхан Жанел 3орын алды. Сыныптың қалған оқушылары да белсенді қатысты.

«Жаңа жыл шыршасына » оқушылар мектепте ұйымдастырылған мектептегі циркке қатысты.

Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар.

Ең әуелі ниет керек,одан соң күш керек,

одан соң туралы тәртіп керек

Мухтар Әуезов





Орындаған : Б.Т.Абдрабиева


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?дебиеттік о?у "Орманда?ы о?и?аі"

Автор: Нурдыгулова Маржангул Ерболатовна

Дата: 06.11.2015

Номер свидетельства: 248808


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства