Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?у Аюды? ?улеті »
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Шағатай ауылы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ
Қуаншалиева Мерует Таукенқызы
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Аюдың әулеті
Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын меңгерту, аюдың түрлері туралы түсінік беру, оқушыларды талдау, салыстыру және қорытынды жасауға үйрету; Сөздік қорларын,есте сақтау қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейте отырып шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу; Еңбексүйгіштікке, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдісі:Ой қозғау, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика, еңбек
Көрнекілігі: Интерактивті тақта арқылы көрсетілген суреттер, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылығын ояту.
Күндей жарқырап,
Айдай арайланып,
Судай таза көңілмен,
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Ой қозғау.
Терезеден ненің сәулесі түсіп тұр? Сыныпта кімдер отыр?
(күн) (адамдар)
Құлағымызға ненің үні естіліп тұр?
(судың)
- Балалар, ендеше осының барлығын бір сөзбен не дейміз? – Табиғат.
Үй тапсырмасын тексеру.
Табиғат
Тірі Сақтау керек Өлі
Адам Қорғау Өзен
Жануар Күзету Тау
Өсімдік Аялау Тас
Мағынаны тану.
Далада жүр шапқылап,
Керемет тым саққұлақ.
Тек есектен басқада,
Оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян)
Қорбаң-қорбаң етеді,
Тәттіні жақсы көреді.
Қазір де ол көп жидек,
Іздеп жүр ме кім білген?! (Аю)
Осы аю мен қоян тоғай ішінде келе жатып, бір шағын өзенге тап болады.
Қараса суға төніп тұрған бір тас үстінде балықшы құс отыр екен.Балықшы терең суға сүңгіп кетеді де, тұмсығымен балық тістеп, қайта келіп қонады. Бұны көрген қоңыр аю мәз-мәйрам болып:
- Әркім әлінше әрекет етеді-ау нағыз балықшы кім екенін білгің келсе ол менің бауырым ақ аю. Өзі сонау қияндағы Солтүстік Мұзды мұхитта тіршілік етеді. Ол суға бір сүңгісе болды түскі асына зіңгіттей дильфин немесе итбалық алып шығады.
Бұл әңгімеге қоян таң тамаша болып қалды. Жоғары қарап еді бұтадан бұтаға секіріп жүрген сусарды көзі шалды.
Мұны көрген қоян: “Сусар тіршілігіне қызығамын да тұрамын. Шіркіннің ұясын айтсаңшы, әрі қауіпсіз, әрі биікте”,-деді. Бірақ бұл ойын қоштар қорбаңбай жоқ.
- Сусардың үйі де сөз болып па тәйірі. Өзі тар, ауасы қапырық. Сен менің бауырым қара аюдың үйін көрсең.
Ол өз үйін өзі жөндеп алады. Әбден көнерген жуан ағашты тауып алады да кеуектене бастаған қуысына енеді. Оны кеуелеп кеңіте береді, кеңіте береді.Сөйтіп өзіне қолайлы апан жасап алады. Қақаған аязды қысты апанда алаңсыз ұйқымен өткізеді.
Тыңдай берер еді..... Әттең кенет алдарынан құмырсқамен тамақтанып жатқан құр кездеспегенде. - Кәсіптеріне болайын! Кішкентай ғана құмырсқаларды теріп тімтініп әлекке түсіп жүргендерін қарашы. Үндістанда үшінші ағайым – Сүйір ерінді аю тіршілік етеді. Құмырсқа ауласа солар ауласын. Ернін шүйіріп, демін ішіне тартса болды, оның аузы жүздеген құмырсқаға бірден толады.
- Менің Бамбук аюы деген туысым туралы естіп пе едің? Ағаш басына өрмелегіш деп соны айт шырақ. Бамбук аюы адам баласы баспаған тау басындағы бамбукты тоғайда тіршілік етеді. Олар бамбук ағашының бойымен тік өрмелеп 30 метр биіктікке дейін көтеріледі. Бамбук ағашының діні шыбын тайып жығылардай жып-жылтыр келмей ме? Біздің туысқа бұл да бұйым емес. Қоян қорбаңбайдың мұндай туыс жұрағаттары бар екенін білмеген екен. Егер қоңыр аю аяқ астынан тәтті жидектің жұпар иісін сезіп қалып жүгіре жөнелмесе, әңгіме әрі қарай жалғаса берер ме еді, қалай?!
Кітаппен жұмыс.
1-топ: Ақ аю туралы сипаттаманы оқып, жаз.
2-топ: Қара аю туралы сипаттаманы оқып, жаз.
3-топ: Сүйір ерінді аю туралы сипаттаманы оқып, жаз.
4-топ: Бамбук аюы туралы сипаттаманы оқып, жаз.
Сәйкестендіру тестісі
Ақ аю ақ тиін
Қара аю балықшы құс
Сүйір ерінді аю сусар
Бамбук аюы құр
ІІІ. Толғаныс.
Сүйір тұмсық
Қара
Ақ
Аю
Бамбук (панда)
Қоңыр
INSERT стратегиясы
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Ақ аю мен қоңыр аюдың бар екенін
Сүйір ерінді және бамбук аюының бар екенін, олардың тіршілік әрекетін