Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин « Ақсақ киік» Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқуға қызығушылығын ояту, түсініп оқу, жүйелі баяндауға, өз ойын, пікірін ашық жеткізе білуге үйрету, киік туралы алған білімдерін әрі қарай толықтыру. ә) Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, өзара сыйласуға, қоршаған ортаны аялай білуге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру, ой қозғау. Көрнекіліктері: киіктің суреті, интерактивті тақта Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Қайырлы таң достым!
Қайырлы күн болсын!
Дүйсенбінің күні
Сәттілікке толсын,
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
II.Үй жұмысын тексеру.
1. Үйге қандай тапсырма берілді?
а) Ә.Қоңыратбаевтің «Киіктің айласы» мәтінін оқып,жоспар бойынша түсінік айту.
ә) Әр қатар дайындаған сұрақтары бойынша жауап алу
б) Реферат әзірлеу. ІІ. Қызығушылығын ояту.
-Кеңсің дала,туған ана,
Көйлегің кең, көкала......өлең жолдарын әрі қарай жалғастыру.
Бұл өлең қалай аталады? Өлеңнің авторы кім?
С. Сейфуллин туралы мәліметтер айту, толықтыру.
-Ендеше, С. Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқимыз.
III. Видеоматериал. Өлеңнің бір шумағын тыңдау.
Бетпақдала сөзіне түсініктеме беру.
Бетпақдала - Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Бетпақдала - Қарағанды, Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан.
III. Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңді іштей оқу. 2. Тізбектей оқу.
IV. Қатар бойынша берілетін тапсырмалар.
1-қатар: Өлеңнің 1,2 шумағына талдау жасау. (Бетпақдала,мерген-сөздеріне түсініктеме беру, қос сөздерді табу)
2-қатар: 3,4 шумағына талдау жасау.( Ақбөкендер жайында мәліметтер беру)
3-қатар: 5,6 шумағына талдау жаса.( Киіктер жайында сандық мәліметтер айту)
Сергіту сәті.
V. Дәптермен жұмыс. (Қатар бойынша берілетін тапсырмалар)
1-қатар: Табиғатты қорғауға арналған тыйым сөздерді жазу.
2-қатар: 1-шумақты өлең құрылысына қарай талдау.
3-қатар: Киік тақырыбына сипаттау мәтінін жаз.
Кенеттен сұрау.
Киіктердің азайып кетуі неліктен?
1. Киіктерді Рұқсатсыз аулаудан 2. Пастерелез дертіне шалдығудан. 3.Улы шөп жеп уланудан.4 Суатқа химиялық қосындылардың төгілуінен.
VI. Видеоматериал. Киік туралы мәліметтер.( қорытындылау негізінде).
VII. Тест жұмысы.
1. «Ақсақ киік» өлеңінің авторы.
А) С. Мұқанов Ә) Ә: Қоңыратбаев Б) С. Сейфуллин
2. « Сәске» деген сөздің мағынасы
А) түс мезгілі Ә) кешкі мезгіл Б) таңертеңгі уақыт
3. Киіктің лағы
А) қозы Ә) құралай Б) лақ
4. Киіктердің қоректенуі
А) шөппен Ә) жеммен Б) бидаймен
5. Киіктердің жүгіру жылдамдығы
А) 60-70км Ә) 70-80 км, Б) 90-100км
6. «Таяқ тастам жер» деген сөздің мағынасы
А) жақын жер Ә) алыс жер Б) ат шаптырым жер
7.Киіктер жылдың қай айында лақтайды?
А) сәуір айында Ә) мамыр айында Б) қыркүйек айында
8. Киіктің екінші атауы
А) Ақбөкен Ә) қарақұйрық Б) бұғы
9. Киікке зиянды улы дәрілер
А) Меңдуана Ә) жусан Б) мыңжапырақ
10. Киіктің мүйізінен алынатын дәріні ата.
А) пантокрин Ә) қазжуа Б) ботагөз
11. «Діңкесі құрыған» деген сөздің мағынасы
А) белсенді Ә) шаршаған, Б) шапшаң
12. Өсімдіктердің қанша түрімен қоректенеді
А) 100 Ә) 80 Б) 40
13. Киіктің аяқтары
А) жіңішке, мықты Ә) әлсіз Б) жуан
14. «Киіктің айласы» мәтінінің авторы
А) Б. Соқпақбаев Ә) С. Мұқанов Б) Ә: Қоңыратбаев
15.Киіктің тұмсығы
А) етті, дөңес Ә) үшкір Б) қырлы,етсіз
VIII. Қорыту Бағалау. Үйге тапсырма беру.
1-қатар. Бес жолды өлең жазу, 2-қатар Ойтолғау жазу. 3-қатар Тыйым сөздер жазу. Әр қатар өзіне ұнаған бір шумақты жаттап келу.
Тест жұмысы
__________________________
1. «Ақсақ киік» өлеңінің авторы.
А) С. Мұқанов Ә) Ә. Қоңыратбаев Б) С. Сейфуллин
2. « Сәске» деген сөздің мағынасы
А) түс мезгілі Ә) кешкі мезгіл Б) таңертеңгі уақыт
3.Киіктің лағы
А) қозы Ә) құралай Б) лақ
4. Киіктердің қоректенуі
А) шөппен Ә) жеммен Б) бидаймен
5. Киіктердің жүгіру жылдамдығы
А) 60 -70км Ә) 70-80 км, Б) 90-100км
6. «Таяқ тастам жер» деген сөздің мағынасы
А) жақын жер Ә) алыс жер Б) ат шаптырым жер
7.Киіктер жылдың қай айында лақтайды?
А) сәуір айында Ә) мамыр айында Б) қыркүйек айында