kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдебиеттік оқу пәнінен ҚМЖ. Тақырыбы: "Абай шаңырағы" 2 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

КСП по литературному чению для классов с казахским языком обучения. Тема: Семья Абая

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдебиеттік оқу пәнінен ҚМЖ. Тақырыбы: "Абай шаңырағы" 2 сынып»

Пән: Әдебиеттік оқу

Орта мерзімді жоспар

Күні:

Сынып: 2 а-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Абай шаңырағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеумәдениетін сақтап,диалогке қатысу

2.2.1.2 – шығарманы іштей оқып , ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

2.3.2.1 – мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындай алады.Жазбаша жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өзбетінше жұмыс жасайды.Сұраққа жауап береді.Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Пәнералық байланыс

Музыка ,қазақ тілі

Әдіс -тәсілдер

Сұрақ –жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы 5 мин

Сәлеметсіңдер ме балалар?

Здравствуйте

Hello

Бағалау парақшасымен таныстыру.

Топтарға бөлу

  1. Топ «Табыс»

  2. Топ «Байлық»

  3. Топ «Бақыт»

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)


Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлерді алады.









«Аялы алақан»

Тренинг.

Жаңа білім

10 мин


Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

«Абай» сөзжұмбағын шештіре отырып, бүгінгі «Абай шаңырағы тақырыбымен таныстыру»

«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина слмақ ойынын ойнаймыз.Бұл ойынның ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрақтарыма жауап береді.



Сабақтың ортасы

Қолдану

Дәптермен жұмыс

Талдау

«Пирамида сатысы» әдісі







Жаттығудың сипаттамасы:

Әр топ алға шығып, өз пікірін айтып және тақырып бойынша пирамида сатыларының сұрақтарына жауап беріп, пирамида шыңына жету.

  • Балалар «Абай шаңырағы» мәтіні үш бөлімнен тұрады.

Әр бөлімді мұқият тыңда, түсініп оқимыз.Әр бөлімнің кейіпкерлеріне мән беріңдер.Бөлімдерге қалай ат қояр едіңдер?

Киіз үй.

Бұл бөлімде Күнжанның киіз үйдің уық, керегесінің кеткенін кеткен қайта жөндеткені және шебер әйелдерге шымшилерді тақыттырып, бауларын, таңғыштарын бітіруді тапсырғаны айтылған .Жаңадан жасалған бұйымдар да Абайдың ұнататын өрнек-өрнектермен көмкерілген.

Күнжанның қонақтары.

Бұл бөлімде Әуез, Кәрім,Кәкітай, Мекайіл , Закен секілді кейіпкерлер бар. Кәкітайдың Абай шаңырағын көріп таңғалып, разы болған сәттері бөлімінде анық айтылған .

Абай шаңырағы.Үшінші бөлімде Әуез бен Кәрім үй ішіндегі сәттерді бейнелеген. Әуездің киіз үйдегі Абайдың қаттап жиналған сүйек төсек, кітап шкабы мен үш ішекті домбырасын көріп көңілі босап кеткен сәті бейнеленген .Әуез Абайдың «Нағашы ,төрлетіңіз!»дегенн қоңыр дауысын естігендей болып қатты толқиды. «Абай шаңырағы» бұл мәтінде Абайды қайта тірілткендей.

«Тапқыр болсаң, тауып көр » бөлімі бойынша жұмбақтар шешіледі.

Көрсең, Алып тор жолды парақтай,

Жайсаң,

Қатарлап сызған жолақтай. /Кереге/

Қабырғасы тор көз,

Төбесінде зор көз /Кереге ; Шаңырақ/

Бір басы имек,

Бір басы үшкір сырық,

Қатар-қатар тұрып,

Күмбез сынды шеңберді,Көкке тіктеп көтерді. /Уық/

Ұқсайтын шеңберге,

Қабырғасы жиылып, керіледі.

Жиhазы мол кең бөлме,

Төбесінен жұджыздар көрінеді. /Киіз үй/

Тіреусіз күмбез,

Сырақсыз қабырға./Киіз үй/

Бір нәрсе өзі биік,іші қуыс,

Ол заттың сүйегі көп айқыш –ұйқыш.

Көзі бар жабырқаған төбесінде,

Жайса үлкен, жиналғандабір –ақ уыс. /Киіз үй/

*Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім?

*Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді?

Ол қай бөлімде айтылған айтылған?

*Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?

*Мәтіннің әр бөліміне ат қой.

*Абайдың үйінде болған заттарды сипаттап айтып бер.

Оқулық , қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі түсті маркерлер, «Пирамида сатысы» әдісі

Сергіту сәті

2 мин

Сергіту сәті "Күміс құмған-ай"

Оқушылар сергіту жаттығуын жасап сергіп қалады

Аяқталуы

Сабақты бекіту 10 минут


Графикалық органайзер:

«Балық қаңқасы диаграммасы»

Бағалау

5 мин

Кері байланыс

3 мин

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып,қоржындарға жапсырады

Үйге тапсырма: оқу ,дәптермен жұмыс


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Әдебиеттік оқу пәнінен ҚМЖ. Тақырыбы: "Абай шаңырағы" 2 сынып

Автор: Нурахметова Назым Турсынбековна

Дата: 04.05.2019

Номер свидетельства: 509115


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства