kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдебиеттік оқу, 2-сынып тақырыбы: "БЕЗКАТ"

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтінді түрлі эмоциямен жалғастырады;
  • мәтін бойынша ашық сұрақтар қойып, жауап бере алады;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы)  ажыратады;
  • мәтін бойынша ашық сұрақтар қойып, жауап бере алады;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдебиеттік оқу, 2-сынып тақырыбы: "БЕЗКАТ"»

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Дені саудың – жаны сау

Сынып: 2 А


Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп- лицейі

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А

Қатысқандар саны:30

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Бекзат. Қыдырбек Рысбекұлы

Оқу мақсаттары

2.1.1.1 - шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;

2.2.5.1 - мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтау;

2.3.4.1 - мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді, құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады;

Көпшілік оқушылар: мәтін бойынша ашық сұрақтар қойып, жауап бере алады, сабақ тақырыбына болжам жасайды;

Кейбір оқушылар: мәтіндегі пунктуациялық қателерді түзетіп жазады, түрлі дереккөздермен жұмыс жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • мәтінді түсініп оқиды;

  • мәтінді түрлі эмоциямен жалғастырады;

  • мәтін бойынша ашық сұрақтар қойып, жауап бере алады;

  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады;

  • мәтін бойынша ашық сұрақтар қойып, жауап бере алады;

  • мәтіндегі пунктуациялық қателерді түзетіп жазады.

Тірек сөздер

Чемпион, ұшқын, Сидней, раунд, қайсар, қазақ.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Өмір бойы білім алуды, ұқыптылықты насихаттау.

Пәнаралық байланыстар

Картадан Сидней, Түркестан қалаларын көрсете алуы дүниетану сабағымен байланысын көрсетеді. Тапсырмадағы пунктуациялық қателерді таба алуы қазақ тілімен байланысын көрсетеді.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, ұялы телефондар

Алдыңғы білімді игеру

Оқушылар 1-сыныпта «Дені саудың – жаны сау» бөлімінде бірнеше тақырыптарды қарастырған болатын. Оқушылар дәрумендер, тазалықты сақтау туралы біледі. Бар білімді белсенді ету оқушылардың топтық, жеке, жұптағы жұмыс арқылы жүзеге асырылады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1-7 минут

Ширату

(Ұ; МК)

Балалар –гүлім менің,

Балалар –күнім менің.

Балалар нұр сыйлайтын

Бүгінгі күнім менің.

Балалар сендерді өзіме қуат алар шуақты күнге теңеймін.

Тілекті қабылдай алу

Кеудемізде күн күлсін,

Бізге шуақ нұр құйсын.

Мейірімді жан өзіңмен,

Көңіліміз жайнап құлпырсын!

«Болжау» әдісі арқылы суреттерге қарап өз ойларын айтады, тақырыпқа болжам жасайды.

1-тапсырма

(МК; ОТ; ЖЖ) «Жаңалық ашамыз» әдісіне сүйеніп оқушыларға түрлі дереккөздер ұсынылады. Ғаламтордан Қазақстан боксшылары туралы мәліметпен танысады, ортаға жаңалығын ұсынады.

Саралау: Орындау барысында қарқын арқылы саралау. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі

Б: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Жұптарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын.

Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны

Бір тілек - жақсартуға болатыны















Бокс спортына байланысты слайдта суреттер


Ұялы телефон, жұлдыз

Сабақтың ортасы


8-22минут









































23-27 минут



























28-33 минут










2-тапсырма

(Ұ;МК) «Жариялау» әдісі арқылы жаңа сабақ мақсатын жариялау.

Ендеше бүгінгі сабақ барысында:

ТАНЫСАМЫЗ - Қазақтың Олимпиада чемпиондарының ішіндегі ең жасы – Бекзат Саттарханов жайлы мәтінмен және мәтінді жазған автормен;

БІЛЕМІЗ - Спорт әлеміне аққан жұлдыздай із тастап кеткен Бекзат Саттархановтың спорттағы жетістіктері туралы жазылған мәтіндегі оның жеңіске жету себептерін;

ҮЙРЕНЕМІЗ - әр сүйікті ісіңде табанды болуды, мақсатқа жетуді.

Автормен таныстыру және Бекзатты еске алу

Қыдырбек Рысбекұлы - 1962 жылы дүниеге келген. Ол қысқы спорт түрлерінен республикалық жоғары сынып шеберлігі мектебінің директор, белгілі спорт журналисті.

https://www.youtube.com/watch?reload=9&v=mrU_qQLXH0o бейнежазбаны тамашалап, жеңіске жеткеніне қуаныш сезіммен еске алу минуты

(МК; ОТ; Т; Ө) «Ой жалғау» әдісі мәтінмен жұмыс істеудің негіздері жүргізіледі. Мұғалім мәтінді жартылай оқиды, ары қарай

1-топқа - қайғылы

2-топқа – көңілді

3-топқа – юмормен

4-топқа - көркем оймен жалғастыруға, аяқтауға тапсырма беріледі. Жұмыс аяқталған кезде топ мүшелері белгі береді.

Әр оқушы өз бетінше шығарманы іштей саналы түрде түсін оқып шығады.

(МК; Ұ) «Шың» әдісіне сүйеніп оқушылар мәтінді 3 бөлікке бөледі. Әр бөлікке ат қой.

Басталуы

Дамуы

Аяқталуы

Саралау: Баланың тәжiрибесiне сүйене отырып, жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқылы берiлген тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағыттап, қызығушылықты оянады, шығармаларды салыстыру арқылы айырмашылықтарын анықтап, қорытынды жасайды.

Б: «Пантомимо» бокс қимылдарымен бағалау

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды


3 - тапсырма

(МК;ОТ;Ө) «Ынта үзілісі» минуты Сабақта қатыспай отыратын оқушыларды ортаға шығару.

Практикалық жұмыс

(мұғалімнің көмегімен пунктуациялық қателерді табу және түзету)

Дұрыс емес берілген мәтін:

Қазақстан Бекзат Есімі елімен бірге аталған Бекзат қандай бақытты Еліңнің Туы болдың деген осы Атаның ғана ұлы емес халқыңның ұлы болды деген осы шығар.


Дұрыс берілген мәтін:

«Қазақстан! Бекзат!» Есімі елімен бірге аталған Бекзат қандай бақытты! Еліңнің Туы болдың деген – осы. Атаның ғана ұлы емес, халқыңның ұлы болды деген осы шығар.

Б: «Ауызша мадақтау»

«Үздік жұмыс», «Осы бағытыңнан тайма!», «Мен сен үшін қуанамын!», «Достарыңның алдында жауап беруге үйрен»


4-тапсырма

(Ө; ОТ)

БиС технологиясының «Ауызша-1» тәсілімен «Білім минутын» өткізіледі.

Бекзат, чемпион, раунд, соққы, қолғап, бокс, Сидней.

7-6 сөз – үздік жұмыс

5-4 сөз- мен сенімен мақтанамын

3 сөзден төмен – көмек керек


Слайд, оқулық














































.

Параққа жазылған мәтін























Тірек сөздер

Сабақтың соңы

34-40 минут

Кері байланыс: «Үш көмекші» әдісі

Әр оқушы алдыларынан үш стикерден алады.

1.Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі (жабыстырады).

2.Екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына іледі (жабыстырады).

3.Үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі (жабыстырады).

«Чемпиондар» әнін шырқап сабақты аяқтау https://www.youtube.com/watch?v=DTGoAJLpdqQ

Жүрек, бас, қол суреттері

1-тапсырмада

Топта ой бөлісіп, ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келеді.Көмек қажет ететін оқушыларға қосымша уақыт беріледі

2-тапсырмада

Баланың тәжiрибесiне сүйене отырып, жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқылы берiлген тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағыттап, қызығушылықты ояту

3-тапсырмада

Екi нәрсенi, екi мәселенi қиылысқан екi шеңбердi сызбамен салыстыруға бағытталған, мағынаны тануға арналған

4-тапсырмада

Шығармадағы кейіпкерлердің алатын орны, маңыздылығына қарай орналастыру жұмысында барлық оқушыға бағытталған нұсқау бере отырып, не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.

Бағалау

«Бір- бірін бағалау» әдісі

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

Дескриптор

-мәтінді түсініп оқиды;

-мәтінді түрлі эмоциямен жалғастырады;

-мәтін бойынша ашық сұрақтар қойып, жауап бере алады;

-мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады;

-мәтін бойынша ашық сұрақтар қойып, жауап бере алады;

-мәтіндегі пунктуациялық қателерді түзетіп жазады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топ ережесін сақтау ескеріледі

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






  • мәтінді түсініп оқиды;

  • мәтінді түрлі эмоциямен жалғастырады;

  • мәтін бойынша ашық сұрақтар қойып, жауап бере алады;

  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады;

  • мәтін бойынша ашық сұрақтар қойып, жауап бере алады;

мәтіндегі пунктуациялық қателерді түзетіп жазады.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Әдебиеттік оқу, 2-сынып тақырыбы: "БЕЗКАТ"

Автор: Оразбекова Гульзира Алиакбаровна

Дата: 21.01.2020

Номер свидетельства: 536743


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства