Ізденуші, ұйымдастырушы Рефлесивті коррекциялау | Қәне балалар, көңіл – күйлерің қалай? Олай болса жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық. Қазір сауат ашу сабағы. Жылдың қай мезгілі? Қазір қай ай? Ауа райы қалай?
Біз сауат ашу сабағында көптеген әріптермен таныстық. Дыбыстар нешеге бөлінеді? ІІІ. Жаңа сабақ 1 – слайд. Жұмбақ шешу Бала біткен соғады, Жеңіл шарды домалақ Ұрсақ ұшып жоғары Ол не? Доп Тиіп кетсе ән салған Дауысына ел тамсанған Ол не? Домбыра (домбыра суреті) Балалар, доп, домбыра сөздері қандай дыбыстан басталып тұр? Доп, домбыра сөздерін буынға бөліп көрейік? Ал енді, д дыбысын дауыстап айтып көрейікші. Дыбысты созып айтып көрейікші, созып айтуға келе ме? Сонда Д дыбысы қандай дыбыс? Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз. Балалар көк текшелерін көтереді. Ойын: «Кім тез табады?» Д дыбысынан басталатын сөздер айту. 2-слайд. Топтастыру әдісі.
Д
IV. Сауат ашу дәптерімен жұмыс. Әуелі Д дыбысының баспа түрін ауада жазу Д қане, балалар қолымызды ручкамызды алып дәптерімізде Д дыбысның баспа түрін жазып үйренеміз. V. Сергіту сәті. Доп-домалақ доп ұстап, Домалатып көрейік. Диірмен боп ұн тартып, Дым қалдырмай елейік. VІ. Қорытындылау. «5 жол өлең құрау» әдісі. Не? – доп. Не істейміз? – домалайды, қозғалады. Қандай?- дөңгелек, жеңіл, әдемі. Сөйлем – балалар допты теуіп ойнайды. Мәндес сөз – ойыншық. Доп туралы тақпақты жаттап айту. Домала доп домала. Балшыққа тек жолама. Жек көремін оныңды. Бүлдіресің қолымды. VІІ. Бағалау. Мадақтау. VІІІ. Үйге тапсырма. Доп туралы жаттаған тақпақтарын естеріне түсіріп келу. Күтілетін нәтиже: Баланың білуі керек: Өткен дибыстары меңгеру, дыбыстарды ажырата білу. Баланың меңгеруі: Д дыбысын білу, атау. Өз бетімен және ұжымдық салаларда жұмыстану. Қолынан келуі тиіс: Д әрпіне сөз құрау, Д дыбысы бар сөздер айту, Д әрпін жаза білу. |
Қыс Қаңтар салқындау
Дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді
Д дыбысынан Доп, домбыра жоқ дауыссыз көк |