Білімділік О?ушыларды «То?ылда?» ?ле?імен таныстыру. О?ушылар?а дыбыс, ?ріп туралы т?сінік беру, дыбыс т?рлерімен таныстыру. Дыбыс пен ?ріпті? айырмашылы?ын ме?герту.
Дамытушылы?: Сауаттылы??а баулу, сауатты ж?не к?ркем жазу да?дыларын дамыту.
Білімділік Оқушыларды «Тоқылдақ» өлеңімен таныстыру. Оқушыларға дыбыс, әріп туралы түсінік беру, дыбыс түрлерімен таныстыру. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын меңгерту.
Дамытушылық: Сауаттылыққа баулу, сауатты және көркем жазу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қима қағаздар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
б) Ақ тілек- сабақты бір-біріне тілек айтудан бастау.
Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
Суреттер бойынша тақырыпты ашу: алма-ағашта өседі, тәтті, қызыл –жасыл болады, денсаулыққа пайдалы , әтеш, ешкі, оймақ, өркеш, ұшақ, үйрек, ыдыс, із, ит, уық, аю, қоян, монтер, электр. (оқушылар суреттерді болжайды,бір оқушы табады.)
Тақырыпты ашу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі. «Ыстық орындық»
Оқушылардың дыбыс туралы білімдерін пысықтау.
-Дыбыс деген не?
-Дыбыс түрлерін ата.
-Дыбыс пен әріптің ерекшелігі т.б.
Жаңа сабақ.
«Тоқылдақ» шығармасымен таныстыру.
Оқушыларға дыбыс, әріп туралы түсінік беру, дыбыс түрлерімен таныстыру.