Мақсаты | Дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетінін білдіру, олардың айтылу ерекшеліктерін байқату. Сөзге саналы түрде дыбыстық талдау жасай білуге төсілдіру, сауатты, көркем жазуды жетілдіру. Мәдениетті сөйлеуге, шыдамды болуға, іздемпаздыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндір, сто тех Сабақтың көрнекілігі: суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа назарын аудару, керекті құралдарын алдыру. |
Психологиялық ахуал | Мен бәріңе Денсаулық тілеймін! Мен бәріңе Қуаныш тілеймін! Мен бәріңе Мейірім тілеймін! Мен бәріңе шуақты күн тілеймін! Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту | Ереже сұрау. - Мен сендермен дыбыс туралы қаншалықты білетіндеріңді байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын. - Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай? Дыбысты айтамыз, естиміз. Әріпті жазамыз, көреміз. - Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? 42 әріп, 40 дыбыс. | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. |
Ой толғаныс | Дыбыс түрлері: Дауысты Дауыссыз Жуан Жіңішке Қатаң Ұяң Үнді Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда ауа 1) кедергіге ұшырайды 2) тосқауылдан өту кезінде, дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап етіп шығады 3) созып айтуға келмейді. Үнді: л, м, н, ң, р, й, (у) Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, Кі - тап, 5 дыбыс, 5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын К - дауыссыз, қатаң І - дауысты, жіңішке Т - дауыссыз, қатаң А - дауысты, жуан П - дауыссыз, қатаң |