Қазақ тілі. 2 сынып Күні: 29. 09. 14ж.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді болып бөлінуі
Сабақтың мақсаты:а/ балаларға дауыссыз дыбыстардың түрлері туралы
түсінік беру, дыбыстардың бөлінуін меңгерту,
дыбыстық талдау жасауға үйрету.
ә/ ұқыптылыққа, жинақылыққа, ширақтылыққа, таза
жаза білу дағдыларын қалыптастыру; сөздік қорын,
тіл байлықтарын дамыту;
б/ құстарға қамқорлық жасауға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелесу, баяндау
Сабақтың көрнекілігі:суреттер, кестелер, топшамалар
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
Күтілетін нәтиже: Дауыссыз дыбыстардың түрлері туралы түсінік алады,
дыбыстық талдау жасауға дағдыланады. Өз бетімен
жұмыстануға үйренеді, құстарға қамқор болуға бағыт
алады, әдемі , таза жазу дағдылары қалыптасады.
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Балаларды психологиялық сабаққа дайындау
Кел, балалар, күлейік,
Көңілденіп жүрейік.
Өмір деген жарыста,
Шаттан досым,қалыспа!
Сыңғыр-сыңғыр күлкіміз,
Жетіп жатсын ғарышқа.
ІІ.Өткен сабақты пысықтау.
Ереже жатқа айту, 6-жаттығу. 37 бет
ІІІ.Жаңа сабақ
жаттығу Құстардың атын көшіріп жазу.
Үлгі: Тырна, қырғауыл, бүркіт, бөдене, сұңқар, шүрегей, тауық, сауысқан.
Тапсырма: Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Осы құстардың қайсысы артық? Неліктен? (тауық, үй құстарына жатады).
Ережені меңгерту
Дауыссыз дыбыстардың түрлері |
Қатаң | Ұяң | Үнді |
к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ | б, в, г, ғ, д, ж, з | р, л, м, н, ң, й, у(бау) |
жаттығу. Мәтінмен жұмыс.
1/ Мәтінді түсініп оқу.
2/ Сұрақ – жауап
Ұя дегеніміз не? (құстың жұмыртқалап, балапан басатын орны)
Құстар нешеге бөлінеді? Қандай? (Екіге, үй құстары, жабайы құстар)
-
Қарға ұясын неден жасайды?(ұсақ бұтақтардан)
Ал қарлығаш ше? (саз, шөп – шаламнан)
Аққу қандай жерге ұя тұрғызбайды екен? (еш уақытта ыстық жерге)
Аққу қандай құс? (киелі)
Аққудың балапаны қалай аталады? (көгілдір)
Тапсырма: қарамен жазылған сөздерді тауып, бөлінуіне қарай топтап жазу.
Үлгі: Қатаң: т, п
Ұяң: б, ж, ғ, з, д
Үнді: л, н, р, й
3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу
Аққулар
Әй, аққулар, аққулар,
Күз алыс па, жуық па?
Неге қанат қақтыңдар,
Көлдің суы суық па? Несіпбек Айтов
Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Үлгі: Аққулар, ақ – қу – лар 3 буын, 7 әріп, 7 дыбыс
А – дауысты, жуан
Қ – дауыссыз, қатаң
Қ – дауыссыз, қатаң
А – дауысты, жуан
Л – дауыссыз, үнді
А – дауысты, жуан
Р – дауыссыз, үнді
- Күзде құстардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
- Жыл құстарын ата
- Аққулар жылы жаққа қашан кетеді? (ең соңғы ұшады)
- Аққулармен бірге қандай құстар ұшады? (сарышымшықтар)
Сергіту сәті:
- жаттығу. Мәтінді түсініп оқу
Қарамен жазылған сөздерде кездесетін дауыссыз дыбыстарды бөлінуіне қарай топтап жазу.
Қатаң: қ, ш, с, т, к
Ұяң: ғ, б, з, д, ж
Үнді: р, л, н,
Қарлығашқа байланысты тыйым сөзді айт.
Дидактикалық ойын.
«Үйін тап» ойыны: кеспе әріптерді үйлеріне( бөлінуіне қарай) топтау.
Қай қатар дұрыс, шапшаң орындаса сол топ жеңіске жетеді.
Қорытындылау: Дыбыс нешеге бөлінеді? - Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Рефлексия. «Егер саған ұнаса......» ойыны
Егер саған ұнаса саусақпенен тырсылдат,
Егер саған ұнаса шпалақта жараса.
Егер саған ұнаса аяғыңмен тарсылдат,
Егер саған ұнаса айтайықшы «ТАМАША»
Бағалау. Үйге тапсырма беру: Ереже, 5- жаттығу. 40 бет
|
Қатаң | Ұяң | Үнді |
к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ | б, в, г, ғ, д, ж, з | р, л, м, н, ң, й, у(бау) |
Дауыссыз дыбыстардың түрлері |
Қатаң | Ұяң | Үнді |
к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ | б, в, г, ғ, д, ж, з | р, л, м, н, ң, й, у(бау) |
Дауыссыз дыбыстардың түрлері |
Қатаң | Ұяң | Үнді |
к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ | б, в, г, ғ, д, ж, з | р, л, м, н, ң, й, у(бау) |
Дауыссыз дыбыстардың түрлері |
Қатаң | Ұяң | Үнді |
к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ | б, в, г, ғ, д, ж, з | р, л, м, н, ң, й, у(бау) |
| | |

Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Қатаң
Ұяң
Үнді
к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ
б, в, г, ғ, д, ж, з
р, л, м, н, ң,
, у(бау)
Дауыссыз дыбыстардың түрлері |
Қатаң | Ұяң | Үнді |
к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ | б, в, г, ғ, д, ж, з | р, л, м, н, ң, й, у(бау) |
Дауыссыз дыбыстардың
түрлері |
Қатаң | Ұяң | Үнді |
к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ | б, в, г, ғ, д, ж, з | р, л, м, н, ң, й, у(бау) |
| | |
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Қатаң
Ұяң
Үнді
к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ
б, в, г, ғ, д,
, з
р, л, м, н, ң, й, у(бау)