kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дара және күрделі сын есім \ворд\

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дара және күрделі сын есім туралы ашық сабақ өте пайдалы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дара және күрделі сын есім \ворд\»

Дара және күрделі сын есім



Сабақтың атауы: Дара және күрделі сын есім
Қазақ тілінен сабақ жоспары 4 сынып
Сілтеме: Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы: Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір - бірінен ажырата білуге үйрету;
Сабақ соңында оқушы:
• Сын есімнің қызметін түсінеді, түрлерін ажыратады;
• Мәтінмен жұмыс істейді;
• Өздерін бағалайды;
• Өздері қорытынды жасайды;
• Топпен, жұппен белсене жұмыс жасайды;

Сабақтың түрі: Аралас.
Көрнектілігі:
• Презентация
• Видеофильм, тест «іmektep. kz»
• аңдардың суреттері
• жеке, жұптық, топтық жұмысқа арналған карточкалар
• Бағалау парағы

Топқа бөлу 2 мин
Аңдардың суретіне байланысты топтау. Оқушылар сурет бөліктерін алып олардан аңның суретін құрап шығады ( аю суретін алған топ «Батылдар», түлкі суретін алған топ «Алғырлар», қоян суретін алған топ «Жүйріктер» болып бөлінеді).
Ынтымақтастық атмосферасы 2 мин
Біздің өміріміз қызыққа, бақытқа, шаттыққа толы. Ендеше өмірдің, мәнділігін, сәнін сипаттайтын біздің тілімізде бір сөз табы бар. Бүгінгі сабақта біз қай сөз табының біздің тілімізді мәнді де сәнді шұрайлы етеді?- деген сұрақтың жауабын табамыз.
- Бағалау парағына қараңдар. Бағанда сабақтың кезеңдері және орындалатын тапсырмалар жазылған. Бүгін сендер өз жұмыстарыңды өздерің бағалайсыңдар. Әр кезең сайын өздеріңе ұпай қойып отырып, сабақ соңында барлық жинаған ұпайлар арқылы баға қоятын боласыңдар. Сабақта ала алатын ұпайларыңның шекті саны кестеде көрсетілген:

Үй тапсырмасын сұрау 3 мин
Ширату 3 мин
Әуелі, балалар, өткен сабақты есімізге түсірейік. Ол үшін сәйкестендіру бойынша «Сыңарын тап ойынын ойнаймыз.
Дәптерді ашып бүгінгі күннің атын жазыңдар.
«Сыңарын тап» ойыны. (жұптық бағалау)
(Ащы – тәтті, жұмсақ - қатты, ауыр - жеңіл, жақсы – жаман, ұзын - қысқа)
Әрқайсысың өз жұптарыңа дәптерлеріңді тексеруге беріңдер.
Енді дұрыс жауапты қарайық. Жұптарыңның әр дұрыс жауабын 1 ұпаймен бағалап бағалау парағына қой.

Қызығушылықты ояту
Ойын « Аңды сипатта» (топтық бағалау)
- Құрастырған пазлдарыңа қараңдар. Не жетіспейді деп ойлайсыңдар? Балалар, мен сендердің сурет салғанды ұнататындарыңды жақсы білемін. Ендеше қазір сендер өздеріңді суретші сезініп, суреттеріңе жан бітіресіңдер. Ол үшін бояу емес, сөз қолданасыңдар, яғни құрастырған аңды алдарыңда жатқан стикерлерге жазып сипаттайсыңдар. (2 минут) Әр топ өз стикерлерін тақтаға іледі.
Кәне әр топтан өз жұмыстарын қорғауға кім келеді?
(топтар өз жұмыстарын қорғайды)
Енді бағалау парағымызға өз бағамызды береміз.
Ойын: Жүгірме диктант ( топтық бағалау)
(диктантты жазуға парақтар таратылады)
Енді әр топ басқа топтың сипаттау мәтінін жазады. Ол үшін әр топтан 2 баяндаушы және 2 жазушы сайланады. Өз тобына баяндаушы жеткізеді. Жазушы оны жазады.
Ойын: Кезбе микрофон
Енді әр топ өз жұмыстарын алып келеді. Одан кейін сипаттау мәтініне байланысты сұрақтар құрастырады. Құрған сұрақтарын басқа топтарға қойып жауап алады.
Қорытынды: Сын есім не үшін қолданылады? Заттың сапасын анықтау үшін, затты сипаттау үшін.
http://imektep. kz/dara - zhane - kurdeli - sin - esimder

Қорытынды жасайық, балалар бұдан не түюге болады? Сын есімнің қандай түрлерімен таныстық?

Қорытынды
Дара сын есім бір сөзден тұрады. Күрделі сын есім екі сөзден тұрады. Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер бөлек – бөлек жазылады.
Өздік жұмыс Мәтінмен жұмыс
Тақтадағы екі мәтінді салыстырып, картаны толтыру.
(1 - 2 оқушыға оқыту. Әр оқушы өзін бағалайды).




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Дара және күрделі сын есім \ворд\

Автор: Қалиева Гүлжан

Дата: 11.05.2017

Номер свидетельства: 414348


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства