Білімділік : Сан есімні? дара жіне к?рделі т?рлерімен таныстыру.К?рделі сын есімні? емілесін ме?герту, с?йлем ішіндегі дара , к?рделі сан есімдерді ажырата білу да?дыларын ?алыптастыру. ?ткен саба?тарда ал?ан білімдерін жа?а саба?пен байланыстыру.
Просмотр содержимого документа
«Дара ж?не к?рделі сан есім »
Сабақтың тақырыбы : Дара және күрделі сан есім
Сабақтың мақсаты мен міндеттері :
Білімділік : Сан есімнің дара жіне күрделі түрлерімен таныстыру.Күрделі сын есімнің емілесін меңгерту, сөйлем ішіндегі дара , күрделі сан есімдерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Өткен сабақтарда алған білімдерін жаңа сабақпен байланыстыру.
Дамытушылық : Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту .
Тәрбиелік : Байқампаз болуға , ұқыптылыққа тәрбиелеу.
А / «Шаттық шеңбері» Оқушылар бір – бірінің қолдарын алып жылы тілектер айтады.
ІІ . Үй тапсырмасын бекіту
5- жаттығу
Бір шымшым тұз , бір жайым қамыр , бір шөкім бұлт, бір салым ет, бір жұтым су , бір ауыз сөз .
Сан есім дегеніміз не ?
Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді ?
Ертегілер еліне саяхат « Логикалық тапсырма »
Баяғыда бір жарлы болыпты. Бала – шағасы көп екен. Мал дегенде жалғыз бір қазы болыпты. Ішерге асы болмай жалғыз қазын сойып жемекші болыпты. Сойлған қазды жейін десе , не тұзы не наны болмаған. Қазды ханға апарып береді. Сол кезде хан кедей жігіттің мырзалығына риза болып төрін ұсынады да, ал біздерге бөліп бер дейді.
Кедей сонда : Қаздың басын ханға беріп, «Сіз бассыз, елді басқарып отырсыз. Ал ханымға мойынды беремін бас қайда бұрылса мойында сонда бұрылады. Ал екі қыздарыңыз бойжетіп ұядан ұшып кетеді, сондықтан да қаздың екі қанатын қыздарға беремін. Сіздің ізбасарларыңыз екі ұлыңыз қаздың екі аяғын ұлдарыңызға беремін,» деген екен.
Келесі күні ауылдағы бір мырза ханға бес қаз әкеледі Сонда хан тұрып : Мына бес қазды бізге теңдей бөліп бер деген екен.
Жауабы : Қаз -5 , отбасы мүшелері - 6. Мырза қалай бөліп берген.
ІІІ. Жаңа сабақ
А) Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылықтарын ояту
Сөзжұмбақ
не
жә
күр
лі
сан
да
есім
ра
де
Түрлі – түсті жолақтар арқылы жоғарыдан төменге қарай жүзіп отырсаң , бүгінгі сабақтың тақырыбын оқи аласыз.
Дара және күрделі сан есім /мұғалімнің түсіндірмесі /
Дара сан есімдерге бір сөзден жасалған сөздер жатады.
Күрделі сан есімдерге екі немесе одонда көп сөз тіркесінен жасалады. Күрделі сан есімдер бөлек – бөлек жазылады.
А / Топшамамен жұмыс
Ә / Оқулықпен жұмыс
1 – жаттығу Сөйлемдерді оқы сан есімдерді теріп жаз.
Екі , үш , екі жүз , жиырма бес , он бес.
2 – жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жаз. Дара , күрделі сан есімдерді тап.
Киттің бір түрі – жолақ кит. Оның ұзындығы отыз үш метрге дейін дейін , салмағы елу тоннаға дейін жетеді. Оның жаңа туған баласының ұзындығы алты метрден асады.
4 – жаттығу Төменде берілген сан есімдерді дара, күрделі түріне топтап сөзбен жаз .
9 - тоғыз,588 – бес жүз сексен сегіз,45 – қырық бес,797 –жеті жүз тоқсан жеті ,25 – жиырма бес ,10 –он ,888 –сегіз жүз сексен сегіз,5 - бес
5 – жаттығу /интеративті тақта /
ІV . Қорытындылау
«Ребус» шеңберде берілген суреттерге емес, оның жазылуына қарап, ондағы әріптерді қысқартып, торкөзде жазылған сөзді тап !