kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дара ж?не к?рделі етістіктер 2 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

2класта ?ткізілген ашы? саба?, о?ушылар саба? барысында белсенді ж?мыс жасап, ?здерін к?рсете білді.Етістіктерді тауып дара ж?не к?рделі екенін ажырата білуге ?йретуге тырыстым.С?йлемдерден етістікті табу?а, етістікті? т?рлерін ажырата білуге, дара етістікті к?рделі етістікке айналдыру?а арнал?ан тапсырмаларды орындады.
О?ушыларды? зейінін,шы?армашылы? белсенділігін,тілін, с?здік ?орларын дамыту?а ?мтылдым.
О?ытуды? ?мірмен байланысын ны?айтып, шыдамдылы??а, бай?ампазды??а, ?йымшылды??а, ??ыптылы??а т?рбиелеуге тырыстым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дара ж?не к?рделі етістіктер 2 класс »

Тексерілді: Г.К.Сагиева

Пәні: қазақ тілі

Күні: 02. 03 .2015 жыл

Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер

Мақсаты: Етістіктерді тауып дара және күрделі екенін ажырата білуге үйрету.Сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге, дара етістікті күрделі етістікке айналдыруға арналған тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың зейінін,шығармашылық белсенділігін,тілін, сөздік қорларын дамыту.

Оқытудың өмірмен байланысын нығайту,шыдамдылыққа,байқампаздыққа, ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: алған білімді жетілдіру

Принциптері: бірізділік, жүйелелік, ғылымилық

Көрнекілігі: оқулық, суреттер,слаидтар

Әдісі: сұрақ-жауап,қорытындылау, ойындар,

Түрі: қайталау

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану

Сабақтың жоспары:

I. Бағдарлау мотивациялық кезең( 3минут)

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Психологиялық дайындық

3. Үй тапсырмасын тексеру (5минут)

4. Үй тапсырмасын бекіту. «Ыстық орындық»ойыны

II. Операциялық-орындау кезеңі (25 минут)

Ертегі желісі

Көркем жазу минуты

380- жаттығу

381- жаттығу

382-жаттығу

383-жаттығу

Сабақты қорытындылау

II. Рефлексиялық –бағалау кезеңі (10 минут)

Үйге тапсырма беру (1 минут)

Бағалау (1 минут)

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

Психологиялық дайындық.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Көршімізге қарап ап,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен,

Алға қадам аттаймыз!

-Балалар бізде қазір қандай сабақ?

- Қазақ тілі сабағы

-Қазақ тілі сабағында біз не үйренеміз?

-Сауатты жазуды, емлелік ережелерді, сөздердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін, сөйлем, сөз таптары туралы үйренеміз.

Олай болса барлығымыз үйренгенімізді ортаға салайық.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 379-жаттығу. Оқу, талдау.

Өткенді пысықтау «Ыстық орындық»ойыны

Шарты 1 минутта қанша сұраққа жауап беретінін тексеру

1.Сөйлем дегеніміз не?

2. Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?

3. Сөз таптарын ата?

4. Зат есім дегеніміз не?

5. Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не?

6. Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не?

7. Жалқы есім дегеніміз не?

8. Жалпы есім дегеніміз не?

9.Ақтөбе, Ырғыз, Данияр, Алманиязов зат есімнің қандай түріне жатады?

10.Етістік дегеніміз не?

11. Оқыды, жүгірді келді қандай етістікке жатады?

11.Күрделі етістікке мысал келтір.

12.

-II. Мақсат қою кезеңі:

-Иә балалар, бүгінгі сабағымызда өткенді пысықтау мақсатында ертегі тыңдап көрейік.

-Ерте, ерет, ертеде «Етістік»деген бір атай өмір сүріпті. Ол еңбекқор, көп қимылдағанды, іс-әрекет жасағанды ұнатады екен.Оның бірнеше балалары болыпты. Атай балаларымен саяхатқа шығып, тоғайда адасып қалыпты.

-Балалар,біздер атайға көмектесеміз бе?

-Ендеше оның балаларын дауыстап атайықшы

-Дара етістік және күрделі етістік.

Дара етістік дегеніміз не?

Мысал келтір.

-Күрделі етістік дегеніміз не?

-Мысал келтір.

-Ендеше дәптерімізді ашып, күннің жадын жазайық

Сабағымыздың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер.

Сабағымыздың мақсаты дара және күрделі етістіктерді ажырата білуге дағдылану.

Көркем жазу минуты

Дәптерімізді ашайық,

Салақтықтан қашайық,

Д әрпін асықпай,

Әдемі етіп жазайық!

-Енді балалар, оқулықтағы 380-жаттығуға қарайық.Жұмбақты шешіп ,көшіріп жазу.

Қыл кеңірдек батыр,

Тау көтеріп жатыр.

Кран

Етістіктерді тауып,қандай етістік екенін ажырату.

381- жаттығу. Ауызша орындалады.

382-жаттығу. Өз бетімен жұмыс. Сөзжұмбақты шешу. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру.

Арман гүлге су құйып жүр.





Сергіту сәті. Слаидтағы көрініс көрінген кезде мен зат есімдерді атаймын, оқушылар етістікті айтып отырады.

Мысалы: балық, су, кеме, ұшақ, қой, машина

383-жаттығу. Дара және күрделі етістіктерді салыстыру.мағыналық ерекшеліктерін түсіндіру.

Шығармашылық тапсырма

Мен оқушы .............

Жақсы оқу ...............

...................... соң мектепті,

Үлкен азамат ..................

Қорытындылау.

«Сақ бол, жаңылма!»ойыны Мен бір сөз айтамын. Сол сөзді өз тобына қосасыңдар.

Зат есім

Етістік

Оқыды, бала, кітап, жүзді, күліп отыр, болды, бара жатыр

Ән тыңдау, етістіктерді табу.

III. Рефлексиялық –бағалау кезеңі (10 минут)



Берілген әріптен басталатын етістік ойлау. Күрделі етістікке айналдыру

1-қатар: Т-терді, тоқыды

2-қатар: Б – бақырды, басты,

3-қатар: С-сезді, сипады

-Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызда Етістік атайға көмектесіп, дара және күрделі етістік деген балаларын тауып беруге барлығымыз атсалыстық. Олай болса, Етістік атайдың сіздерге әкелген сыйын қабыл алыңыздар деп оқушыларды бәйшешек гүлімен бағалау.

Үйге тапсырма 384-жаттығу

Бағалау














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Дара ж?не к?рделі етістіктер 2 класс

Автор: ?ожан С?уле Жанболат?ызы

Дата: 03.05.2015

Номер свидетельства: 207873


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства